Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет126/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   245
Байланысты:
дебиет туралы жалпы т сінік дебиет – араб с зі, ол « лгілі с з

«Сүйемін» өлеңінен үзінді

Алаш деген елім бар,

Неге екенін білмеймін –

Сол елімді сүйемін!..

Сарыарқа деген жерім бар

Неге екенін білмеймін –

Сол Арқамды сүйемін!
«Сасықкөліне» өлеңінен үзінді

Итініп қара шекпен келіп қонса,

Басыңнан құсың ұшып кетер сенің.
«Туған жер» өлеңінен үзінді

Жаралдым топырағыңнан, сен – түбім,

Жалған жоқ, бәрі сенен жаны-тәнім.

Сенен басқа жерде мәңгі қараңғы,

Жарық болар Шолпан, Айым, сен – Күнім.
«Түркістан» өлеңінен үзінді

Түркістан – екі дүние есігі ғой,

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған

Түріктің тәңірі берген несібі ғой.
Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?

Түрікке адамзатта ел жеткен бе?

Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял,

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?!


М. Әуезов: «Мен Мағжанды сүйемін. Оның Еуропалығын, әшекейін сүйемін».

Ж. Аймауытов: «Қайткенде де Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзінде «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін». Үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Қай өлеңін оқысаңыз да, әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде оятқызады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді...»


С.Құдаш: «Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқыған кезде, сондағы профессорлардың бірі Мағжанды «Қырғыздың (қазақтың) Пушкині» деуші еді».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет