Қызметі: Қазақстанның халық қаһарманы, жазушы, партизан, полковник.
Кедей шаруа отбасында туған.
1935
17 жасында Өскемен саяси-ағарту техникумын жұбайы Асыл екеуі бірге бітіріп, 1937 жылы отауя құрған.
1938
Павлодар облыстық оқу бөлімінде инспектор болып қызмет істеген.
1940-1941
Арнаулы әскери дайындық мектебінен өткеннен кейін оңтүстік-батыс майданының штабына жіберіледі.
1941
Жау қолында қалған Украина жерін азат етуге жіберілді. Партизан қозғалысының алғашқы жетекшілері ретінде Закарпатья, Молдавия, Румыния, Чехословакия жерін неміс басқыншыларынан азат етуге қатысып, көптеген күрделі операцияларды жүзеге асырды.
Жазушы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері үшін Ұлы Отан соғысының бірінші дәрежелі орденімен, Богдан Хмельницкий орденімен және көптеген медальдармен марапатталды.