Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі “С.Д.Асфендияров
атындағы қазақ
ұлттық медициналық университеті”
Конспект
Тақырыбы: «С.Д. Асфендияров атындағы ҚАЗҰМУ» КЕАҚ Академиялық адалдық Кодексі
зерделеу. Негізгі терминдермен танысу. Академиялық саясат және академиялық адалдық
түсінігі. Академиялық адалдық кодексінің мақсаты мен міндеттері.
Орындаған: Мамбетәлі Ақнұр
Тобы: ТФП21-26-2к
Қабылдаған: Маншук Бейсенбаева
2021-2022
«С.Д. Асфендияров атындағы ҚАЗҰМУ» КЕАҚ студенттерінің академиялық адалдық
Кодексі
Мазмұны
1. «С.Д. Асфендияров атындағы ҚАЗҰМУ» КЕАҚ Академиялық адалдық Кодексі
2. Негізгі терминдер
3. Академиялық саясат және академиялық адалдық
4. Академиялық адалдық кодексінің мақсаты мен міндеттері
1. С.Ж. Асфендияров атындағы «Қазақ ұлттық медицина университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының академиялық адалдығы туралы
Кодексі. Білім алушылардың академиялық адалдық саясат яғни, негізгі
ұғымдарды, форматын, тәртібін және шарттарын анықтайды.
2. Осы Кодекс С.Ж. Асфендияров атындағы «Қазақ ұлттық медицина
университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында академиялық
адалдықты ұйымдастырады.
3. Осы Кодексті іске асыру жөнінде барлық студенттерге, барлық профессорлық-
оқытушылық құрамға және Университеттің қызметкерлеріне жүктеледі.
Негізгі терминдер
Академиялық тұтастық- бұл білім беру кезінде адалдық пен жауапкершілікті
дамытатын білім алушылар мен оқытушылардың мінез-құлық құндылықтары мен
принциптерінің жалпы жиынтығы.
Академиялық адалдық - бұл кез келген білім беру ортасындағы алаяқтық яғни алдау
түрлері.
Білім алушы - бұл білім беру бағдарламасын меңгерген адам. Білім алушыларға:
студенттер, интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар, қосымша білім
алушылар кіреді.
Академиялық адалдық – шыншылдық, сенімділік, сыйластық, әділдік және ең
соңында жауапкершілік принциптерін сақтау. Ешкім бақылап, қадағаламаса да осы
қағидаларды ұстану керек.
Студенттердің академиялық адалдық кодексінің мақсаты мен міндеттері:
1) Академиялық адалдық кодексінің мақсаты мен міндеттері яғни бұл
қазақстандық жоғары медициналық білімнің сапасын жақсарту, әлемдік
стандарттарға сәйкестендіру және оның бәсекеге қабілеттілін арттыру болып
табылады. Ол үшін осы академиялық адалдық ережелерін сақтап, білім беру
деңгейін арттыру қажет.
2)Осы Ереженің негізгі міндеттері:
-білім алушылар арасында академиялық алаяқтықты болдырмау және жою;
-білім алушылар мен профессорлық-оқытушылар арасында плагиатқа төзбеушілік
шарасын қолдану;
- білім алушыларда академиялық адалдықты дамыту ісі бойынша тұрақты қадағалау
мен жұмыс жүргізу.
Кодекс мамандарды даярлау сапасын жақсартуға және университеттің білім беру
деңгейін арттыруға бағытталған университеттің стратегиясын қолдау үшін енгізіліп,
білім беру кезінде академиялық адалдық прициптерін, және осы іске
қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін анықтап, сонымен қатар академиялық
адалдықтың түрлері мен олар болған жағдайда шаралар қолдану тәртібін анықтайды.