Əдебиетті мəнерлеп оқудағы просодикалық ТƏсілдер



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата07.01.2022
өлшемі127,82 Kb.
#16988
1   2
Байланысты:
13-лекция

–  Менің  құным  –  он  қозы,  жиырма  бөрі,  отыз  нар,  қырық  ардагер

тоқсан дорба



–  Қыздың  бұл  жұмбағын  құда  түсуге  барғандар  ханға  айтып  келеді

Бұны хан данөкерлері де шеше алмаптыКейін сол елдің бір ділмар шешені 

былайша шешкен екен

– Он қозы дегені – адам он жасында секірген қозыдай боладыЖиырма 

жасында  қайтпас  қасқырдай,  отызда  толысып,  нардай  болады  дегені,  ал 

қырықта елге қадірі артадыелуде елде арқыраған айғырдай боласыңалпыс 

жаста  ат  тайса,  жетпісте  ноқталы  малдай,  сексенде  шідерлі  аттай 

тұсаласың.  Тоқсан  дорба  дегені  тоқсанға  келгенде  ілініп  қалған  қу  сүйекке 

теңелесің дегендерді меңзеген

Бұл  шешуді  естіген  хан  өз  уақытының  өткенін,  кəріліктің  жеңгенін 

мойындағандай «аһ ұрып» төсегіне құлаған екен

Айтылу нұсқасы: 



 

 

 



 

Бұл  мəтіндердің  көркем  шығармадан  алынғандығын  аңғару  қиын  емес. 

Бұл стильдің мынадай ерекшеліктерін танытуға болады: 1. Оқиғаны, баяндап    

қана қоймай, сезімге де əсер етеді.    Мысалы:    қуану,   өкіну,    таңдану т. б. 

сияқты  сезімдер    тебіренуден      туындайды.  2.    Кейіпкердің  өз  сөздерін  де 

қолданылады. Тілдің суреттеме жəне көркемдегіш сөздері жиі    кездеседі. 3.  

Тілдік барлық қасиеттерін   еркін қолданады. Ал бұл мəтінді оқырман дұрыс 

оқып  түсінуде  тыныс  белгілерімен  қатар,  əуен,  қарқын,  ұзақтылық,  кідіріс, 

тəрізді  просодикалық  тəсілдер,  сонымен  бірге  кейде  орфоэпиялық  нормалар 

қатарында қарастырылатын түрлі үнем заңдарының маңызы өте зор. 

Сөйлеу  тілінің  басқа  да  бірліктері  сияқты  мəтін  интонациялық  тұрғыдан 

қарастырғанда  да  бір  бүтін  тұтастық  болып  саналады.    Ол  өз  алдына  бір-

бірінен  мəтінішілік  басқа  кідірістерден  ұзақтылығы  жағынан  көлемдірек 

дауыс  кідірістерімен    ажыратылатын  күрделі  синтаксистік  тұтастықтардан 

тұрады.  Ал  əрбір  синтаксистік  тұтастықтардан  да  өзіндік  интонациясы  

байқалады.  Əңгіменің  бастауы  мен  аяғын  білдіретін,  яғни  оны  көмкеріп 




тұратын  сөйлемдердің    интонациясы  оның  тақырып  өрбуіне  қызмет  ететін 

ортаңғы  бөлімнің    құрамындағы  бірліктердің  айтылу  сазына  баяуырақ, 

анағұрлым  бəсең,  ұзақтылығы  молырақ,  едəуір  күшті,  салмақтырақ  болады. 

Суперсегменттік  деϟгей  болып  саналатын  интонацияныϟ  крініс  табатын 

жері  –  мәтін.  «Жазба  тілдегі  шыϏармашылыϗ  ϫрдісте  әр  автор,  әр  жазушы 

жазып  отырϏан  мәтінді,  яϏни  жазба  тілін  әр  уаϗытта  ритмикалыϗ  топтарϏа 

бліп ϗана ϗоймай, оныϟ интонациясын да «естіп» отыратыны табиϏи жайт», 

«…бір  мәтінді  әркімніϟ  әр  тϫрлі  оϗуы  сол  мәтінніϟ  мазмϭнын  жете 

тϫсінбеуінен  болатын  сияϗты.  Мϭндай  жаϏдайда  ол  мәтінніϟ  мазмϭны  да 

ауытϗып кетуі әбден мϫмкін» деп атайды [1, 94 б.]. 

Күрделі  синтаксистік  тұтастық  құрамындағы  біркелкі,  бірыңғай,  бір 

сарынмен  жасалған  байланыстарды  көрсететін  интонация  бірыңғай 

мүшелердің 

интонациясымен 

ұқсас, 

сəйкес 


келіп 

отырады. 

Ал 

созылыңқылығы  ұзынырақ  синтаксистік  кідірістен  соң  жалпылауыш  мағына 



үстеп тұрған немесе ой қорытындысын білдіріп тұрған сөйлемдер айтылады. 

Кейде  мұндай  кідірістер  күрделі  синтаксистік  тұтастықтардың    мағыналық 

топтарының  ара  жігінде,  əсіресе  қарама-қайшылық,  салыстыру,  салғастыру 

жəне градация көріністерінде болуы мүмкін. 

Дегенмен,  интонация  мен  синтаксис  арасындаϏы  тыϏыз  байлыныс  бар, 

йткені  тілдіϟ  суперсегменттік  деϟгейі  болып  ϗарастырылатын  интонация 

бірліктері  сегменттік  деϟгейдіϟ  ϫстінен  келіп,  мәтіндегі  синтагма  мен 

сйлемдерде  крініс  табады.  Біраϗ  ол  екеуі  арасындаϏы  кϫрделі  ϗатынас 

айтылϏан  ойдыϟ    маϏынасын  бірді-біреуініϟ,  бірде  екіншісініϟ  тура  жеткізіп 

отыратынымен ерекшеленеді.  

Просодикалық  тəсілдер  басқа  тілдік  бірліктерден  оқшауланып  көрініп 

тұрады.  Дыбыстың  айтылу  сазы,  стильдік  мəнер,  оқырманға  əсер  ету, 

дыбыстық үйлесімділік көркем əдебиет стилінде басты рөлді атқарды. Дыбыс 

үйлесімділігі  буындардың  əуенділігі,  эстетикалық  мақсатқа  сай  іріктеліп, 

ойды  жеткізудегі  амал  ретінде  қызмет  атқарады.  Көріп  отырғанымыздай 

интонация көркем мəтін стилінде де үлкен рөл атқарады: əр түрлі стиль мен 

жанр  түрін  ыңғайда  безендіреді,  мəтінді  əр  түрлі  мағыналық  бөліктерге 

бөледі,  тыңдаушыға  эмоционалды-эстетикалық  қырынан  əсер  етеді, 

фразалық байланысты қамтамасыз етеді. Интонация көркем мəтінді бейнелеу 

қызметін  атқарады.  Жеке  тілдегі  интонация  ерекшелігі,  ең  алдымен,  сөздік 

екпін  типімен  тығыз  байланысты:  бұның  өзі  интонация  бөліктерінің 

функциялық жүгінің əр түрлі бөлінуіне байланысты болады.  

Г. Смағұлова: «Суреттеу - оқиғаның бір детальдық сипатын беруде жəне 

шектеулігі бар, сондай-ақ кейіпкердің іс-əрекетімен қатар баяндалуы» дейді. 

Берілген  анықтамалардың  ең  нақтысы  осы  болып  табылады.  Көркем 

туындыдағы  қаһарманның  характереологиялық-психологиялық  болмысы 

көркемдіктің  көптеген  бояулары  арқылы  көрініс  табатыны  белгілі.  Баяндау 

ағымында  кездесіп    отыратын  түрлі  монолог,  диалог  жəне  суреттеу 

амалдарының  барлығы  кейіпкердің  характерін  сомдап,  психологиясына 

үңілдіруге  ұмтылатыны  мəлім  [2,13  б.].  Осындай  ерекшелікті  жоғарыда 

талданған мəтіннен көрінетін ханның амал-əрекетін байқауға болады. 



Б.  Шалабай:  «Ірі  тұрғыдан  əңгімелеу  мен  суреттеу  –  болмысты  жақын 

қашықтықтан  шектеулі  кеңістік  пен  уақыт  ішінде  бейнелеу  деген  сөз. 

Баяндаудың  өз  алдына  бөлек  формасы  түріндегі  суреттеуде  оқиға  жақын 

қашықтықтан  алынады.  Ол  ірі  орта  жəне  жалпылама  түрде  беріледі.  Ірі 

тұрғыда  суреттеу  табиғатты,  қоршаған  ортаны  бейнелеуде,  кейіпкер 

портретін жасауда, оның ішкі көңіл-күйін беруде қолданылады. Ірі тұрғыдан 

алу  жоғары  дəлдікке,  толықтай  бейнелеуге  жеткізеді»  дейді  [3,  20  б.]. 

Осындай  жағдайды  ашып  көрсету  үшін  мəтіндегі  қыздың  айтқан  сауалына 

қосымша тон қосып, салмақтап, дыбыстың күшін арттыруға болады.  

«Интонация  синтаксистік  жəне  лексика-семантикалық  құралдарымен 

тығыз байланысты бола отырып, сөйлесім мен мəтінді жасайды» деп жазады 

Г.М.    Əзімжанова   [4,  40 б.].  Сөйлеу  кезінде  жоғарыда көрсетілген бунақтар 

бір-бірімен  өзара  қатынасқа  түсіп  айтылады  да‚  синтаксистік  талдау  кезінде 

сөйлем  мүшелері  түрінде  көрінеді.  Сонда  бастауыш  пен  баяндауыш‚ 

анықтауыш  пен  анықталатын  сөз‚  толықтауыш  пен  толықталатын  сөз‚ 

пысықтауыш пен пысықталатын сөз бір ырғақпен айтылады да‚ ритмикалық 

топ  құрайды.  Соның  өзінде  олар  міндетті  түрде  іргелес‚  көрші  тұруға  тиіс‚ 

араларына  көбірек  сөз  енген  сайын  олар  тұтастығынан  айырылып‚  ажырап 

кетеді. Жоғарыда аталған мəтінге қарай отырып бастауыш пен баяндауыштың 

алшақ  немесе  іргелес  тұрып  қиысуына  байланысты  кідрістің  те  қойылу 

тəртібі  өзгеруін  байқауға  болады.  Əрине,  мəтінде  көрініс  тапқан  басқа  да 

дыбыстық  құбылыстарға  қатысты  талдау  жұмысын  толық  бергенмен, 

сараптауда көрсетпегеніміз рас. Жалпы осы саламен айналысып жүрген тілші 

ғалымдарға түсінікті болғандықтан қалдырып отырмыз.  

Қорыта  келгенде,  қазақ  тілінің  интонологиялық  жүйесі  көркем  оқылған 

мəтінді  толық  транскрипциялаудың  əдістемелік  жағын  толық  жетілдіріп 

болды  деуге  болады.  Оны  болашақта  оқу  үдерісінде  пайдаланып  насихаттау 

уақыт еншісінде.  

 

 

 



ПАЙДАЛАНЫЛАН  ДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

1



 

Базарбаева З.М Қазақ тілі интонациясының негіздері. – Алматы, 2002. – 

202 б. 

2

 



Смағұлова  Г.  Мəтін  лингвистикасы.  –  Алматы:  Қазақ  университеті, 

2002. –112 б. 

3

 

Шалабай Б. Көркем проза тілі. –Алматы, 1994. – 20б. 



4

 

 Əзімжанова  Г.М.    Қазақ  көркем  проза  мəтінінің  прагматикалық 



əлеуеті.– Алматы: 2007. – 40б. 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет