Әдебиеттануға кіріспе



Pdf көрінісі
бет39/50
Дата19.11.2022
өлшемі1,3 Mb.
#51227
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50
Романтизм – ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың алғашқы 
жартысында пайда болған. (роман деген сөзден шыққан, яғни түпкі мағынасы 
өмірді кітаптағыдай, ой-қиялмен ұштастырып суреттеу) - әдебиеттегі, көркем 
өнердегі өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек алып, көтере суреттейтін 
көркемдік әдіс. Романтизмнің өзіне тән ерекшеліктері көп: суреттеулер 
шындық қиялға негізделеді, қияли шындықтың өзі осы шақтыкі емес, не өткен, 
не келер шақтікі; шығарманың идеялық-көркемдік арқауында асқақ арман, 
көтеріңкі пафос жатады; автордың тілі де тым бояулы, мейлінше лепті, оқыс 
әсерлі келеді.
Орыс әдебиетінде және дүние жүзі әдебиетінде, көркем өнердің әр түрлі 
салаларында соңғы ғасырларда мол тараған әдіс – романтизм орыстың 
декабрист ақындардың (К.Ф.Рылеев, В.К.Кюхелбекер, А.И.Одоевский т.б. 
творчествасында орын алса, екінші жағынан, Н.В.Жуковский секілді 
ақындардың 
шығармашылығынан 
мол 
көрінеді. 
Алдыңғы 
топтағы 
жазушылардың творчествосында романтизмнің озат сипат-белгілері 
қалыптасты. Ал Жуковскиийдің шығармаларынан романтизмнің осал жақтары 
да анық сезіледі. Романтизмге тән басты ерекшелік айналадағы өмірге сын 
көзімен қарау, шарқ ұрып іздену, қиялға берілу болса, революционер 
жазушылар творчествосында ол жаңашылдықпен, алға ұмтылуымен ұштасты. 
Ал енді болашаққа үміт артпай, артқа қарайлаудан романтизмнің осал, кемшіл 
жақтары байқалады. Романтизмнің озат, өршіл қасиеттері Лермонтов 
поэзиясынан, Пушкиннің алғашқы кездегі өлең дастандарынан айқын 
аңғарылады. Бұл көркем әдістің ұтымды, өнімді жақтарын А.М.Горкий өз 
шығармаларында жаңа сипат - белгілерімен толықтырып қолдана білді. Қазақ 
әдебиетінде асқақ роматикалық толғаудың ақыны Махамбетті, Мағжан 
поэзиясындағы роматикалық сарынды айтуға болады. 
Романтизм түгел алғанда әдебиетке жаңа тақырып, жаңа кейіпкерлер 
әкелді, сөз өнерін көптеген көркемдік ерекшеліктерімен байытты. Азаматтық 
лирикалық, тақырыптық, идеялық ауқымын кеңейтіп, романтикалық поэманың 
озық үлгілерін туғызды. Романтизмнің құнды, ұтымды жақтары оған ілесе 
өркендеген реализмге үлкен тірек болды. Алайда романтизмді реалистік әдіске 
қарсы қойып, оған алыс-жақындығы тұрғысынан қарап бағалау дұрыс болмас 
еді. Романтизмнің бағалы жақтары, өзіндік артықшылықтары да, сонымен бірге 
осалдығы өз табиғатынан туындайды. Романтизм мен реализмді екі түрлі 
көркемдік әдіс деп қарасақ, олар бірін-бірі толықтырып, біріне-бірі нәр бере 


