Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!



бет1/5
Дата07.04.2023
өлшемі28,92 Kb.
#80258
  1   2   3   4   5



Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті Шетел тілдері кафедрасының 6В01719- Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын және түрік тілдері) мамандығы бойынша IV курс
студенті: Қыдырәлі Нұрсұлу Қуатқызының өткен
Тәрбие сағатының тақырыбы: Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!.
Мақсаты:
1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
2.Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.
3.Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.
Бейбарыс.
Бағыма көктемменен еніп едің
Іздедім шуағыңнан көңіл емін.
Бір мезгіл жоғалғаным табылғандай
Шаттанды шашуыңнан төңірегім
Көркейтсін баспасын да даланы мұң
Тербетсін табиғатты дана жырың
Қош келдің төрімізге төрлет бүгін!
Лаула:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді!
Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! 2-сынып оқушылары дайындаған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні.» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер!
Айдынхан:
Уа, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
Шолпан: Ух! Гүлнаурыз қызымыз екеуіміз талай үйге кіріп шықтық, ағайын – жамағат, көрші – қолаңға жақсы ниетіміз бен тілегімізді білдірдік. Бір көрісіп қуанысып қалдық. Уақыт біршама болып қалыпты, қызым, адыраспан әкелші, үйді аластап жіберейін.
(үйді аластайды)
Алас-алас, әр пәледен алас!
Қараңғы – жарыққа, ызғар – жылыға,
Қара – аққа ауыссын! Жамандық кет!
Бәле – жала кет! Алас! Алас!
Сор – баққа, кесір – киеге.
Жоқ – барға ауыссын! Жамандық кет!
Бәле – жала кет! Алас! Алас!
Балалар төрге қос шырақ жағыңдар. Үйдегі ыдыс атаулының бәрін аққа, ырысқа, кәусәр бұлақтың суына толтырып қойыңдар.
Жыл бойы ақ мол болсын! (Ыдысқа ақ құяды).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет