Тақырыбы:
Әдептілік-қағидалары. 7-сынып
Козыкеева Гулмира.
Жаһандық құзыреттілік
Мақсаты:Оқушыларды қарапайымдылыққа, адамгершілікке, әдептілікке, кішіпейілділікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, ұлағат сөздер, теңге-сұрақтар, тілек ағашының суреті салынған плакат.
Әдісі: Аралас сабақ
Мұғалімнің сөзі: - Балалар, бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Әдептілік-тәрбие бастауы деп аталады. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді. Ол үшін топқа бөлінейік.
Жоспар 1. Әдеп сөзінің мағынасын ашу.
2. Сұрақтар.
3. Мақал – мәтелдер.
4. Венн диаграмасы.
5. Сөйлемді жалғастыр...
6. Қорытынды.
Топқа бөлу:
1. Инабат тобы
2. Қамқорлар тобы
3. Әдеп тобы (Осы үш топқа ортақ тапсырма) «Әдеп» сөзінің мағынасын ашу тіл алғыш мақтаныш инабатты ақылды шыншыл, әділ еңбекқор өз тілін меңгерген мейірімді үлгілі намысшыл, ұлтшыл өз халқының салтын арлы құрметтейді
Сұрақтар бойынша постер қорғау.
1-топқа. Әдептілік дегенді қалай түсінесің?
2-топқа. Әдепсіз дегенді қалай түсінесің?
3-топқа. Әдептілікті бізге кім үйретеді? (әр топтан бір оқушы шығып қорғайды)
Мұғалім: Әдепті, ақылды балалар туралы өлеңдерді еске түсірейік. Әдептілік жайында мақал – мәтел айтып оқушы ойын қорытады. Оқушылар өздері білетін тақпақтарын айтады
Ой толғаныс.
Венн диаграмасы
Әдепті бала мен әдепсіз баланы салыстыр, ұқсас бергілерін тап.
“Сөйлемді жалғастыр”
1. Үлкеннің — …………(тілін алу керек)
2. Сабақтан -…………(кешігуге болмайды)
3. Кішкене баланы -…….(жылатуға болмайды)
Мұғалім: - Бүгінгі тәрбие сағатынан не ұқтық, не білдік? - Оқушылардың бір-біріне тілектерін айтуы. - Әдепті бала кім? (осы сұрақтарға жауап бере отырып, тәрбие сағатын қорытындылайды.) Қорытынды: Мұғалім: Ғ.Мұстафин атамыз айтқандай: «Үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау инабаттылық көрінісі». Ендеше, 1. Балалар, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білейік. 2. Қоғамдағы ең жақсы адам- әдепті адам, әдепті адамдар- қоғамның баға жетпес байлығы, мәртебесі. 3. Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ. Олай болса, әдепті болайық. Біз – ұлт болашағымыз.