Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»


IV. Көркем әдебиеттегі образ түрлері



бет227/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   245
Байланысты:
дебиет туралы жалпы т сінік дебиет – араб с зі, ол « лгілі с з

IV. Көркем әдебиеттегі образ түрлері:

Романтикалық образ – әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі (Желаяқ, Көреген, Саққұлақ, Таусоғар, Алдар көсе, Алпамыс).

Реалистік образ – әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі (Т. Ахановтың «Боран» романындағы Қоспан образы).

Эпикалық образ – кескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип (Құнанбай, М. Әуезовтың «Абай жолы» романы).

Лирикалық образ – өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі, оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл-күйінің нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер.

Драмалық образ – сахнада көзбе-көз, қолма-қол жасалатын бейне.

Юморлық образ – күлкілі кейіпкер; юмор өміріндегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сәулесі (Олжабек, Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» романы).

Сатиралық образ – ұнамсыз тип.

Фантастикалық образ – қиялдан туған қаһарман, адамның ақиқатқа ұқсас арманында бедерленген бейне (Ер Төстік, «Ер Төстік» ертегісі).



Трагедиялық образ – халықтың алыс арманы, алдағы бақыты жолындағы күрестің құрбаны (Төлеген, «Қыз Жібек» жыры).

Геройлық образ – ұнамды кейіпкер: адамға тән небір тамаша сипаттардың синтезі секілді сом тұлға, өз дәуірінің аяулы, асыл мұраттарынан туған тарихи тип.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет