Еділбаева Салиха Ғалымжанқызы «Маңғыстау аудандық білім үйлестіру орталығы»



бет1/5
Дата13.02.2022
өлшемі25,71 Kb.
#25420
  1   2   3   4   5
Байланысты:
бейімделу 01



Еділбаева Салиха Ғалымжанқызы

«Маңғыстау аудандық білім үйлестіру орталығы»

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдіскері


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ БАЛАБАҚШАҒА БЕЙІМДЕЛУІ
Мектеп жасына дейінгі баланың балабақшаға бейімделу мәселесі бүгінгі күндегі кез-келген ата-ананың ең алғашқы проблемасы.Барлық ата-ана баласы балабақшаға тез бейімделуін қалайды және осы мәселеге сәйкес тәрбиеші құзыреттілігіне баға береді. Яғни осы тұрғыда баланың балабақшаға бейімделуі кәсіби маманға аса жауапты деп білеміз.

Жеңіл бейімделу – баланың жүріс – тұрысының 10 – 15 күн ішінде қалыпты жағдайға оралуы, соған сәйкес салмақтың артуы, ұжымда өзін дұрыс ұстауы, мектепке дейінгі ұйымға барған бірінші ай ішінде ауырмауы.

Мектепке дейінгі ұйымға барудың 20 күнінде баланың ұйқысы қалыпты нормаға келеді, өз уақытымен тамақтана бастайды. Көңіл – күйі сергек  және қызығушылығы болады, бірақ мұның бәрі таңғы жылаумен сәйкесінше жүреді. Жақын адамдармен және ересектермен қарым – қатынасы бұзылмайды. Балаларға деген қарым-қатынасы қызығушылықпен немесе немқұрайлылықпен сипатталады. Ортаға деген қызығушылығы үлкендердің қатысуымен екі аптада өз қалпына келеді. Сөйлеу мәнерінің дамуы тежеледі, бірақ бала үлкендердің айтқан нұсқауларын орындауы мүмкін. Бірінші айдың соңына қарай сөйлеу мәнерінің белсенділігі қалпына келеді. 10 күннен артыққа созылмайтын, ешқандай ауыр салдарға соқтырмайтын аурудың болуы мүмкін. Вегетативтік жүйке жүйесінде өзгерістер немесе невротикалық реакциялардың белгілері болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет