Медреселік білім беру жүйесі: оның прогресшіл жақтары.
Қадым, жәдит мектептерінің көздеген мақсаты: арабша тілін сындыру, құран сүрелерін жаттату, молда, мүриттер дайындау. Оның толып жатқан кемшіліктері мен жетімсіз жақтары болады.
Медреселік білім беру жүйесінің прогресшіл жақтары: халықтың сауатын ашу, көңілін ояту, жастарды адамгершілік рухта тәрбиелеу. Әсіресе, бұл салада ағартушы ұстаз, тарихи тұлға Ы. Алтынсариннің еңбегі ерекше. Ол халық ағарту саласында тарихи тәжірибені меңгере отырып, қазақ тілінде оқулық шығару, қазақ мектептерін ашу жұмысымен айналысты. Әдебиеттік оқулық жасаудағы «Қазақ хрестоматиясының» (1979) алатын орны орасан, ол хрестоматияға енген материалдардың тәрбиелік-өнегелік жақтарына көп көңіл бөлді. Ыбырай өз халқының әдебиетін мәдени мұра ретінде тани біліп, оны жинап бастырды. Ол әлемдік үздік туындыларды қазақ халқының рухани игілігіне айналдырып, жасөспірімдерді адамгершілік рухта тәрбиелейтін аудармалар (Л. Толстой, К. Ушинский, И. Паульсон) жасады. Ыбырай ағартушылық көзқарасын қазақтың дәстүрлі мәдениетімен және орыс педагогтарының тәжірибелерімен байланыстыра білді. Ол оқыту әдістемесіне осылай жаңалықтар енгізді.
Қазақтың Шоқан, Абай, Шәкәрім, С. Көбеев, Б. Өтетілеуов, Торайғыров, Байтұрсынов, Дулатов, Аймауытов, Жұмабаев сынды ағартушы-демократтары халық санасын оятуға тарихи үлес қосты.
1933 жылы қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде секция құрылды. Оның міндеті бастауыш және орта мектептер үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен бағдарламалар, төл сұрақтар жасау. Сол мақсатта 1933 жылы бірнеше ғылыми экспедициялар жасақталды. Құрамында Б. Майлин, М. Әуезов, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин сияқты ірі қалам қайраткерлері балаларға лайық әдеби нұсқалар, фольклорлық шығармалар жинақтады. 1934 жылы 5-7 сыныптарға арналған бағдарлама басылып шықты. Осы бағдарлама бойынша 5-7 сынып оқулық-хрестоматиялар жасалды; 6 с. авт. М. Әуезов; 5 с. Ә. Тәжібаев т.б.
1939-40 ж. Шайқы Кәрібаев әдіскерлерді, мұғалімдерді қатыстырып, 5-7, 8-10 сынып бағдарламалар жасады. 5-7 әдебиеттік оқу; 8-10 сынып бағдарлама жасады. 5-7 әдебиеттік оқу; 8-10 тарихи-әдеби курс болып бөлінді. Осы бағдарлама бойынша Ш. Кәрібаев, А. Көшімбаев әдебиеттік оқу кітаптарын, Т. Ақшолақов, Қ. Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, Е. Ысмайылов, С. Мұқановтар жоғары сыныпқа арналған әдебиет оқулықтарын жазды.
Қ. Жұмалиев 8-10 сыныпқа арналған «Әдебиет теориясы» оқулығы жарық көрді.
1941 жылы Ш. Кәрібаевтың «Әдебиеттік оқу әдістемесі» (9) кітап болып басылып шықты. 1953 жылы «Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс оқу»; 1957 жылы С. Тілешованың «5 сынып көркем шығарманы оқып үйрену»; 1957 ж. Ә. Қоңыратбаевтың «Әдебиетті оқыту әдістемесінің очерктері», «Әдебиетті оқыту әдісі» (1966) деген еңбектері, А. Көшімбаевтың «Сегіз жылдық мектепте әдебиетті оқыту әдістемесі»(1958), «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»(1969) атты іргелі еңбектері басылды.
70-80 жылы әдебиет әдістемесі ғылым ретінде дамып, зерттеулердің теориялық салмағы, практикалық тиімділігі арта түсті. Сыныптан тыс оқу кітаптары сериялары даярланып шығарылды. 1973 жылы С. Тілешова 4-5 сынып оқушылары үшін екі жинақ, 1973 жылы Ә. Дайырова екі жинақ, 6-7 сынып оқушылары үшін 1973 жылы бір кітап, 1979 жылы екі кітап Ә. Дайыров жазып, басып шығарды. 1980 жылы Р. Құтхожина 10-11 сыныптар үшін «Қазақ поэзиясы» бойынша, 1972 жылы 8-11 сыныпқа арнап шетел әдебиеті бойынша, Ә. Дайырова сыныптан тыс материалына оқу кітаптарын шығарды. 1972 жылы М. Мырзахметов пен Ә. Дайырованың жоғарғы сынып оқушыларына арналған «Әдеби-сын мақалалар хрестоматиясы», «Әдебиет тану» оқу құралдары шықты.
Кестелер – А. Құнанбаевтың, Ж. Жабаевтың, М. Әуезовтің, Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығына арналған синтетикалық кестелер, диафильмдер жасалды.
Синтетикалық кестелер, диафильмдер жасалды. 1985 ж. факультативтік курстар хрестоматиясы жинақталып, көпшілікке ұсынылды.
1986-90 ж. әдеби білімнің негізгі тереңдетілген деңгейлері айқындалып нақтыланды. Зерттеулер нәтижесі:
Орта мектеп қазақ әдебиетін оқыту мына еңбектер арқылы толықтырылды:
1991 ж. бастап ғылыми-зерттеу жұмыстары екі бағытта (болашақ және қазіргі мектеп) және де бірнеше тақырыптар бойынша жүргізілуде. Қазақ мектептеріндегі қазақ әдебиетінің мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін жаңарту – ғылыми-зерттеудің негізгі бір бағыты. Бұл зерттеу бойынша білім мазмұны мен құрылымын жаңартудың принциптерін концептуалдық бағыттары мен жолдарын, шарттарын ғылыми негіздейтін «Әдеби білім тұжырымдамасы» жасалды. Ондағы соны проблемалар:
Қазақ әдебиеті сабағында компьютерді пайдалану мәселесі бойынша зерттеу жұмыстары қолға алынды.
1. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты: әдебиетті адамзаттың ғасырлар бойы жасалған мұрасы сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшелігіне сүйене отырып, оны халқымыздың «Көркем тарихы» , «Өмір оқулығы» дәрежесінде оқып – үйрету:
2. Әдебиетті өмірмен байланыстыра, өзіндік табиғатын аша отырып, адамзат тарихымен тығыз сабақтастығын айқындау; әдебиетті оқыту әдістемесінің теориялық, методологиялық негіздері.
3. Тарих, тіл білімі, музыка, бейнелеу өнері, философия, әдебиеттану, эстетика т.б. ғылым салаларымен байланыстылығы қарастырылады.
Әдебиетті оқыту әдістеменің ғылыми пән ретіндегі мазмұнының негіздерін анықтау аса қажетті емес. Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі де белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы орайда әдістемеліктің бай мазмұны мен оның сан түолілігін ашатын пікірлердің де әр алуан екендігін айту қажеттігі туындайды.
«Әдебиет әдістемесі- педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның: қамтитын: объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қыатынасы болып табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді.Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды», - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А.Көшімбаев. Бұдан әдебиет әдістемесі ғылымы мен жалпы педагогика ғылымының өзара байланыста болатынын көреміз. Әдістемеліктің қолданбалы ғылым екендігін және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, алуан түрге ене алатынын көрнекті педагог Ж.Аймауытұлы айқындап айтқан.
«Ж.Аймауытұлы жалпы дидактика барлық пәндерге тиісті оқытудың жалпы заңдары, жолдары, оқытуға қатысты мәселелер туралы сөз ететіні, ал жеке әдістемелік дидактиканың жалпы ережелерін тек пәндердә оқытқанда, қалай жинастыру, қандай әдіс қолдану туралы баяндайтынын айтады. Ж.Аймауытұлы сабақ беру үйреншікті жай шеберлік еместігін, ол үнемі жетілдіруді қажет етенін үнемі жаңалық табатын өнер», -деп бағалайды.
Қазақ тілін, әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының тарихында Ахмет Байтұрсынұлының көшбасшы болғаны белгілі. А.Байтұрсынұлының оқудың негізі білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің мәнін жойған жоқ. Ол педагогиканың өзекті мәслесі болып отырған оқушының өз әрекетіндегі субъектілік қызметін арттыру міндетіне сай келеді. Ғылым өзінің 1928жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбегінде: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі- өздігінен алатын ... білімнің ұзақ жолы үшін ... балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру», - деп жазған А.Байтұрсынұлының бұл ойы бүгінгі қазақ әдебиеті әдістемесінің де негізіне жатады деуге болады. Баланың білімді өздігінен алатын жолдарын анықтау- әдістеменің басты міндеті мен қызметі екені сөзсіз. Бұл мәселелер А.Байтұрсынұлының «Баяншы», «Әлиф-ба астары» сияқты жекеленген әдістемелік еңбектерінде де айтылған. Әдіскер ғалым ретінде А.Байтұрсынұлы бастаған істі әрі қарай дамытушылардың бірі Мағжан Жұмабаев баланы әдебиетпен таныстыруға аса үлкен мән берген. Ол жұмыстың жүзеге асырылуын бастауыш мектептен бастап мұқият дайындау керек деп танып, өзінің «Бастауыш мектептегі ана тілі» атты белгілі әдістемелік еңбегін жазды. Онда М.Жұмабаев әдіскер-ғалым ретінде төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жаттығулар жүйесін жасап ұсынған.
Аса көрнекті әдіскер-ғалым М.А.Рыбникова «Әдістеме дегеніміз- уақытты үнемдей білу. Оқушы үшін жігерін ақылмен жұмсау, оқу материалынан негізгі және басты мәселелерді таба білу, сыныптың еңбегін ұйымдастыру шеберлігі, оқушылардың әр түрлі жеке әрекеттеріне ықпал етуді алдын-ала ұйымдастыру»,-деп әдістеме ғылымына анықтама береді. Әдістеменің жалпы құрылымы жайында В.В.Голубков былай дейді: «Қай пән бойынша болмасын барлық әдістеме оқытушы жұмысының ұсынымдарын, материалдарын және әдістерін құрастырумен өзара ұқсас, сондай-ақ олар не үшін, нені және қалай деген үш негізгі сұрақтарға жауап береді.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қамтитын аймағы мектептегі әдебиет пәні сабақтары мен әдебиетке байланысты сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар және базистік оқу жоспарының инвариантты бөлігінен берілетін таңдау курстарында жүргізілетін әдебиет сабақтарында мұғалім мен оқушының оқу-тәрбие ісінде өзара қарым-қатынасы болып табылады. Сөз өнерін, көркем әдебиеттің өзін әдебиет тарихы мен әдебиеттану ғылымында белгілі дәрежеде оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім, адамгершілік, ізгілік ,имандылық, тәрбие беру мен білім-білік дағдыларын қалыптастыру заңдылықтарын ашу-оның қарастыратын басты мәселесі.
Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет- бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады.
Әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде әдеби білім беру негізгі қағида болып табылатын оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау мәселелері, әдебиет сабағын оқытуды жетілдіру сияқты мәселелер әдебиет пәні құрылымын құрайды.
Әдебиет пәні оқушы бойында биік эстетикалық талғамды дамытуды, өнер туындысындағы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы үйлесім мен әсемдікті танып ұға білуге, дұрыс бағалауға, әсерленуге, терең пайымдауға үйретеді, сонымен бірге ол көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, ынта-ықыласты оята отырып, оқырман мәдениетін қалыптастырады.
Әдебиет пәні оқушыны өнер туындысын тануда қажетті біліммен, біліктілік дағдылармен қаруландырып, онда көркем бейнені қабылдауға қажетті сезім сергектігін, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде, көркемдік тұтастыққа қабылдай білуді; шығармада кескінделген мінездер сырын, шығарма идеясын, жаазушы позициясын шығарма арқауына сүйене отырып ашуды; өзіндік ой толғамында дербестік, идеялық-көркемдік құндылығы жоғары туындыларды ғана қалайтын талғампаздықты, көркем туындыларды салыстыра отырып, қарастыра алу біліктерін қалыптастыруды көздейді.
Осы негізде мектептегі қазақ әдебиеті пәні жеке тұлғаның үйлесімді дамуына қызмет атқаратын негізгі эстетикалық пән деген тұжырымға келеміз. Қоғамның және мәдениеттің даму өзгерістеріне сай әдебиет пәнінің бағдарламалары, оқулықтармен қатар оны оқыту әдістемелігі де жетілдіріліп отырады және ол қалыптасқан отандық әрі әлемдік тәжірибеге негізделеді. Әдістеме ең алдымен мұғалімнің шығармашылық әрекетінің жүйелі болуына қызмет ететіндіктен, ол әдебиетші мұғалімге жоғары талаптар да қояды. «Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз сипатын ашатын заңдылықтарды білуі керек. Сондай-ақ көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелерін жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс»,-дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ.Бітібаева.
Сонымен оқытушы және оқушының оқу әрекетіндегі бірлестіктер мен дербестік сипаттарын, ұйымдастыру жолдарын қарастыруға әдістеме ғылымы қолда бар бай тәжірибеге сүйенеді және оның таяу болашақтағы даму бағыттарын айқындайды.
Ол бағыттар:
- әдеби білімді саралауды жүзеге асыру, бағдарламаларды қайта қарап, тұжырымдама негізінде батыл жаңарту; V-ІХ сыныптарды негізгі базалық біліммен қамтамасыз ететін базалық білім бағдарламаларын, оқушының жеке сұранысы мен мүддесіне, қызығушылығы мен бейімділігіне қарай екі жылдық бағдарламада сараланған толық орта білім деңгейлерін қамтамасыз ететін жарыспалы бағадарламалар жасау;
- әдебиетті оқытудың гуманистік, адамгершілік-эстетикалық сарынын күшейту, сабақ үрдісінде жазушы көтерген ізгілікті тағылымды, өнегені ашуды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді танытуды, сол арқылы оқушының ұлттық рухани санасын қалыптастыруды нысана тұту;
- оқушының көркемдік-ассоциациялық, образдық ойлануына, әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуіне, шығарманың идеялық-эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына, кейіпкер тағдырына ортақтасуына жағдай жасап, стандартқа сай білім, біліктілікпен қаруландырып, оқырман ретіндегі мәдениетін көтеру;
- оқытудың шығармашылық сипатын көтеру, оқушылардың оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу-танымдық қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ету, сабақ тиімділігін арттыру нәтижелігіне қол жеткізу;
- оқытуды демократияландыру, сабақта мұғалім мен оқушы арасында бірлескен мақсатты қарым-қатынас, субъект-субъект дәрежесіндегі еркін диалог ахуалын туғызу, нақтылы сынып жағдайында әдеби білім нәтижелігін қамтамасыз ете алатын мұғалім ізденісін қолдау;
- әдебиет пәнінің гуманитарлық циелдегі басқа да пәндермен, білім салаларымен пәнаралық, пәнішілік байланысын тиімді пайдалану, тіл мәдениеті, шешендік өнер, тіл дамыту бойынша тіл мен әдебиетке ортақ бағдарлама жасау;
- әдебиет оқулықтарының ,оқу кітаптарының мазмұны, ғылыми-дидактикалық негіздерін түбегейлі жақсарту,оқулықтарға білім берудің жаңа технологиясын ендіру.
Бұл бағыттар жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі әдеби-білім тұжырымдамасының негізгі ұстанымдары. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің бұл тұжырымдамада көрсетілген негізгі бағыттары әлемдік тәжірибеге де сай келеді деуге болады.
«Әдебиетті оқыту әдістемесінің таяу болашақтағы дамуы оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру, оқытуды саралау, пәндердің сондай-ақ жеке әдістемелердің интеграциялануы, оқыту деңгейінің қазіргі ғылым, мәдениеттің даму деңгейіне жақын келуі, вариативті бағдарламалардың, сабақтардың жаңа технологияларын жасау, әдебиетті оқыту әдістерінің жаңа түрлерін іздестіру болып табылады».
Отандық әдістемеліктің даму бағыттарының әлемдік тәжірибенің даму бағыттарымен үндес келуі егеменді еліміздің білім дамуының әлемдік білім кеңістігімен үйлесімде болу тенденциясын басшылыққа алады.
1. Қазақстандағы оқыту жүйесіне тікелей Ресейдің отаршылық саясатының әсері. 19ғ. екінші жартысындағы Троицк, Орда, Ырғыз Қазанда қазақ мектептерінің ашылуы. 1876 жылы Қазан мұғалімдер семинариясының директоры Н.И.Ильминский ұсынысымен Ы.Алтынсариннің орыс алфавитімен ауылдық мектептер ашуы. И.Гаспринский негізін салған үлгідегі жәдит мектептері, медреселік білім беру жүйесі, оның прогресшіл жақтары. Жалпы білім беруде дін сабақтарымен бірге басқа пәндердің орын алуы; Ана тілінің үздіксіз оқу мәселесінің көрсетілуі, оқу құралдарын жасауға бағытталуы:
2. XX ғасырдың басында Қазақстанда мектеп қажетін өтеудің оқу материалы ретінде орыс әдебиеті шығармаларынан аудармалардың хрестоматиялық оқулықтар түрінде берілуі: Қазақ әдебиеті пәнінің әдеби білім негіздері қазақ баспасөзі «Айқап» журналы «Қазақ газетінде» көрініс табуы. XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанда мектептік білім жүйесінің түрлері: 1. Ерлер мен әйелдер гимназиялары, училищелер, мұғалімдер семинариялары. 2. Қалалық училищелер, приход училищелер, ауылдық – болыстық мектептер. 3. Кәсіби оқу мекемелері – мұғалімдер семинариялары мен мұғалімдер мектептері, ауыл шаруашылығы мектебі, фельдшерлік және қолөнер мектебі, Ы.Алтынсариннің, қазақ хрестоматиясының қазақ әдебиеті пәнінің атасы, әдебиеттік оқулық жасаудағы алғашқы тәжірибе деп бағалануы; қазақ мектебі тәжірибесінде оқу әдістемесін тұңғыш енгізуі; Ы.Алтынсариннің ұлттық талғам мен ізгілікті, озық адамзаттық құндылықтардың қазақ халқының да рухани игілігіне айналуын үйлестіре білуі; орыс педагогтары К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, И.Паульсон т.б тәжірибелерімен байланыстылығы; Ы.Алтынсарин оқулығында көрініс табуының маңызы.
3. Қазақтың ағартушы – демократтарының халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі. Шоқан, Абай, Шәкәрім А.Байтұрсынов, С.Торайғыров т.б. А.Байтұрсыновтың «Әліппе» (1921) «Оқу құралы» (1921) «Әдебиет танытқыш» (1926) М.Жұмабаевтың «Сауатты бол» (1923) Ж.Аймауытұлының «Жаңа ауыл» (1929) Б.Майлин, С.Мұқанов «Колхоз – ауыл» (1930) атты оқулықтарымен т.б. оқулық хрестоматиялардың ұлттық әдебиеттік мектепте жеке пән ретінде оқытылуына тигізген әсері.
4. а) 1917 – 1927 жылдары әдебиет пәнінің кенестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану құралы ретінде оқытылуы; ә) 1928 – 1938 жылдары әдебиеттің тарихи - әдебиеттік курс ретінде оқытылу себептері; б) 1931 – 1932 жылдардағы БКП (б) орталық камитетінің әдеби білім беруді жетілдіру, арнайы бағдарламалар арқылы оқу тиімділігін арттыру жөніндегі қаулылырының маңызы; Әдебиет оқулығын жазу, оның тарихын зерттеуде М.Әуезов еңбектері. Олар: 1927 жылы қазақ әдебиеті тарихынан тұңғыш зерттеу «Әдебиет тарихы» оқулығы, 1930 жылы ересек жастар мектебіне арналған «Жеткіншек» оқу құралы, «Қазақ шаруа жастары мектебіне арналған бағдарламасы» (1930) мұнда аударма шығармалардың енгізілуі т.б. Отызыншы жылдардың екінші жартысындағы әдебиетті оқытуды әдебиеттік оқу, тарихи - әдебиеттік курс ретінде жүйеленуі; бағдарламалардың мазмұны.
5. 1939 – 1958, 1985 – 1990 жылдар. Білім беру жүйесіндегі реформалар, бұлардың әдеби білім беру ісін жетілдіруге тигізген ықпалы:
Әр кезеңде мектепке арналған және жоғары оқу орындарына арналған әдебиет пәні бағдарламалары мен оқулықтарын жасаудағы С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Көшімбаев, С.Қирабаев, Ә.Дойырова т.б. еңбектері. 1990 – 2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер «Әдеби білім тұжырымдамасы», Қ.Р. орта білім мемлекеттік стандарты; (Алматы, 1988)
6. Қазақстан ұлттық мектебі тұжырымдамасы дүниеге келді. Ұлттық мектеп тұжырымдамасы ұсынған болашақ мектеп үлгісі мен білім берудегі жаңа жүйенің кеңестік білім жүйесінен айырмашылықтары. Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа ұстанымдар мен құндылықтар; әдеби білім берудегі модульдік жүйе, оның өзіндік ерекшеліктері; ғылыми - әдістемелік басылымдардың мұғалім біліктілігін арттырудағы рөлі; әдебиетті оқытудағы жаңа технологиялар жүйесі; соңғы жылдардағы ғылыми - әдістемелік ізденістер т.б.
Бүгінгі заман талабына сай ақпараттық – комуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі екендігі; 2001- жылғы «Білім жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы бекітілуі».
Бақылау және тестілеу бағдарламалары, ақпараттық анықтама жүйелері, электронды оқулықтар және мультимедиялық бағдарламалар. Білім беру жүйесін компьютерлендіру, оқу процесінде қолдану мәселелері. Білім және ғылым саласын ақпараттандыру білімді дамыту тұжырымдамасының басты бағыттарының бірі екендігі. Әдебиетті оқыту әдістемесінің тарихы
Көркем шығармаларды оқушыларға танытудағы алғашқы тәжірибелер(1879-1940)
Ғылым атаулының қайсысының болсын өзіне тән дүниеге келу, даму жолдары болады. Қазақ әдебиеті пәні де сондай жолдардан өтіп өзінің қалыптасу дәуірін басынан кешірді. Қазақ әдебиеті пәнін орта мектепте оқыту проблемаларының мерзімді баспасөзде, педагогикалық және әдістемелік басылымдарда сөз болуы, іргелі зерттеу жұмысының арқауын құрауы сияқты күрделі мәселенің тарихына арналған еңбектер осы күнге дейін жазылған жоқ. Осыған орай қазақ әдебиеті пәнінің ғылым ретінде қалыптасуына атсалысқан ғалым-әдіскерлеріміздің ой-пікірлеріне әділ баға беру қажеттігі туындайды. Қазақ әдебиеті пәнінің орта мектептерде оқытылуы тарихының жасалуы оның әр кезеңдері арасындағы заңды байланыстарды ашып, әдістемелік ойдың бірте-бірте тереңдей, кемелдене түскенін айқындап береді. Ұлттық әдебиеті оқыту пәні ретінде мектеп бағдарламасына еңгізу, әдеби білімнің мазмұнын айқыңдау, қазақ әдебиетін шәкірттерге меңгертудің тиімді жолдарын ғылыми түрде негіздеп беру мәселелері бір айдың немесе бір жылдың жемісі емес. Қазақ әдебиетінің пән болып оқытылуының жағдайын зерттеп, оның білім мазмұның айқыңдау, оқулықтар мен бағдарламалар жасау сияқты міндеттер алға қойылды, сол себепті ғылыми экспедициялар құрылды. ВКП(б) Орталық Комитетінің 1932 жылғы 25 августе қабылданған «Бастауыш және орта мектептердің оқу программасы мен жұмыс режимі туралы» қаулысы осыған сәйкес Қазақ АССР Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлар Советі қабылдаған қаулы, ВКП (б) Орталық Камитетінің 1933 жылы қабылданған «Бастауыш және орта мектептердің оқулықтары туралы» қаулысы республикада халық ағарту ісінің жаңдана түсуіне игі ықпалын тигізді. Партиялық және мемлекеттік құжаттар ғылыми негізделген тұрақты бағдарламалар мен оқулықтар жасау, оқушылардың материалистік көзқарасын қалыптастыратын білімдер жуйесін, яғни пән құрамы мен мазмұнын айқындау міндетін қойды. Алайда қазақ әдебиеті пәні бойынша бағдарламалар мен оқулықтар жазу, әдеби білім құрылымы мен мазмұнын белгілеу оңайға түскен жоқ.
Қазақ әдебиетінің пән ретіндегі жолы 1930 жылдардан басталады десек, одан бергі ғылыми жарты ғасырдан астам уақытта қаншама күрделі шешілгенін айқын пайымдаймыз. Бағдарламалар мен оқулықтар жасаудағы тәжірибенің болмауы, әдебиетті, оның тоериясы мен оқыту әдістемесін жақсы білетін мамандардың аздығы осы бағыттағы жұмыста көптеген қиындықтар туғызды. 1939-1940 жылын қазақ әдебиетінің пән ретінде қалыптасқан мерзімі деп санаймыз. Ойынымызды тұжырымдай келе айтарымыз, Ыбырай Алтынсарин ашқан қазақ мектептерінен бастап оқытыла бастаған әдебиет пәні 1927 жылға дейін жеке пән болып саналмады, ол қоғамтану пәнінің құрамына енгізіліп отыр.
Тарихи деректерге сүйене отырып қазақ әдебиеті пәнінің мектепте пән болып қалыптасуы мектеп тарихымен бүтіндей сабақтас мәселе екендігіне көз жеткізуге болады. Пәннің бастапқы қалыптасу кезеңінде мектеп сұраныс көзі қызметін атқарды. «Қазақстанда он сегізінші ғасырдың аяғында қазақ балалары үшін мемлекет құзырына қарасты мектептер пайда бола бастады. Атап айтқанда, 1789 жылы Орынборда мешіт жанынан мектеп ашылса, келесі қадам 1825 жылы Орынбор қаласында Неплюев кадет корпусы, 1825 жылы Омск кадет корпусы, 1841 жылы Ішкі Бөкей Ордасында Жәңгір хан ашқан қазақ мектебі ашылып, оларда қазақ балалары қабылданатын болды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында 1861 жылдан бастап орыс-қазақ мектептері Троицкіде, Торғайда, Ырғызда, қазанда, Перовскіде ұйымдастырылды. 1876 жылы Қазақ мұғалімдер семинариясының директоры Н.И.Ильминский идеясы бойынша қазақтарды орыс алфавиті көмегіменоқыту қолға алынып, бұл жұмысқа Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалған Ы.Алтынсарин тартылды.
Ы.Алтынсарин орыс сауатын оқытатын бірнеше ауылдық мектептер ашты.
Жалпы ХІХ ғасырдың екінші жартысында, ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда мектептің білім жүйесі мынадай еді:
1. Орта оқу мекемелері – ерлер мен әйелдер гимназиялары, жылдық училищелер, мұғалімдер семинариялары.
2. Бастауыш оқу мектептері- қалалық училищелер, орыс-қазақ және орыс-туземдік мектептер мен училищелер, ауылдық-болыстық мектептер, бастапқы сауаттылық беретін мектептер.
3. Кәсіби оқу мекемелері-мұғалімдер семинариялары мен мұғалімдер мектептері, ауыл шаруашылығы мектебі, фельдшердік мектеп және қолөнер мектебі.
Бұл мектептердің саны, әрине көп емес еді.
1898 жылға қарай 730 бастауыш мектеп , оның ішінде 262 діни мектеп болған. Оларда бүкіл Қазақстан территориясындағы мектеп жасындағы балалардың барлық санының 93,9%-ы қамтылған, ал оның ішінде қазақ ұлты балаларын атап көрсетсе, бұл көрсеткіш ұлғая түседі», - дейді Т.Тәжібаев.
Т.Тәжібаевтың монографиялық зерттеуінен бұл деректерді келтіру себебіміз, біріншіден, қазақ балаларының саны ол мектептерде өте аз болғанын ,екінші, аталған мектептерде оқу орыс тілінде (негізінен) жүргізілгеніне және қазақ балаларын орысша бастапқы сауаттылыққа яғни тілмаштық іске жарайтындай деңгейіне бағытталып жүргізілгеніне көңіл аудару еді. Оларда жалпы білім беру, соның ішінде математика, табиғаттану ілімдері қарастырылған.
Бұл мектептерде орыс тілінде оқып жазу, арифметика дағдылары, діни оқу сияқты пәндер оқытылған, оның оқу-материалдық базасы нашар, қаржыландыруы өте қанағаттанғысыз жағдайда болған, ол оқыту деңгейінің тіптен нашарлығын 1882 жылы Түркістан өлкесіне халық училищелерінің бас инспекторы Забелиннің «Басқа ұлттарға білім беру ісінің дамуы мен нәтижесінің шектентыс төмендегі сатыда тұрғанына менің көзім жетті»,-деп жазғанымен сипаттауға болады. Ал ішкі Орда халық училищелерінің инспекторыН.Леванов мектептерде оқу құралдарының жоқтығын жаза келіп, балалар орысша оқып, жазуды өте нашар меңгергенін және толық сауаттылықты, белгілі дәрежеде дамыту туралы бұл мектептерде сөз қозғау да мүмкін еместігін айтады.
Міне, отар елдердегі халыққа білім берудің осындай жағдайында, бодандық шектеушіліктің соншалықты саяси және рухани төзгісіз жағдайында қазақ балалары үшін қазақ тілінде алғашқы оқулық «Қырғыз хрестоматиясы» (Қазақ хрестоматиясын) жазып, баспадан шығарып, оны мектеп тәжірибесіне енгізуі Ы.Алтынсарин тарапынан тарихи бастама болды, бұл қазақ әдебиеті үлгілерін мектепте оқытудың алғашқы қадамы еді. Ы.Алтынсарин тұңғыш қазақ оқулығын неге хрестоматия түрінде жазуды таңдап алған деген сұрақ тууы мүмкін.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей педагогтары арасындапәнді оқытудың негізгі мақсаты- мектептен алып шығатын ақпараттар беру емес, жалпы іскерлікті қалыптастыру, атап айтқанда ,ойлау, сөйлеу, жұмыс қабілеті, тәртіптілік дағдыларын бірінші кезекке машықтандыру деген пікір үстем болды. Ол пікірді ұстанушылардың ой-ниеті кейін тез ұмытылады немесе өмірде тіптен пайдаланылмайды, ал логикалықб ойлау, жаңа жағдайларға тез бейімдей білу, сөйлеу және жазу, жұмыс істей білу іскерліктері барлық жерлерде керек болады, олар әрі әрқашан ұмыт болмайды- деп түсінген. Сол себептен де мектепте жалпы дағдаларға айрықша мән беріліп,,оқу құралдары негізінен хрестоматиялық сипатта жасалынған болатын.
ХХ ғасырдың бас кезінде бастауыш училищелері (мектептері) үшін құрастырылған әдеби оқулықтардың хрестоматиялық түрде болғанын осындай үстем педагогикалық идеяның ықпалы деп түсінуге болады. Сонымен қатар бұл оқулық бастауыш оқу сатысыны арналған еді.
Ы.Алтынсарин Торғай, Ырғыз, Ақттөбе, Николаев уездерінде уездік екі кластық мектептер ашады, бұлардың кейінгі екеуінде тек қазақ балалары оқыды, кейін Бөрте, Қарабұға, Обаған, Жетіқара, қаратоғай болыстарында да осындай мектептер1881 жылы Омбы қаласынан қазақтың тұңғыш оқытушылар мектебі ашылған. Ы.Алтынсарин өзі ашқан жаңа мектептердің жұмысына ждұрыс бағыт беріп, үнемі көмек көрсетіп отыратын рухани басшысы да болды. Өзінің бір хатында «оларға» (мектеп жастарына) адамгершілік жағынан әсер етуге де бар күшімді салып отырмын»,- деп жазды Ыбырай.
Ы.Алтынсарин өзінің ағартушылық идеяларын халыққа кеңінен жеткізу мақсатымен жаңа мектептерді қаншама көп ашқанымен, бүкіл қазақ балаларын толық қамти алмайтынына көзі жетіп, жаңа оқулықсыз бұл мектептерде де күткен нәтижелерге қол жетпейтінін байқады. Олар үшін ендігі жерде оқулық жасауға кірісіп, 1876-1879 жылдары бұл мақсатына да жетіп, 1879 жылы Орынборда «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы атты оқулық жазып, баспадан шығарады.
Қазақтың алғашқы оқулығы шыққан қарсаңда Қазақстанда қазақ тілінде оқулықтың болмағанынан Ы.Алтынсариннің өз жазғаны да хабардар етеді.
Қазақ халқының сауатсыздығынан, қазақ тілінде басылған бірде-бір кітаптың жоқтығынан оқу орындарының мұғалімдері қазақ балаларын оқытқанда, амалсыздан қазақ тілінің орнына татар тілін пайдаланып жүр. Сондықтан шәкірттерге амалсыздан татар тілінен ешқандай кемдігі жоқ ана тілін тастап, татар тілін үйренуге тура келеді.
Екінші жағынан татардың кітап тілі араб, парсы сөздеріне толған, сол себепті ол сауатсыз қазақтарға түсініксіз. Бұл тілде басылып шыққан кітаптардың бәрі де тек дін туралы жазылған кітаптар, сондықтан олар осы жағынан алып қарағанда, дүниелі мақсаттарды көздейтін орыс-қазақ мектептерінде пайдалану үшін қолайсыз»- деп жазды ол.
Ұлы ағартушының халқының сауатсыздығы үшін күйзеле отырып перзенттік сезімінен туған, үлкен өкінішпен айтылған бұл сөз, оның оқулық жазуына түрткі болған еді.
Мұндағы мақсаты туралы ол тағы да былай деп жазды:
«Бұл кітапты құрастырғанда мен біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы болу жағын, сонымен қатар жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап болу жағын көздедім».
Хрестоматия орыс әрпімен басылып шықты. Ол туралы: «бұл шығарған кітабіміз көздеген мақсатпен сәйкес болып, орыстың ғылыми кітаптарын пайдалана білуге тікелей жол салып беру үшін және сол орыс кітаптарына мағынасы жағынан да,әрпі жағынан да қайшы келмеуін көздеп, орыс әрпімен бастырғанды қолайлы деп таптық»- деп жазды автордың өзі.
Ы.Алтынсариннің қазақ әдебиеті үлгілерін енгізіп алғаш жазған қазақ оқулығының дүниеге келу себебінің өзі біріншіден, қазақ балалары үшін оның өзі ашып ұйымдастырған мектептердің қажеттігінен, сұранысынан туған еді.
Ы.Алтынсаринге дейін әдеби мазмұндағы қазақ оқулығы былай тұрсын, таза қазақ тілінде оқытатын мектептің де болмағанын жоғарыда келтірген едік. Ондағы мақсат қазақша әдеби оқулық жазуға қоғамдық сұраныстың болмағанын дәйектеу еді. Ендігі жерде Ы.Алтынсарин екі бірдей маңызды, қажетті тарихи бастама жасады:
а) қазақ тіліндегі оқулықты қажет еткен таза, қазақ мектептерін ашты;
ә) ашылған қазақ мектептерінің сұранысын қанағаттандырды, алғашқы оқулық жасап шығарды.
Ы.Алтынсарин өзі бастаған ұлы істің жалғасы үзілмеуін қалады және солай болатынына сенгендіктен де оның тарихи маңызына өте зор мән берген болатын.
«Мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақ өз тілінде шығара беру керек»,* деп жазды Ы.Алтынсарин.
«Қазақ хрестоматиясы» қазақ әдебиеті пәнінің атасы, әдебиет оқулығын жасаудағы алғашқы тәжірибе деп бағаланады. Басталған іс үзіліп қалмай, ыбырай оқулығы үлгісінде қазақ тілінде әдеби мазмұндағы оқулықтардың шығып, бүгінгі кәсіби педагогикалық сападағы әдебиет пәніне ұлғасуымен ұштасты.
«Қазақ хрестоматиясы» кейін біраз қысқартылып 1889,1896,1899 жылдары «Махтуба» деген атпен, араб алфавитімен басылды.
«Махтуба» арабша «хаттар» деген мағынада 1906 жылы А.Васильев редакциясымен едәуір толықтырылып, орыс алфавитімен қайта жарияланды.
Кітаптың құрылымы жөнінде «Сөз басында» Ы.Алтынсарин былай деп жазды:
Бұл басылып отырған бірінші кітаптағы мақалалар мынадай тақырыптарға бөлінеді:
1. Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматияларынан, көбінесе, М.Паульсонның хрестоматиясынан алынды.
2. Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгіелер.
3. Қазақ ақындарының ең жақсы өлең*жырларынан үзінді.
4. Қазақтың мақал-мәтелдері.
Ы.Алтынсарин оқулығында балаларды қазақтың әдеби мұраларымен ғана таныстыруды мақсат етпеген, ол кітапты басқа әдебиет үлгілерімен де қамтамасыз еткен.
Ол адамзаттың игілікті озық құндылықтарының қазақ қауымының да рухани игілігіне айналуын армандаған, әлемдік қауымдастықты аңсауды кемеңгерлікпен мәдени инетеграцияны сезіне білген.
Ы.Алтынсарин аударған, Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, И.Паульсон т.б. педагогтардың шығармашылық тәжірибесінде бар құбылыстың кейбірі «Қазақ хрестоматиясының» басылымдарына енгізіліп отырады. Атап айтқанда әйгілі «Азбуканың» авторы Л.Н.Толстой оқулық құрастырғанда таза дидактикалық мақсатта балаларға арнап әлем әдебиетінің үлгілерін сұрыптап өңдеген.
Ә.Дербісалин зерттеуі бойынша «Қазақ хрестоматиясына» енген шығармалардың отыздан астамының түпнұсқасы табылған.
«Ы.Алтынсарин жасөспірімдерге адамгершілік рухта тәрбие бере алатын еңбектерді ғана аударды және осы аудармалары арқылы оның қандай нақтылы тәрбие мәселелеріне көңіл бөлгендігін де біле аламыз. Ағартушы аудармаларының негізгі тақырыптары еңбек, адамды сүйе білу, кішіпейілдік, қарапайымдылық, үлкенді сыйлау, жолдасты қадірлеу т.б.болды. Бұл мәселелер Алтынсариннің педагогикалық идеяларының озық сипатын танытады», деген Ә.Дербісалиннің пікірінн Алтынсариннің ұлттық талғам мен адамзаттық құндылықтарды үйлестіре білген, жоғары мәдениетті, аса білімді педагог болғанын аңғарамыз.
Алтынсариннің өзі бұл істе көп еңбектенгенің айтады. «Бұл кітапта келтірген әңгімелердің қазақтар үшін ұнамды болуы жағын көздедім. Сондықтан бұл кітапқа енгізілетін әңгімелерді тергенде көп қиыншылықтарға кездестім, әрбір мақаланы әр жағынан ойлап барып қосу керек болды», - дейді. Алайда Алтынсарин орыс тіліндегі мәтін-дерді жөнсіз қазақыландыра бермеген, олардың түпнұсқадағы стильдік ерекшеліктері мен оқиға тартысына байланысты барлық қасиеттерін толық сақтай аударған.
Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясында» халқының әдебиетін мәдени мұра ретінде тани білді, оны жинап бастыруға талаптанып «Хрестоматиясының» екінші кітабында қазақтың төл әңгіме, аңыздарына кеңірек орын беруді ойластырған.
Ы.Алтынсарин «Қазақ хрстоматиясына » енгізген ауыз әдебиеті үлгілерін төрт түрге бөліп қарауға болады: аңыз әңгімелер – «Лұқпан әкім», «Таза бұлақ», «Жиренше шешен» т.б ертегілер – «Қара батыр», «Тазша бала» т.б.; эпостық шығармалар – «Қобыланды» және басқа да жырлардан үзінділер, мақалдар мен мәтелдер, жалпы саны – 69.
Осыларға қоса сол кездегі қазақ әншілері мен жыршылары шығарған кейбір өлең, айтыстарды да кездестіруге болады.
Ы.Алтынсариннің оқулығында өзі жазған қысқа да өнегелі әңгіме, өлеңдер бар: «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер- білім бар жұрттар» сияқты өлеңдерінде оқу-өнерге шақырса, «Қыпшақ Сейтқұл», «Киіз үй мен ағаш үй» әңгімелерінде отырықшылық мәдениетті көркем уағыздайды. Ы.Алтынсариннің әңгіме, өлең сияқты шағын көлемді туындыларға көбірек көңіл аударып жазғандағы мақсаты сол кездегі жаппай сауатсыздық жағдайында білім есігін жаңа ашқан қазақ балаларының оқып меңгеруіне дидактикалық тұрғыдан ұсынған жеңілдік деп қарауы еді. Оның әңгімелері, өлеңдері шын мәнінде өз заманында оқулық дәрежесінде қызмет етті.
Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясында» және басқа да мақалалары мен хаттарында қазақ мектебі тәжірибесінде оқу әдістемесін тұңғыш рет енгізді.Әдістемелік жүйесі 4 буыннан тұрады:
1) материалдарды оқуға балалардың жас ерекшеліктеріне, педагогикалық прогресшіл талаптарға сай сұрыптап енгізу;
2) материалдың орналасу, берілу тәртібі оның тәрбиелік-өнегелік мәндерінен тууы керек және ол оқушыларға оқыту әдістемесін алғашқы болып сөз етеді.
3) оқушының материалды меңгеруде көңіл аударатын мәселелері;
4) оқытушының әрекеттері.
Әрине, Ы.Алтынсарин әдістеме туралы айтқанда белгілі бір оқу бағдарламасына сүйенді деп айта алмаймыз. Ол кеөзде оқулық мазмұны мен оқытудың мақсат-мазмұнын айқындайтын бағдарлама жоқ еді. Ы.Алтынсарин мәселені бағдарлама жасаудан емес, хрестоматия құраудан бастады және оның хрестоматиясы ауыз әдебиетінің, белгілі ақындар өлеңдерінің әлемдік әдебиет үлгілерінен құрастырылған, сонымен бірге өзіне дейінгі хрестоматия жасаудың классикалық тәжірибесін меңгеріп барып құрастырылған оқулық құралы болды, қазақ педагогикасы, қазақ оқу әдістемесі, қазақ оқулығының бастапқы тәжірибесі болды.
Ы.Алтынсариннен басталған қазақ педагогикасының желісіндегі ірі тұлға – ұлы Абай еді.
Абайдың ағартушылық ойлары туралы Т.Тәжібаев: «Ол не туралы жазса да, әрдайым халық ағарту жөнінде, халыққа өнегелі тәрбие беру жөнінде айтады» - деп тұжырымдаса, ал көрнекті педагог Ә.Сембаев Абай қара сөздері арнайы педагогикалық еңбек болғанымен, онда дидактикалық үрдістер негіздері бар екендігіне назар аударады.
«Абай оқу процесін ұйымдастырудың тиімді дидактикалық принциптерін ұсынды. Онда өтілетін материалды біртіндеп күрделендіру, белгілі нәрседен белгісізге көшу, көрнекті құралдарды және құрғақ жаттау емес, өздігімен ойлануға, түсінуге септігі тиетін нанымды дәлелдерді пайдалану сияқты күрделі ұсыныстары бар» -деп жазды.
Оқу пәндерінін жетекші пәндік критерийлерінің бірі оның білім мазмұнының тәрбиелік,өнегелік мәні болса, қазақ әдебиеті пәнінің білім мазмұнының негізгі құрамдас бөлігі ауыз әдебиеті өзінің тәрбиелік, өнегелік мазмұнымен пәндік сипаттаудың осы негізгі элементтерін бойына сіңірген. Бұл тұрғыдан алғанда пәндік бастаудың бір саласы ауыз әдебиеті отаншылдық, перзенттік сезімге үндеуімен, дүниетанымдық мазмұнымен, ғасырлар бойында ұрпақтан-ұрпаққа рухани қазынаны жеткізген тарихи-шежірелік білімімен ауызекі мектеп қызметін атқарып келді. Бүгінгі ғылым оны «халық педагогикасы» деп атап, дербес ғылым саласы ретінде дәйекті зерттеп,(Қ.Жарықбаев, С.Калиев т.б.) ауыз әдебиетінің ұлттық педагогиканың бір құралы болғанын танып отыр.
Міне, сол әдебиет халықтық ауызекі мектептен, Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясынан» бастап оқулық түрінде заттанып, білім мазмұнының құрамдас бөлігі ретінде мектептердегі көркем әдебиет туындыларына, аударма еңбектерге енгізіле бастады.
Бұл процесс ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда демократиялық ағартушылық қозғалыстың даму қарсаңында біршама қарқынды жүрді.
Сол кездегі баспадан шыққан оқулықтардың екі бағытта болғаны байқалады. Бірінші бағыттағысы төтенше оқу мектептеріне арналған оқулықтар еді: Н.Нұрбайұлы «Қазақша әліппе» (1910 ж.,Уфа), Е.Закарияұлы «Қазақ әліппесі»,(1910 ж.,Қазақ), М.Малдыбаев «Қазақша жаңа әліппе», (Уфа,1912 ж.), бұл оқулықтар мұсылмандық-имандылық сипатта болды.
Екінші бағыттағысы Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» үлгісін ұстанған оқулықтар еді: С.Көбеев «Үлгі тәржіме»,1910 ж.(Крылов мысалдарының қазақша аудармасы), О.Алмасов, Т.Мендешев, К.Бейсембаев ауылдық мектептерге арнап орыс мектептері хрестоматияларын аударып бастырады. Соның ішінде М.Ронгинскийдің жинаған әдеби материалдарының қазақша аудармасы да болған.
Н.И.Ильминскийдің жүйесі бойынша қабылданған 1870 жылғы Халық ағарту министрлігінің ұлттық мектептер туралы бірінші заңы бойынша барлық ұлттық мектептер орыс емес ұлт балаларының орыс тілін меңгеру дәрежесіне қарай 3 категорияға бөлінеді. Бірінші категория мектептерінде орыс тілін меңгергенше алғашқы жылы орыс әрпімен басылған оқулықтар бойынша ана тілінде оқуға рұқсат етілді. Екінші категория мектептерінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Алайда ондағы мұғалімдер жергілікті ұлттардың тілін білуге міндетті болды.
Ана тілін орыс тілін меңгергенге дейін ауызекі түсіндіру үшін ғана қолдануға рұқсат етілді.
Үшінші категориядағы мектептерде оқу тек орыс тілінде ғана жүргізілді, ана тілін қолдануға рұқсат етілмеді. Ұлттық мектептерді орыстандыру саясаты үздіксіз күшейтіліп отырылды. Бұрынғы ережедегі ауылдық бастауыш мектептердің алғашқы екі жылында ғана ана тіліндегі оқулық бойынша оқытуға немесе оны ауызша түсіндіруге ғана қолдануға рұқсат етілді.
Төңкеріске дейінгі орыс-қазақ мектептері әр түрлі типті болды және олардағы оқу мерзімдері де бөлекше болды. Әр округқа (Астрахань губерниясы,Далалық генерал-губернаторлық, Түркістан генерал-губернаторлық т.б. округтер) орыс-қазақ мектептері үшін әр түрлі өзіндік ерекше ережелер болды.
