Әдебиеттік оқу 4-сынып Қазына көтерген бала кім?



Дата24.05.2023
өлшемі17,89 Kb.
#96714
Байланысты:
Тест әдебиеттік оқу 4 сынып


Әдебиеттік оқу 4-сынып
1.Қазына көтерген бала кім?
А) Ш.Уәлиханов Ә) М.Әуезов Б) Қ.Сәтбаев
2. Жұмбақты шеш:
Бір нәрсе қанаты бар, ұшпас биік,
Сонда да жүрмейді екен жерге тиіп.
Арасын жер мен көктің өрт алса да,
Кетпейді ешбір жері отқа күйіп.
А) балық Ә) жапалақ Б) түйеқұс
3. Төрт түлік жырларында жылқының иесі қалай аталады?
А) Зеңгі баба Ә) Ойсыл қара Б) Қамбар ат
4. Жоңғарлардың қазақ даласына басып кірудегі мақсаты:
А) хан билігіне таласу -
Ә) қазақтың бар байлығын иемденіп, жерін басып алу
Б) қазақ елімен қарым-қатынасты күшейту
5. «Әжесі өлген соң, көңілінде де тіршілігіне сүйсінгендей ашық күн болған жоқ»- деген сөйлем қай мәтіннен алынған?
А) Бала Тұрар Ә) Жетім Б) Тау қыраны
6. Белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге, белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа балап, көрнектеп, ашығырақ көрсету үшін қолданылатын бейнелі сөзді тап:
А) теңеу Ә) кейіптеу Б) суреттеу
7. «Ауылдың малы балалап,
Айран шықты аз-көпті»,-деген өлең жолдарын кім жазды?
А) М.Хакімжанова «Көктем жыры»
Ә) Ш.Құдайбердіұлы «Жаз келер»
Б) І.Жансүгіров «Көктемде»
8. Туған жердің бүлінген табиғаты туралы жазылған әңгіме қайсысы?
А) Ж.Жұмаханов «Ақ боран»
Ә) А.Алтай «Дегелеңдегі жарылыс»
Б) М.Қалдыбаев «Үлек»
9. Монолог дегенді қалай түсінесің?
А) Болған оқиғаны айтып беру
Ә) Екі немесе бірнеше адамның кезектесіп сөйлесулері
Б) Кейіпкердің ішкі сезім дүниесін өзімен-өзін сөйлестіру арқылы беру
10. А.Байтұрсыновтың еңбегін ата:
А) Алтын бесік - Ә) Қара сөз - Б) Тіл құралы +
11. «Ара мен шыбын» өлеңін шығарманың қай түріне жатқызуға болады?
А) өтірік өлең Ә) жыр Б) мысал
12. Көп нүктенің орнына қай сөз лайықты?
Нар жолында ... қалмас.
А) жүк Ә) мал Б) жер
13. Көйлекке тәтті түйіп, оны иттің мойнына байлап жібереді. Итті балалар қуып жетіп немесе шақырып, ұстап, тәттісін бөліседі. Көйлектің аты не?
А) кәде Ә) иткөйлек Б) түйемұрындық
14. Сәйкестендір:

Асық

өтініш

Бұйымтай

күзет

Шоқы

тостаған

Қарауыл

әлсіз

Дәрменсіз

сақа

Керсен

төбе


15. Төле бидің шешендік сөзін аяқта:
Бақ- ... ... ,
Байлық- ... ... ,
Бала- ... ... ... .

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет