Әдебиеттер: 1,3,5,7,9, 10, 12,14,17,20, 21, 22, 23, 24, 25.
9. Семинар сабақтардың жоспары:
№1 семинарлық сабақ тақырыбы:
Сөз өнері туралы түсінік. Әдебиеттану ғылымының негізгі мәселелері. Ұлттық әдебиеттану ғылымының қалыптасу тарихы. Әдебиеттану ғылымының салалары.
Сұрақтар:
1. Сөз өнері туралы түсінік.
2. Пәннің мақсаты мен міндеттері.
3. Әдебиеттану ғылымының салалары
4. А.Байтұрсынов сөз өнері туралы?
Тапсырмалар: Сөз өнерінің теориялық мәселелерін саралау. Көркем шығарманың ұлттық, адамзаттық маңызын қарастыру. Аталған мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап беру, саралау, зерделеу. Қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері.
Әдебиеттер: 1,3,4,7,9, 10, 12,14,17,20, 21, 22, 23, 24, 25.
Әдістемелік нұсқаулар: Қойылған сұрақтарға жауап беру үшін тізімдегі әдебиеттерді пайдаланыңыз. Тақырыптар бойынша берілген сұрақтарды талдап, тапсырмада берілген жұмысты орындаңыз. Әрбір тақырыптардың өзектілігін түсіндіріңіз. Бүгінгі
әдебиет теориясы мәселелерімен тығыз байланыста алып, қарастырыңыз.
№2 семинарлық сабақ тақырыбы: Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі. Әдебиеттің халықтығы мен ұлттық сипаты туралы ұғым.
Сұрақтар:
1. Әдебиеттің өнер ретіндегі өзіндік ерекшелігі.
2. Әдебиеттің халықтығының өлшемдері.
3. Әдебиеттің халықтығы және ұлттық сипаты.
Тапсырмалар; Әдебиеттің халықтығы, халықтықтың өлшемдері. Туралы сұрақтарға жауап бересіз. Сонымен қатар, ХІХ ғасырдағы орыс ойшылдары Белинский, Дорболюбов т.б осы мәселеге қатысты ой-пікірлерін қарастырасыз.
Әдебиеттер: 1,2,4,7, 11, 12, 14, 21, 22, 23, 24, 25.
Әдістемелік нұсқаулар: Бүгінгі таңдағы осы тақырыптың ғылыми өзектілігін қарастырыңыз. Әдебиеттің халықтығын теориялық тұрғыдан зерттеу бағытын ғылыми негіздеудегі өзектілігіне тоқталыңыз.
№3 семинарлық сабақ тақырыбы: Әдебиеттану – сөз өнері жайлы ғылым.
Достарыңызбен бөлісу: |