Əдебиетші ғалым Қ. Жұмалиев «Айман Шолпан» жырының оқиғасы Исатай мен



бет3/5
Дата06.09.2022
өлшемі42,64 Kb.
#38517
1   2   3   4   5
Байланысты:
арт білім

Театрдың негізін кімдер қалады?
Алғаш сахнасында Қошмұхамбет Кемеңгерұлының "Алтын сақина" және Мұхтар Әуезовтің "Еңлік-Кебек" пьесасынан үзінді көрсетілді. Театрдың құрылып, жұмысының алға жүруіне Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Қапан Бадыров, Құрманбек Жандарбеков, ақын Иса Байзақов, әнші Әміре Қашаубаев, палуан Қажымұқан Мұңайтпасов көмектесті.

Алғашқы режиссерлері — Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин және Қалибек Қуанышбаев болды. Қазақ әдебиетінің шырағы сөнбей, келешек ұрпаққа мұра болсын деген ниетпен театр өміріне Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Жұмат Шанин және Орынбек Беков белсене араласты. Театрдағы шығармашылық-шаруашылық ұйымдастыру жұмыстарын алғашқы директор Дінмұхаммед Әділов реттеп отырды.


Мұнымен қатар, 1926 жылдың 5 қазанында театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болған Жұмат Шаниннің де өзіндік орны бар.
1928 жылы театр қазіргі оңтүстік астана Алматы қаласына қоныс аударды. Араға екі жыл салып ұжымға Қанабек Байсейітов, Шара Жиенқұлова, Манарбек Ержанов, Жүсіпбек Елебеков, Сейфолла Телғараев, Әбікен Хасенов, Қалкен Әділшінов, Жағда Өгізбаев, Атайбек Жолымбетов, Рабиға Есімжанова, Рахия Қойшыбаева, Шәкен Айманов, Сәбира Мұқанова және т.б.-лар қосылды. 1932-1938 жылдары Мұхтар Әуезов театрда әдебиет бөлімінің жетекшісі болды. Театрға арнап көркем пьесалар ғана жазып қоймай, әлемдік драматургиядағы көптеген шығарманы қазақ тіліне аударды.


Театрда қандай қойылымдар көрсетілді?
Ұлттық драматургияны дамыту мақсатында Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Әбділда Тәжібаев пьесалары сахналанды. Мұнымен қатар, Максим Горький, Николай Гоголь, Александр Островский, Карло Гольдони сынды авторлардың туындылары көрерменге жаңа кейіпте жол тартты.
1933-34 жылдары театрдан музыкалық студия бөлініп шықты. Осы орайда, ұжымда әншілік қыры басым әртістер сол студияға ауысты. Бүгінгі таңда Абай атындағы опера-балет театры, республикалық Жамбыл атындағы филармония және "Қазақконцерт" осы қара шаңырақтан бөлініп шыққан әртістерден құрылған.
1936 жылы Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігіне барып қатысты. Орыс көрермендер назарына "Қыз Жібек" пен "Жалбыр" қойылымдары ұсынылды. Араға бір жыл салып театрға академиялық атағы берілді.
Ұлы Отан соғысы басталғанда театрдың бірнеше актері майданға аттанып, майдан шептерінде өнер көрсетті.
1956 жылы Сәбит Мұқановтың "Шоқан Уәлиханов", 1957 жылы Мұхтар Әуезовтің "Еңлік-Кебек" пен Сәбит Мұқановтың "Майра" пьесасы қойылды. Бұдан өзге алғаш рет комедия жанрындағы Қуандық Шаңғытбаевтың "Беу, қыздар-ай!", Қанабек Бәйсейітовтің "Ой, жігіттер-ай!", "Бөлтірік бөрік астында", "Құдағи келіпті" қойылымдар көрерменге жол тартты. Осы уақытта негізінен Тахауи Ахтанов, Әкім Тарази, Қалихан Ысқақ, Сәкен Жүнісов, Оралхан Бөкей, Дулат Исабеков сынды авторлардың пьесалары сахналанды.
1958 жылы театр тағы да Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігіне қатысып, "Жалғыз ағаш орман емес", "Асауға-Тұсау", "Ақын трагедиясы", "Еңлік-Кебек" және "Шоқан Уәлиханов" сынды қойылымдарды қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет