Майқы би – тұңғыш би (Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би).
Мұхаммет Хайдар Дулати – қазақ халқының тұңғыш тарихшысы.
Шоқан (Мұхаммед-қанафия) Уәлиханов –қазақтан шыққан тұңғыш ғалым.
Дулат Бабатайұлы – кітабы баспадан шыққан ақын (1880 ж., Қазан қ. ).
Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин – тұңғыш қазақ мектебін ашты, алғашқы ұстаз, оқулық авторы.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы – жазба әдебиетінің негізін салушы. Қазақ халқының данышпаны, кемеңгер ойшыл.
Ахмет Байтұрсынов – қазақ әліппесін (төте жазу) жасаушы, қазақ тіл білімі, алфавиті, баспасөзі және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы, алғашқы оқу құралын жазған.
Міржақып Дулатов – қазақ тіліндегі тұңғыш романның авторы («Бақытсыз Жамал» романы, Қазан, 1910 ж. )
Мұхтар Әуезов – данышпан ақын А. Құнанбайұлы өмірінен тұңғыш энциклопедиялық эпопея («Абай жолы») жазған ұлы суреткер, әдебиет саласында тұңғыш Лениндік сыйлық алған (1959)