8 қаңтарда Торғайда Ыбырайдың мектебі ашылды. Бастапқыда он төрт бала қабылданады.
1876
Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың оқу-ағарту саласын зерттеп, орыс ағартушыларының еңбектерін оқиды. Сол негізінде қазақ тілінде оқу құралын жазбақ болып, 1876 жылы «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. Ол 1879 жылы Орынбордаорыс әліпбиі негізінде басылады. 1906 жылы А. Васильевтің редакциясымен жарық көрді. Кеңес жылдарында жеке кітап боп 1935, 1948, 1955 ж.ж. басылды.
1879
Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол еуропалық үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады.
1879–1883
Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады
1981
Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебін ашты.
1883
Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды.
1883
«Мұсылмандық тұтқасы» оқу құралы Қазан қаласында араб әрпімен басылды.
1887
Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастырды.
1881
Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер даярлайтын мектеп ашады.