63 
алатынын есте сақтаған жөн. Қазақ әдебиетінде романтикалық сарын мысалды 
М.Жұмабаевтың (Батыр баян) шығармасында көрініс тауып, өте әдемі, өте 
әсерлі болып шыққан. 
Реализм (латынша realis – заттылық, шындық)-әдебиет пен өнердегі кең 
қанат жайған өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық сипат-белгілерін 
сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат 
ететін көркемдік әдіс. Реализм әдісі суреткерден өмір құбылыстарын, маңызды 
қоғамды мәелерлерді, күнделікті тұрмыстағы сан-алуан жайларды мейлінше 
кең қамтып, әлеуметтік өмірдің қайшылықтарын терең ашып көрсетуді, 
қарапайым адамдардың бейнесін сипаттауға жете назар аударуды талап етеді. 
Егер романтизм әдісі көбінесе сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл 
аударса, реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсету 
қажеттігін мойындайды. Реалистік принцип жаңа дәуір әдебиеті мен көркем 
өнерде жаңа сипатқа ие болып, әдебиеттің халықтық демократияшылдық 
принциптерімен жалғастық тапты. Реализм өмірде болатын, үнемі кездесетін 
нақтылы жай-жағдайларды, адамның іс-әрекеттерін бейнелеуді басты міндет 
санайды дегенде, әрине, мұны оған алға ұмтылушылық, алыс арманға, асқақ 
қиялға бойұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс болмайды. Мысалы, 
Махамбет поэзиясын алсақ, онда романтикалық асқақ арман, алға ұмтылу, 
күрескерлік әуен қандай күшті болса, реалистік нақтылық, қоғамдық өмірдің, 
қайшылығын ашып көрсетер шыншылдық та соншалық айқын. 
Реалистік әдістің негізгі өзгешелігі өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен 
қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген 
құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі 
көркем образдар, бейне-тұлғалар жасау дейміз. 
Реалистік әдіс орыс әдебиетінде Пушкин творчествосы арқылы биік 
дәрежеге көтерілді. Пушкиннің «Евгений Онегин», «Капитан қызы» 
романдары, көптеген лирикалық өлеңдері осы әдістің орыс әдебиетінде берік 
орын алуына мүмкіндік туғызды. Реализм әдісі одан әрі М.А.Гончаров, 
И.С.Тургенев, Л.Толстой, А.П.Чехов шығармаларында кеңінен өріс алды. Қазақ 
әдебиетінде реализм әдісі Абай поэзиясында жоғары сатыға көтерілді. Абайға 
жалғас шыққан қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов т.б. 
реализм әдісін өркендетіп, дамыта түсті. 
Реализмнің тууы, қалыптасуы және дамуы туралы пікірлер де әр алуан: 
біреулер бағыт ретінде ХVІІІ ғасырда туды десе, біреулер ағым ретінде ХІХ 
ғасырда қалыптасты деседі. Ал әдіс ретінде дамуын қадағалаушылар оны 
ғасырлар тереңіне әкетіп, бір-біріне тұтасқан түр-түрге бөледі. Көне дүние 
(антика) реализмі, ояну дәуірінің реализмі, Ағарту кезінің реализмі, Қайта 
өрлеу кезеңінің реализмі, Сыншыл реализм, Социалистік реализм. 
Сыншыл реализм- әдебиеттегі көркем әдіс, оның басты ерекшелігі - 
өмірді шыншылдықпен бейнелеп, адамдардың тағдырын, олардың типтік мінез-
бітімін, характерін типтік жағдайда көрсете отырып, қоғамдық өмірдегі 
қайшылықтарды, кемшіліктерді қатты сынға алу. ХХ ғасыр басындағы 
әлекметтік өзгерістерге байланысты жаңа сатыға көтерілген қазақ жазба 
әдебиеті өмірдің қат-қабатына терең бойлап, қоғамдық әлеуметтік 


64 
қайшылықтарды ашуға ұмтылды. Россиядағы саяси хал-ахуал, қазақ 
зиялыларының саяси көзқарастарының қалыптасуы сыншыл реалистік әдістің 
әдебиетте жетекші әдіске айналуына әсер етіп қана қоймай, осы саладағы әдеби 
дамуға негіз қалады. 
Сыншыл реализм ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиеттің көрнекті өкілдері 
Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мұхамеджан, Сұлтанмахмұт, Мағжан және т.б. 
дарынды өкілдерінің өнерпаздық-шығарашылық қызметіндегі басты көркемдік 
әдіс болды. Олардың барлығы да қазақ елінің дертті мәселелерін тілге тиек етіп, 
қоғамдық өмірдің көлеңкелі тұстарын ашып көрсетті. 
Сыншыл реализм әдісінде «Гүлкәшима», «Қалың мал», «Кім жазықты?» 
сынды шығармалар жазылды. 
Әдебиеттегі ағым-бағыттың айырмашылығын анықтау белгілі бір кезең 
әдебиетінің мәнін ашуда аса маңызды. Академик З. Қабдолов «Сөз өнері» 
монографиясында әдеби ағымды әдеби стильмен салыстырып, түсінік береді: 
«Байқап қарасақ, стиль – бір жазушыға тән творчестволық ерекшелік болса, 
ағым – бірнеше жазушыға тән творчестволық бірлік; стиль - әр жазушының 
дара қасиеті болса, ағым – әр алуан жазушының ортақ сипаты; стиль жалқыға 
тән ұғым болса, ағым жалпыға тән таным; стиль әр жазушының әдеби беті 
болса, ағым әр жазушының әдеби бағыты». Ғалымның осы пікірінде ғылыми 
тұжырымдалған шындық бар.
Әдеби ағым әр елдің әдебиетінде әрқашан болған, әрбір әдеби ағымды әр 
қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік жағдай туғызады. Әдеби ағым – тарихи 
категория: белгілі бір қоғамдық жүйенің белгілі кезеңдегі белгілі саяси-
әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып 
отырады.
ХҮІІ ғасырдың аяқ жағында туып, ХҮІІІ ғасырдың орта тұсына дейін 
өнер атаулының бәрінде, әсіресе Еуропа әдебиетінде кең өріс алған ағым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет