Әдебиеттануға кіріспе



бет12/35
Дата29.10.2022
өлшемі246,3 Kb.
#46096
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Байланысты:
дебиеттану а кіріспе

Сюжеттің басталуы – оның кіріспесі іспетті мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпестен бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның
бір ерекшелігі – ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге мегзеу, дерек, дәйек ретінде ғана қалады. Экспозиция үнемі шығарма басында кездесе бермей, кейде шығарма соңында да беріледі.
Сюжеттік байланыс – адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі. Байланыс, экспозициядай емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына салады.
Сюжеттік даму шығарма мазмұнында аса үлкен мәнге ие. Бұнда адамдар арасындағы байланыстар мен қарама-қайшылықтар анықталады, адам м-інезінің түрлі қырлары ашылады, кейіпкерлердің қалыптасуы мен өсу тарихы беріледі.
Шарықтау шегі - шығармада суреттелген сюжеттік дамудың ең жоғарғы шиеленіс биігіне жеткен тұсы. Бұл тұста образдар да айрықша танылып, адам мінездері жан-жақты ашылады. Шығарма сюжеттің күллі кезеңімен тұтастырып, белгілі бір бүтіндікке әкеліп тұрған композицияның аса жауапты тұсы да – осы.
Шешім – шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі. Суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі», адамдар арасындағы қарама-қарсы тай-таластардың, күрделі күрестердің бітуі, түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже, оқиға ға қатысушылардың ең ақырғы хал- күші, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
Сюжеттің құрамдас бөлшектері қатарында пролог пен эпилог аталады.
Бұлар – кейбір шығармаларда ұшырасатын бөлшектер.
?! Тапсырмалар

  1. 2 шағын, 1 орта көлемді эпикалық шығарманы сюжеттің өрбу кезеңдері бойынша талдаңыздар.

  2. «Фабула және сюжет» тақырыбына презентация әзірлеңіздер.


  1. Әдебиеттегі тек пен түр

Әдеби жанр (французша genre – тек, түр) термин ретінде шартты, екі мағынада қолданылады:


1) Әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма;
Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан: көлемді эпикалық шығармада өмір шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өзара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылады; лирикада адамның жеке басына тән көңіл-күйі, нәзік және терең психологиялық тебіреністері суреттеледі; драмалық шығарма көбіне адамдардың қимыл- әрекетіне, қақтығыстарына, тағдырлар тартысына құрылады.
Сөз өнерінің осы үш түрін кейде бейнелеу өнерінің үш түрімен (живопись, орнамент, графика) салыстыруға болады.
Әрбір әдеби шығарма – белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі. Әр дәуірдің өз шындығы бар. Әр дәуірдің шындығын сәулелендірген шығармалар да бірін-бірі қайталамайды: тектері мен түрлері ұқсас болғанымен Шекспир трагедиясы Мүсірепов жазған трагедиядан, Бальзак романы Әуезов романынан, Абай поэзиясы Жансүгіров поэзиясынан өзге екені даусыз.


Эпос
Эпос– (грекше: epos –баяндау, әңгімелеу, тарихтап айту) – көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, өмір шындығын мейлінше мол қамтып кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.
Эпостың лирика мен драмадан айырмасы – шындық кең көлемдегі баяндау, әңгімелеу арқылы жинақталады. Эпикалық шығармадағы авторлық суреттеу мен қаһармандардың диалог-монологтары – эпостық баяндауды жүзеге асыру жолдары, амалдары мен тәсілдері ғана.
Белинскийдің пікірінше, драмадағы басты нәрсе - адам болса, эпостағы басты нәрсе – оқиға.
Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр үш түрге бөлінеді: шағын, орта және кең көлемді.
Қандай эпостық шығарма болсын, осы үш түрдің біріне жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет