Отан деген немене? Оның тұлға,түс, кейпін Достым,білгің келе ме?–
дей келіп, Отан жайлы қалам тартып, өлең арқылы Отанына өз сезімдерін білдірген ақындарды оқушылар еске түсіреді Сабақтың тақырыбы мен күтілетін нәтижені хабарлайды.
Мағынаны тану кезеңі.
(Ұ, МК) «Есіңе түсір» айдары бойынша М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін тыңдап, адам үшін қажетті үш ұғымды атау тапсырылады.
Дескрипторы: М. Мақатаевтың «Отан» өлеңін тыңдайды.
Өлеңде айтылған адам үшін аса қажетті үш ұғымды атайды.
«Қойын дәптер» әдісі жүргізіледі. Тұманбай Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады.
Аты-жөні
Тұманбай Молдағалиев
Туған жылы
1935–2011 ж.ж.
Туып-өскен жері
Ақын Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жарсу
ауылында дүниеге келген.
Шығармалары
«Құстар әні», «Құстар қайтып барады», «Республика
рәміздері», «Күміс кебеже» атты жинақтары
Ақпарат
Ақын
(Ж, Т) «Оқы» айдары
Тұманбай Молдағалиевтің «Отан» өлеңін мазмұнына сай мәнерлеп оқу тапсырылады.
Дескрипторы:
-Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнымен танысады.
-Өлең мазмұнын топта талқылайды. Тірек сөздер кестесі арқылы түсіндіреді.
ҚБ: Смайлдер арқылы топ ішінде бірін-бірі бағалауын ұйымдастыруға болады.
(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету. «Атаның рухына балау» дегенсөз тіркесінің мағынасын ашу.
Атаның рухына балау – ата-бабамыз сияқты құрметтеу (Т) «Зертте» тапсырмасы бойынша әр жұп өлеңнен ақынның негізгі ойын тауып оқиды. «Отаныңның өткені,
қазіргісі, келешегі туралы қайдан, неден білдің?» деген сұраққа жауап іздейді.
Дескрипторы: Өлеңнің негізгі ойын анықтайды.
Автордың ойын деректер келтіре отырып дәлелдейді.
Сұраққа жауап береді.
ҚБ: Смайлдер арқылы топ ішінде бірін-бірі бағалауын ұйымдастыруға болады.