Мағынаны тану
ТЖ. «Джигсо» әдісі бойынша «Байқоңыр» өлеңін төрт шумаққа бөліп, топтағы 1-ден 4-ке дейін нөмірленген оқушылар өз нөміріне сәйкес шумақты оқиды. Басты мақсат – өлеңді оқу, ақпаратпен және автормен танысу.
Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа «сарапшылар»
тобы құрылады. Бұл жерде өлеңмен бірге «Жұлдызды қала» мәтіні де оқылады. Мақсаты – өлең мазмұнын бірлесе игеру, қосымша ақпарат арқылы қиын жерлерін талқылап, бір-біріне түсіндіру:
Қосымша ақпаратты толықтыру: Сырбай Мәуленов (1922 – 1993) – ақын. Қостанай облысы Жангелдин ауданында дүниеге келген. Ол соғыста өткен өзінің жастық шағы туралы
«Мыңқолдар сау болсын» деген өлеңінде:
«Мың гүлдер солмасын деп, – Гүлдей жастық күнімді бердім», – деп жырлайды.
Сөздікпен жұмыс
Ат күші – бұл жерде: зымыранның қуатын білдіреді Сұрақтар
Байқоңыр бұрын қандай жер еді?
Ақынның «Ғарыш дәуірі Байқоңырдан басталды» деуінің сыры неде?
- Өлеңде зымыран қалай суреттелген?
«Анықта» айдары
– Өлеңнен теңеу, эпитет сөздерді тап.
Дескрипторы:
. Өлеңді оқып, ақпаратпен танысады.
. Өлең мазмұнын топта талқылайды.
. Сұрақтарға жауап береді.
ҚБ: Смайликтер арқылы топ ішінде бірін-бірі бағалауын ұйымдастыруға болады.
|