Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет146/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   245
«Бүркітші» т.б.
Пьесалары:

«Еңлік-Кебек» (1922, Орынбор)

«Қарагөз» (1926)

«Октябрь үшін» (1933)

«Айман – Шолпан» (1934, 1956)

«Қарақыпшақ Қобыланды»

«Бекет»

«Түнгі сарын» (1934)

«Тартыс» (1934)

«Тастүлек» (1935)



«Алма бағында» (1937, студент жастар тұрмысын суреттейді)

«Шекарада» (1938)

«Абай» (1939)

«Бәйбіше–тоқал» (ескі ауылдағы келісімге келмес күндестік кесапаты байқалатын шығарма)
Повестері:

«Қараш-қараш оқиғасы» (1927)

«Қилы заман» (1928)


Аудармалары:

Шекспир «Отелло», «Асауға тұсау»

Гоголь «Ревизор»

Погодин «Ақсүйектер»

Тренев «Любов Яровая»

Тургенов «Дворян ұясы»


«Қараш-қараш оқиғасы»

Бақтығұл – негізгі кейіпкер.

Тектіғұл – Бақтығұлдың інісі.

Қатша – Бақтығұлдың әйелі.

Сәлмен – ағайынды екі жігіт жалданып жұмыс істеген байдың аты.

Жарасбай – Шалқардың болысы.

Жұматай, Сейіт, Бәтима – Бақтығұлдың балалары.

Ескі қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздік туралы. Повестің жазылуына негіз болған – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың әкесі – Рысқұл басынан өткен оқиға.



Әңгіме «...Алпамсадай арысым едің... Қаңбақтай жеп-жеңіл боп қаусап қалғаның-ау!» - деп, ауру інісін төсектен көтеріп алатын балуан денелі жігіттің күйінуімен басталады.

Зорлықшыл ел жуандары – Сәлмен мен Жарасбайдан қорлық көрген ағайынды Бақтығұл мен Тектіғұлдың азапты тағдыры айтылады. Тектіғұл Сәлменнің әділетсіз, аяусыз жазасына жазықсыз ұшырап, мерт болады, ал Бақтығұл жоқшылық пен жамандықтың екі жақты қыспағына түсіп, адамдық намысы үшін күресіп, өзін ашындырған Жарасбай болысты өлтіріп, түрмеге қамалады.



Әңгіме былай аяқталады: «Оқуға ұғымды, ерекше талапты момын қара бала болашақ заманның белгісіз бір жарығына осы абақты ішінде сенген көңілмен күн санап ер жетіп келе жатты».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет