ӘДЕП ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ КОДЕКСІ
Академияның білім алушылары мен қызметкерлері академиялық адалдық қағидаларын және жалпы жұрт таныған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға тырысады.
Академияның білім алушысы мен қызметкерінің әдебі
Білім алушылар мен қызметкерлер:
жалпы жұрт таныған мораль нормаларын сақтайды және жалпы адами құндылықтарды құрметтейді;
академиялық адалдық нормаларын сақтайды;
Академияның беделін нығайтуға жәрдемдеседі және оған зиян келтіретін мінезқұлықтан аулақ болады;
өзгелердің құқықтарын, ар-намысын және абыройын құрметтейді;
әділетсіз қарым-қатынас жасауға және кемсітушіліктің, тіл тигізудің және қысымшылықтың барлық түрлеріне жол бермейді;
әңгімелесу барысында сыпайылық танытады және күлімдейді;
шешім қабылдауға жеке көңіл білдірулермен немесе жеккөрініштілікпен әсер етуге мүмкіндік бермей, өзінің мінез-құлқын, сезімін және эмоциясын бақылайды;
барлық адамдармен қызметтік немесе әлеуметтік жағдайына қарамай бірдей дұрыс қарым-қатынас жасайды;
әріптестерінің іскерлік қасиеттерін, мінез-құлықтары мен жеке өміріне қатысты теріс пікірлер білдіруден тартынады;
өз міндеттерін жоғары жауапкершілік, тәртіптілік, әділдік және адалдық таныта отырып орындайды;
ұжымда өзінің жұмыс пен оқуға деген қатынастарымен позитивті моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етеді;
қызмет бабындағы сыйластықты және іскерлік этикетті сақтайды;
өзінің кәсіби, басқарушылық және тұлғалық құзыреттіліктерін дамытады;
іскерлік киім стилін ұстанады;
Академияның мүлігі мен жабдығына ұқыпты қарайды, тазалық пен тәртіпті сақтайды;
Академияның позитивті имиджінің артуына ықпал етеді және Академия имиджіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратуға жол бермейді.
Академиялық адалдық
Академиялық адалдық – бұл академиялық және ғылыми ортадағы мінез-құлық принциптері, қағидалары мен құндылықтардың жиынтығы. Ол жеке жұмыс орындау, бейтаныс адамның зияткерлік еңбегіне құрметпен қарау және көшіріп алу, плагиат (бөгде адамның зияткерлік меншігін иелену), өзін-өзі плагиаттау, жасырып қалу, келісу, білімді ағымдық және қорытынды бақылау тапсырмалары туралы ақпаратты заңсыз беру; бір жұмысты бағаланатын тапсырмалардың әртүрлі түрлеріне ұсыну; анық емес деректерді (бұрмалау) ұсыну және тәртіпсіз академиялық мінез-құлықтың өзге де әрекеттерін жасау сынды жосықсыз тәжірибеден бас тарту барысында танытылатын парасаттылық, адалдық пен жауапты мінез-құлықты қамтиды.
«Академиялық адалдық лигасы» жоғары оқу орындары қауымдастығының (бұдан әрі - Лига) мүшесі бола отырып, Академия өз қызметінде Лига жариялаған академиялық адалдықтың он негізгі қағидатын ұстанады және іске асырады:
1) Академиялық адалдық Лиганың әрбір мүшесінің, оның білім беру процесі мен зерттеулерінің негізгі құндылығы болып табылады.
2) Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдықтың нақты, әділ және объективті стандарттарының, дәйексөз және мінез-құлық ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
3) Лиганың әрбір мүшесі академиялық және / немесе зерттеу мақсаттары үшін ұсынылған сипатына, мазмұны мен көлеміне қарамастан, барлық жазбаша жұмыстардың плагиатына міндетті тексеруді қамтамасыз етуге жауапты болады.
4) Лиганың әрбір мүшесі білім алушының академиялық адалдық қағидалары мен стандарттарын бұзғаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
5) Лиганың әрбір мүшесі өзінің оқыту нәтижелерін әділ және объективті бағалау жүйесі шеңберінде білім алушыларға жоғары талаптар қояды.
6) Лиганың әрбір мүшесі үздіктерге ғана өз оқуын аяқтауға мүмкіндік береді.
7) Лиганың әрбір мүшесі дипломымен расталған кадрларды даярлау сапасына жауапты болады.
8) Лиганың әрбір мүшесі оқытушының академиялық адалдықтың принциптері мен стандарттарын, өзара құрмет пен әділдікті үйрететін ментор ретіндегі жоғары жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
9) Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдықты ілгерілету мен қорғау білім беру ұйымдарындағы барлық білім алушылар мен қызметкерлердің өзара күш-жігерінің нәтижесі болып табылатынын мойындайды.
10) Лиганың әрбір мүшесі өзіне жүктелген міндеттемелерді, оның ішінде Лига қызметінің негізгі принциптерін адал орындауға міндеттенеді. Ол Жарғыға немесе Лиганың актілеріне, сондай-ақ академиялық адалдық қағидаттары мен стандарттарына, соның ішінде Лига қызметінің негізгі принциптеріне сәйкес міндеттемелерді орындамағаны үшін ұйымнан шығарылатынын түсінеді.
3. Академиялық адалдықтың бұзылу түрлері
1. Білім беру және зерттеу қызметінде көрсетілетін академиялық адалдық бұзушылықтары жазбаша (бақылау, эссе, диссертациялық және т.б.) жұмыстарды орындау, емтихандардағы жауаптар барысында нормативтік талаптардан, зерттеулер, ғылыми жұмыстар жазу, өз позициясын білдіру, әкімшілік-басқару персоналымен, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылармен өзара қарым-қатынас жасау, сондай-ақ бағалау мен сараптау кезінде ауытқуға әкеп соғады.
2. Плагиат – шынайы автор ретінде басқа тұлғаларға өзі туралы жалған мәліметті жеткізумен бірге академиялық, ғылыми, зерттеу, публицистикалық және талдау қызметі нәтижелерін, бөгде адамның қорғалатын еңбек нәтижелерін әдейі немесе байқамай, толық немесе ішінара заңсыз пайдалану, иелену немесе өз бетінше иелік ету. 3. Төмендегілер плагиат болып танылады: басқа адамның идеялары, тұжырымдары, пікірлерінің немесе айтқан сөздерінің дереккөздерін көрсетпей, оларды ұсыну, мәтінді бір тілден екінші тілге алғашқы дереккөзін көрсетпей аударып алу; басқа адамның жазбаша жұмысынан мәтіннің бір бөлігін немесе барлық мәтінді алғашқы дереккөзіне сілтеме жасамай және дәйексөз алусыз тікелей көшіру (сондай-ақ Интернеттен алынған материалдарды немесе өзге де электрондық дереккөздерді көшіру жатады); мәтіннің элементтерін дереккөзін көрсетпей өзгертіп айту немесе сөздерді ішінара алмастыру; түпкі деректемені көрсетпей және/немесе автордың келісімінсіз ақпараттың графиктерін, кестелерін, суреттерін, сызбаларын және визуалды басқа да түсініктерін пайдалану; бірлескен зерттеулер немесе басқа да оқу тапсырмаларының нәтижелерін иемдену; басқа тұлға жасаған жұмысты өз атыңнан, толық немесе жартылай ұсыну немесе жариялау; жұмыстың мәтінін әдейі бұрмалау, атап айтқанда шрифті ауыстыру, басқа әліпбидің символдарын қолдану, жұмыстың мәтініне арнайы символдарды қосу, сөздердегі символдардың ретін өзгерту, мәтіннен жарты символды алып тастау және т.с. 4. Өзін-өзі плагиаттау – алғашқы мәтінге тиісті сілтемелерді көрсетпей, жаңа деректер мен тұжырымдардың жоқ болуының нәтижесі ретінде өзінің бұрын жарияланған мәтінін толық немесе ішінара пайдалану. 5. Көшіру – біреудің зияткерлік өнімін көшіруді тұспалдайтын білім алушының немесе қызметкердің жауапсыз мінез-құлқы. 6. Көшіру болып мыналар танылады: емтихан материалдарына немесе тапсырманың мәнін ашатын емтихан материалдары туралы ақпаратқа заңсыз жолмен қол жеткізу; шпаргалкаларды, ұялы телефондарды және басқа да құрылғыларды, мәтіндік хабарламаларды немесе ақпаратты алудың заңсыз тәсілдерін қолдану; басқа білім алушының жұмысынан көшіру (білім алушының рұқсатымен де және онсыз да); басқа білім алушыға көшіруге немесе басқа білім алушыларға жауаптарын беруге рұқсат ету; емтиханға бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін емтихан тапсырмасын орындауды жалғастыру; басқа білім алушыға емтихан тапсырмасын орындап беру туралы өтініш жасау; басқа тұлғалар тарапынан жоғарыда аталған әрекеттердің бірінің жасалуына жәрдемдесу және көмектесу.
Достарыңызбен бөлісу: |