Бейімделу үрдісінің алғашқы кезеңінде қиындықтар болмас үшін баланың отбасынан балабақшаға өтуі біртіндеп жүруі тиіс. Сондықтан мектепке дейінгі мекеменің қызметкерлері мен ата – ана арасындағы өзара әрекет пен ынтымақтастық баланың балабақша жағдайында жеңіл бейімделуінің негізгі кепілі болмақ. Мұндай ынтымақтастық балада ғана емес ата-аналардың да балалармен айырылысудағы мазасыздануын азайтады3.
Психологиялық кеңеске деген сұранысты талдау баланың балабақшаға келуімен байланысты ата – аналар тарапынан уайым мен мазасызданудың артатынын көрсетті. Бұл ең алдымен ата – ананың баланың жаңа жағдайға бейімделуі туралы, педагогтардың мүмкіндіктер мен ұйымның іс әрекет мазмұны туралы ақпараттануының төмендігімен байланысты.Сонымен қатар ата – аналардың ұйыммен байланысқа түсуге деген ынта тілектерінің тұрақсыздықтары да анықталған. Бұл олардың бала тәрбиесінен алшақтап тәрбиешілерге, педагогтарға итере салуынан байқалады.
Мектепке дейінгі ұйымның мамандарының бақылауы мен талдауының нәтижесі балалардың соматикалық, психологиялық, физиологиялық өзгерістермен бірге жүретін және баланың денсаулығына кері әсер ететін мектепке дейінгі ұйымға орташа және ауыр бейімделу оқиғаларының артқанын анықтады және осыған байланысты ата-аналар мен тәрбиешілерге төмендегідей кеңес береді..
Мектепке дейінгі ұйымға бейімделуі үшін тәрбиешілерге кеңес:
Ата – аналарды баланың бейімделу кезеңіне деген қызығушылықтарын оятып, жауапкершілігін арттыру.
Баланың жаңа жағдайға бейімделуі кезінде ата – аналарға кеңес беруді ұйымдастыру.
Мектепке дейінгі ұйым мен отбасында тәрбиелеудің ортақ стратегиясын жасау.
Ата – аналардың өздерінің педагогикалық мүмкіндігіне сенімін арттыру және оларды қолдау, мазасыздану деңгейін азайту.
Білім беруге қатысушыларды психологиялық жақындастыру4.
2 -3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс.
Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |