«Есіңе түсір» айдары
- 3-сыныпта оқыған Әйтеке бидің ағайын-туыс, мінез-құлық туралы сөздерін есіңе түсір.
ТЖ. Шешеннің пікірін оқып, топтастыру сызбасын құраңдар.
Жақсы жігіт қандай?
ТЖ. Өлеңді қайталау әдісімен еске түсіру.
Ақын өлеңде бір нәрсені, құбылысты бірнеше рет қайталап, сөз әсерін күшейте түседі. Бұл – өлеңдегі қайталау әдісі.
«Дәлелде» айдары
«Бұрыс па, дұрыс па?» ойыны барысында Асан тақтаға жазған нақыл сөздердің дұрыс-бұрыстығын дәлелдейді. Яғни, шамның жанатынын, балдың сұйық болғандықтан ағатынын айтады.
Жақсылардың үлгісі – Жанып тұрған шамдай. Шешендердің сөзі – Ағып тұрған балдай.
Дескриптор: Өлеңге түзету жасайды.
|