Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет152/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   245
«Өмір мектебі» трилогиясы – оның шығармашылық өмірін қамтыған өмірбаяндық (автобиографиялық) роман.

«Есіл бойында» романында («Өмір мектебінен») әрі сұлу, әрі ақын, әрі сазгер Ұлпа қыз бен оның ғашық болған жігіті – Мұратбек жайлы айтылады.

«Сырдария» романы Қызылорда күрішшілері, еңбек адамдары, еңбексүйгіш жастар жайлы.

«Аққан жұлдыз» романының екі кітабы –Ш.Уалиханов туралы зерттеу еңбектерге, фактілерге негізделіп, Шоқан болған жерлерге саяхаттар жасау нәтижесінде өмірге келген шығарма.

Осы тақырыпта «Ш.Уалиханов», «Қашқар қызы» деген пьесалар жазды.



«Шоқпыттың шаруасы» өлеңінде қазақ аулы кедейлерінің типтік бейнесі суреттелген.

Лирикалық өлеңдерінің кейіпкері – еңбекші халық.

2 рет Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрметті белгісі» ордендерімен марапатталды.


С.Мұқанов туралы пікірлер

М.Әуезов: «Қазақ әдебиетінің аға жазушысы Сәбиттің аты – қазақ оқушысының мол қауымына өте даңқты, анық қымбат аттың бірі».

Ғ.Мүсірепов: «Жазушы Сәбит Мұқановтың қаламынан туған еңбектер өз алдына бір энциклопедия».

М.Қаратаев: «С. Мұқанов толық мағынасында халық жазушысы еді».

Р.Ғамзатов: «Біздің әдебиетіміздің Эльбрустарының бірі».

С.Құдаш: «Шын мағынасында үлгі-өнеге тұтатын кең құлашты жазушы».

Ш.Айтматов: «Сәбит аға – жас ұлттық әдебиетіміздің негізін салушы аға буын өкілі. Достықтың жыршысы бола білген қазақ халқының ұлы Сәбит Мұқанов, әрбір қырғыз аулына белгілі және сүйікті еді. Оның образы, оның еңбегі ешқашан ұмытылмасына мен сенемін».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет