Арқада жер жетпейді Бурабайға,
Бөленген бұйра сыпсың қарағайға.
Бұлт құшкан мәңгі мең-зең Көкшетауға
Бөлектау: «Ой, бауырым!» – дер анадайда.
1923–1926
|
Москва, В. Брюсов атындағы жоғары әдебиет институтында оқыды.
|
1923
|
Ташкентте шыққан жыр жинағы талқыға түсіп, ақынды жаңа құрылысқа «уралап айғайламады», кедей сөзін сөйлемеді деп айыптап, ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Онымен қоймай, Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарып жүрген Мағжанды қаскүнемдер «Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны үшін айыптап, 10 жылға айдауға кесті.
|
1929
|
Тұтқындалды, Карелияға жер аударылады.
|
1936
|
М.Горький мен Е.Пешкованың көмегімен босап келеді.
|
19.03.
1938
|
Атылды. Өзі ғана емес, ағалары: Мүсілім, Қаһарман, інісі Мұқамеджан да репрессияға ұшырады. Әкесі Бекен 1934 жылы, анасы Гүлсім 1943 жылы қуғында өледі.
|
4.11.
1988
|
Қазақ ССР Жоғарғы Соты М.Жұмабаевты қылмысы жоқ деп ақтап шықты.
|
Еңбектері:
«Шолпан» өлеңдер кітабы (Қазан, 1912).
«Өлеңдер жинағы» кітабы (Қазан, 1922).
«Мағжан өлеңдері» кітабы (Ташкент, 1923).
«Педагогика» (1923).
«Батыр Баян» поэмасы (Бұл поэманы 1923 жылы 30 жасында Ташкенттегі М.Әуезовтің үйінде бір түнде жазып шығады. ).
«Қойлыбайдың қобызы» поэмасы («Еңбекші қазақ» газеті, 1927).
«Қорқыт» поэмасы.
Өлеңдері:
«З-ға», «Р-ға», «Махаббат не?»
|
Махаббат жайлы
|
«Сүйемін», «Анама», «Есімде... тек таң атсын», «Орал», «Орал тауы» т.б.
|
Еліне деген сүйіспеншілігі
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |