Оқылымға берілген өлеңдегі көркем сөздерді қолданып, «Табиғатжәнеадам»тақырыбына шағын мәтін құрап жаз. Берілген жоспарды қолдан.
Жоспар:
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі
Табиғат тіршілік көзі
Табиғатты қорғау - әр адамның парызы
[6]
Балл қою кестесі
Сөйлеуәрекеті
Жауап
Балл
Қосымшаақпарат
Жазылым
Білімалушыныңықтималжауабы: Табиғат пен адам – егіз ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Табиғат – сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік.
Табиғат тіршіліктің құт-берекесі. Өйткені адамның бар өмірі табиғатпен байланысты. Сондықтан да табиғатты қорғау әр адамның міндеті. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. "Бір тал кессең, он тал ек"деп бекер айтылмаған.
1
Баламалымәтінқабылданады. Тақырыпқа сәйкес мәтін құрап жазады.
1
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.
1
Көркем сөздерді орынды қолданады.
1
Ойын еркін, жүйелі жеткізеді.
1
Сөздер мен сөйлемдердің мағыналық байланысын сақтайды.
1
Орфографиялық және
пунктуациялық қателер жібермейді.
Барлығы
6
Тоқсанбойыншажиынтықбағалаудыөткізуережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/ қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.