Əдебиетші ғалым Қ. Жұмалиев «Айман Шолпан» жырының оқиғасы Исатай мен


Театрға Мұхтар Әуезовтің есімі қашан берілді?



бет4/5
Дата06.09.2022
өлшемі42,64 Kb.
#38517
1   2   3   4   5
Театрға Мұхтар Әуезовтің есімі қашан берілді?
1961 жылы 10 тамызда Қазақ КСР министрлер кеңесінің қаулысымен қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Әуезовтің есімі берілді.
Халық қаһарманы атағын иеленген Әзірбайжан Мәмбетов 40 жылға жуық уақыт Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында көркемдік жетекші болып жұмыс істеді. Ол өнер ордасында сахналаған "Ана-Жер-ана", "Қан мен тер", "Қарагөз", "Қара қыпшақ Қобыланды", "Абай", "Қозы Көрпеш-Баня сұлу", "Менің сүйікті ағатайым", "Көктөбедегі кездесу", "Біз періште емеспіз", "Кориолан", "Эдип патша" сынды спектакльдері ұлттық режиссураға жаңа серпін әкелді.
Театр тек Қазақстанда өнер көрсетіп қоймай, шетелге де гастрольдік сапармен барды. Олар — Франция, Иран елдері мен Ташкент, Бішкек, Нүкіс, Уфа, Қазан, Мәскеу қалалары. Ал 1981 жылы театр қазіргі ғимаратына көшті.
1988-1992 жылдары аралығында өнер ордасының репертуары "Кориолан", "Эдип патша", "Медея", "Генуядағы қастандығы" және "Ақымақ болған басым-ай" сынды қойылымдармен толықты.
Театр иеленген жүлделер мен марапаттар
1946 жылы театрдың құрылғанына 20 жыл толуына орай "Еңбек Қызыл Ту" орденімен марапатталды. 1952 жылы "Абай" қойылымы үшін КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді. Аталған туындының режиссері — Шәкен Айманов болды.
1970 жылы театр "Ленин 18 жылы" спектаклі үшін Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығын иеленді. 1974 жылы "Қан мен тер" спектаклі үшін қара шаңыраққа КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді. 1976 жылы театр "Халықтар достығы" орденімен марапатталды және "Құлыным менің" спектаклі үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. 1988 жылы театр Қазақстан мен Орта Азия театрларының Алматыда өткен халықаралық І "Наурыз" фестивалінде "Біз періште емеспіз" спектаклімен жүлдегер атанды.
1991 жылы Қазақстан мен Орта Азия театрларының Ташкентте өткен ІY халықаралық "Наурыз" фестивалінде де жүлде алды. Мұнымен қатар, осы жылы "Үзілген бесік жыры" спектаклі үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. 1996 жылы Мысырда өткен халықаралық экспериментальды театрлар фестивалінен "Абылайханның ақырғы күндері" қойылымының арқасында жүлдемен оралды.
1999 жылы түркі елдері театрларының Уфада "Туғанлық" ІІ халықаралық, 2000 жылы Германияда өткен "Жібек жолы" халықаралық фестиваліне, 2007 жылы Тәжікстанда өткен халықаралық фестивальге, 2008 жылы Қазақстан және Орталық Азия театрларының халықаралық фестиваліне "Сұлу мен суретші" спектаклімен қатысып, бас жүлдені жеңіп алды.

Бұдан өзге 2009 жылы Кореяда өткен "Ұлы Жібек жолы" халықаралық фестиваліне, 2010 жылы Түркияның Конья қаласында өткен, 2011 жылы Түркиядағы халықаралық фестивальге қатысып, көрсеткен қойылымдар сыншылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.


2012 жылы Дулат Исабеков драматургиясы бойынша өткен 1 халықаралық фестивальге "Жаужүрек" спектаклімен қатысып, арнайы жүлдені қанжығасына байлады. 2014 жылы Беларусь елінің Брест қаласында өткен "Белая Вежа" халықаралық фестиваліне "Бейбарыс сұлтан" спектаклін ағылшын тілінде ойнап, жүлделі оралды. 2015 жылы Түркияның Конья қаласыда өткен ҮІІІ "Мың тыныс және бір дауыс" атты түркі халықтары театр фестивалінде "Сұлтан Бейбарыс" спектаклімен табысты өнер көрсетті.
2015 жылы Ресей, Татарстан астанасы Қазан қаласында өткен халықаралық "Наурыз" түркі халықтары фестивалінде "Қорқыттың көрі" спектаклін көрсетіп, театр өнері жоғары баға алды. Сондай-ақ, осы жылы Қырғызстанның "Арт-Ордо" халықаралық фестивалінде "Қас-қағым" қойылымымен бас жүлдені иеленді. Театрдың табысты күндері өз жалғасын тауып, қараша айында Атырау қаласында өткен Рақымжан Отарбаев атындағы халықаралық театр фестивалінде "Сұлтан Бейбарыс" спектаклі үшін бас жүлдені жеңіп алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет