Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет92/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   245
Байланысты:
дебиет туралы жалпы т сінік дебиет – араб с зі, ол « лгілі с з

НҰРЖАН НАУШАБАЕВ

(1859–1919)



Туған жері: қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Құттық аулы.

Анасынан сәби кезінде айырылып, нағашысының қолында тәрбиеленеді. Әжесі Ағайша азан шақырып қойған аты Нұрмұхамбетті атамай, Нұржан деп еркелеткен екен. Ақын өзі де ел арасына Нұржан деген атпен танымал болды. Жасында мұсылманша оқып, білім алған. Троицк қаласындағы З.Расулов медресесінде оқыған.

Парсы, араб, татар, башқұрт тілдеріне жетік болған. Өлең-жырды жасынан серік еткен. Ол туралы:

Руым – Қыпшақ, тайпам – Құттық, таңбам – Әліп,

Өлеңді бала жастан еттім қалып, – дейді.

Н.Наушабаевтың шығармалары ХХ ғасырдың басында Қазан қаласында жинақ ретінде бірнеше рет басылған. Олар:

«Манзұмат қазақия» кітабы (1903)

«Жұмбақ айтысы» кітабы (Нұржан-Сапарғали айтысы негізінде, 1903)

«Алаш» кітабы (1910)

Нұржан назым, терме, тақпақ т.б. жанрларда елеулі еңбек еткен. Өлеңдеріне тақырып қоймай, бірінші назым, екінші назым деп атаған.

Нұржан «Назымдары» – дарынды ақынның өзіндік ізденістері. Шығармашылығының өнбойына діндарлық арқау болған. Көбіне «заман азды» деген ойды өзек етіп, соның мән-мағынасын ұғынуға ұмтылады.

«Манзұмат қазақия» атты кітабында қазақтың шығу тегі туралы ел аузындағы аңыздарды кейінгі діни шежіремен өзектес алып, қайшылыққа ұрынады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет