Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау. Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Эссе түрлері 1. Сипаттамалық 2. Анықтамалық 3. Хабарламалық 4. Салыстырмалы немесе кереғар 5. Дәлелдеме 6. Аргументтік 7. Әдеби Ертегі- фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.
Түрлері: 1) жануарлар (хайуанаттар) туралы ертегілер. 2) қиял-ғажайып ертегілер. 3) батырлық ертегілер. 4) ғибраттық (новеллалық) ертегілер. 5) сықақ (сатиралық) ертегілер.
-
Хикая- ел өмірінде бар деп сенген неше түрлі жезтырнақ, үббе, албаты, күлдіргіш, жалғыз көзді дәу, шайтан, пері, дию сияқты нәрселер туралы діни нанымға негізделген әңгімелер. Мысалы: «Ақ Мешіттің бері жағында, өзімен үшінші қызыл үйдің маңайында Бірқазан деген көл бар. Сол Бірқазаннан кешке таман екі жігіт түнде, айдың жарығымен Ақ Мешітке келе жатса, жолдың бір жағында екі бойжеткен қыз отын арқалап жүре берді. Біраз тұрған соң екеуі де қалың тоғайға еніп кетті де, бұлардың атын атап, әр жерге от жагып, «ауыл мұнда» деп шақыра бастады...» Міне, бұл - шайтанмен кездесуін баяндайтын хикаяның айтылу стилі. Мұнда айтушы көзімен көріп тұрғандай қылып айтады және осы өтірік емес пе екен деген ешқандай күдік те жоқ. Назарларыңызға рақмет!