Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет23/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   245
Байланысты:
дебиет туралы жалпы т сінік дебиет – араб с зі, ол « лгілі с з

АЛЫП-ЕР ТҰҢҒА

(б.з.д. VII ғ.)

Ежелгі дәуірде өмір сүрген түрік көсемі. Фирдоусидің «Шахнама» кітабында (XI ғ.) Алып-Ер Тұңға – Тұранның патшасы Афрасияп болып суреттеледі.

Ол қайтыс болғанда, артында қалған елі жоқтау шығарған. Бұл жоқтау ежелгі түркі әдебиеті мен фольклорының алғашқы нұсқаларының бірі болып саналады. М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» атты кітабына енген. Жоқтауда түркі елінің оның қазасына қайғырып, бөрідей ұлып, жағасын жыртып жылағаны айтылады.

Бөрідей жұрт ұлысып,

Айқаймен жаға жыртысып,

Өкірген үнін өшіртіп,

Жылаған көзден жас өрер.
ҚОРҚЫТ АТА

(VIII-IX ғ.)

Туған, өмір сүрген жері: Сыр бойындағы Жанкент қаласы (Қазіргі Қызылорда облысы) мен Сарыарқа алабы.

Қызметі: қобыз атасы, күйші, композитор, жыршы, ақын, музыкант, қазақтың алғашқы ақыны (Ш.Уәлиханов).

Оғыз мемлекетінде билік құрған оғыз тайпасынан шыққан. Оғыздардың ақылшысы, данышпан сәуегейі болған. Өмірі жайлы нақты деректер жоқ. Ол туралы көптеген аңыздар жеткен.

Қорқыт атаға арналып 1980 жылы Қызылорда облысының Қармақшы стансасынан 18 км жерде, Қорқыт разъезінің түбінде архитектуралық ескерткіш орнатылды. Авторлары – сәулетші Б. А. Ыбыраев, физика ғалымы С.И.Исатаев.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет