ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ
(870–950)
Туған жері: Отырар қаласы
Бұхар мен Шашта, Бағдатта білім алған. Өмірінің соңғы жылдарын Дамаскіде өткізді.
Қызметі: энциклопедист ғалым, ақын, әдебиетші. «Шығыстың Аристотелі».
16 жасында оқу іздеп, Бағдатқа барады. Араб, парсы, грек тілдерін үйренеді. Күндіз бағбан болып, түнде ғылыммен айналысады.
Ғылымның көптеген салаларын меңгеріп, 150-ге тарта ғылыми еңбектер жазды. Музыка, математика, логика, философия, астрономия, әдебиеттану ғылымдарымен шұғылданған. «Музыканың үлкен кітабы» еңбегінде сол кездегі түркілердің музыкалық аспабы болған тоғыз ішекті домбыраның құрылысын сипаттаған.
Еңбектері:
«Ғылымдар энциклопедиясы»
«Ғылымдардың шығуы»
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы» (ізгілікті мемлекетті сипаттайды)
«Өлең өнерінің қағидалары» (ақындарды үшке бөліп, поэзияны қыр-сыры туралы айтады)
«Жұлдыз бойынша болжаулар»
«Ваккум туралы трактат»
«Риторика»
«Поэзия өнерi туралы»
Достарыңызбен бөлісу: |