Орыс-қазақ мектептерінде тек Ресейдегі баспадан шыққан оқулықтарды ғана пайдалануға болатын еді. Олардың ішінде негізінен әдеби материалдар орыс әдебиетінен аударылған аудармалар және қазақ әдеби мұраларының үлгілерінен құрастырылған оқулықтар болды. Мысалы: Ы.Алтынсариннің «Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне үйретудегі бастапқы жетекші құрал «Қазақ хрестоматиясы» қазақ тілінде басылды; орыс тілінде (материалды жергілікті ұлт тіліне аударып оқыту міндеттелді) А.С.Алекторовтың «Русско-киргизская азбукасы», В.Васильевтің «Букварь для киргиз» деп аталатын оқулықтары пайдаланылды, кейбір мектептер К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстойдың, Н.А.Бобровжиковтың, А.П.Вахтеровтың, Д.И.Тихомировтың осы тектес оқулық құралдары дарық көреді. Онда негізінен әдеби материалдар жинақталған. Сонымен бірге ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда қазақ балалары үшін 2-3 жылдық ауылдық мектептер, 1 кластық 4 жыл оқитын орыс-қазақ мектептері, 6 жыл оқитын екі кластық орыс-қазақ училищелері ашылды.
Ал оларды оқулықтар мен және оқушылармен қамтамасыз ету де қиындай түседі. Осы кезде мектеп инспекторлығы жұмысында екі ғана қазақ болды. Олар- Алтынсарин (1876 ) мен Ғ.Балғынбаевтар (1906 ) жылы болды.
Дәстүрлі мұсылман мектептрінен басқа ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда татар жазушысы И.Гаспринскийдің негізін салған үлгідегі жәдит мектептері ашыла бастады.
Түркістан, Ақтөбе, Жаркент, Верный, Қазақ т.б. қалалардағы бұл мектептердің дәстүрлі ескі тәсілдік мұсылман мектебінен айырмасы- мұнда мұсылман ілімімен бірге жалпы білім беру көзделді. Мәселен, Мамановтар мен Тұрысбековтердің жаңа әдістік мектебінің оқу жоспарында дін сабақтарының бес түрі, жалпы білім беретін пәндердің 8 түрі болған. Оның ішінде ана тілін яғни қазақ тілін барлық бес жыл бойында үздіксіз оқу көрсетілген. Бұл жоспар аздаған өзгешеліктері болмаса, сол кездегі басқа да жаңа тәсілдік мектептерге тән болған. Жаңа тәсілдік мектептің тез тарауы жаңа оқу құралдарын жасауды қажет етті.
Сөйтіп ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстан мектептерін қажетін өтеу мақсатында оқу материалы ретінде орыс әдебиеті шығармаларынан аудармалар қазақ әдеби мұралары үлгісіндегі хрестоматиялық оқулықтар түрінде беріле бастайды. Бұлар әлі ғылыми-педагогикалық жүйеден алыс болса да, сөз жоқ әдебиет пәні оқулығының алғашқы ізденістерден туған үлгі нұсқалары еді, олар кейінде пайда болған әдебиеттік оқулықтар жасау жолындағы тәжірибе ретінде де маңызды болып табылған әдеби білімнің мазмұнын құрудың бастамасы болды.
Қазақ әдебиеті пәнінің әдеби –білім негіздері, әдістемелік ой-санасы ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ баспасөз беттерінде тарихи-әлеуметтік қажеттіліктің тілі негізінде қоғамдық пікірде көрініп құрылып жатты.
«Айқап» журналы, «Қазақ» газеттері ағартушылық идеялар көрігі болды. Мәселен, «Айқап» журналы оқулықтар, өлең кітаптары қазақ тілінң тазалығы, басылып шыққан халық ауыз әдебиеті жинақтары туралы рецензия, сын мақалаларды көптеп жариялады, бұның өзі әдеби-теориялық ой-пікір қалыптастыруда жетекші ұстаным болды.
Журналдың айрықша көңіл аударған мәселелерінің бірі- қазақ тіліндегі оқулықтарға талап-тілектің күшейтілуі еді. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ тілінде жарық көрген М.Нұрбаевтың «Қазақша әліппе», «Ғалия» медресесі шәкірттері шығарған «Әліпп» яки төте оқу, Қ.Қожықовтың «Әліппе», А.Байтұрсыновтың «Оқу құралы», М.Малдыбаевтың «Қазақша ең жаңа әліппе» атты оқулықтары жан-жақты талқыланды. Оқулықтардың педагогикалық сипаты балаларға түсінікті жазылу тұрғысынан бағаланды, таза қазақ тілінде талап етілді. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясын» үлгіге ұсына отырып, олар прогресшіл озық-әлемдік сыншылдық-ғылымдық ой-пікірмен сабақтасып жатты. Жалпы қазақ мәдениетінің даму тарихындағы сияқты қазақ әдебиеті әдістемесінің бастауларының қалыптасуына ХХ ғасырдың бас кезінде елеулі қызмет атқарған ағайынды Каримов баспаханасында, осыған үндес оқу құралдары жарық көрді. Мәселен, 1913-1914 жылдары сол Қазан қаласындағы ағайынды Каримов баспаханасынан көптеген педагогикалық жарияланымдар шыққан. Соның ішінде Омар Қарашевтің «Бала тұлпар», «Аға тұлпар»; Иманғали Бейсенұлының «Әдебиет өрнегі», Тайыр Жомартбаев «Балаларға жеміс», Кенжеғали Абдоллаұлы Сырғалиннің «Қазақ балаларына жәрдем», Ахмет Байтұрсыновтың «Әліппе» т.б. жазған оқулықтар болған.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстанда Совет үкіметін орнату, орнығу процесінің күрделілігі, соған байланысты халық ағарту жүйесіндегі қиындықтар, әдеби және мәдени мұраларға, ұлттық рухани қазынаға түбірімен басқа да көзқарас салдарынан туған әдебиет тарихын сұрыптау ,әдеби өнімдер беру ісіндегі өлшемдер құбылмалылығы сияқты саяси-экономикалық, әлеуметтік дағдарыс-күйзелістері әсерінен әдебиет пәнінің пән ретінде қалыптасы кезеңі де кешеңдеді. Мектептегі сабақтар аты белгілі, таптық позициясын әкімшіліктер анық деп тапқан аздаған ақындардың жекелеген өлеңдерін оқытумен шектелді. Бұл әңгімеге көңіл аударып отырғанымыз- тарихи жолымызды ғайбаттау немесе айыптау емес, зерттеу мәселесі қазақ әдебиеті пәнінің қалыптасу процесінің тарихи негізін айқындау ниетінен туып отыр. Ал тарихты ешкім де мойындамай, елемей өте алмайды, керіснше тарих-алдағы дамудың ілгерілеу бағытында бағдар болып тұратын темірқазық болып табылады. 1920 жылғы 26 августа (тамыз) Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитеті мен РСФСР Халық Комиссарлары Советінің РСФСО құрамында Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру туралы қаулысы қабылданды.