Орташа бейімделу – қозғалыстар бір ай көлемінде қалпына келеді, психикалық стресстің белгілері бар. Жалпы жағдайының бұзылуы айқын және созылыңқы түрде көрініс береді. Ұйқы және тәбет тек 20 – 40 күннен кейін ғана қалпына келеді. Бір ай көлемінде көңіл – күйінің тұрақсыз болуы тән. Жүріс – тұрыс реакциялары мектепке дейінгі мекемеге келгеннен 30 күнде өз қалпына келеді. Баланың жақын адамдармен қарым – қатынасы эмоционалдық қозу жағдайында болады (жылау, кездескен кезде немесе қоштасқан кезе айқайлау). Балаларға деген қарым – қатынасы немқұрайлы, сирек жағдайда қызығушылық болуы мүмкін. Сөйлеу мәнері қолданылмайды немесе белсенділігі төмендейді. Ойында бала өзінде қалыптасқан дағдыларды қолданбайды, жағдайға байланысты ойнайды. 10 күннен артық созылмайтын, ауыр салдарсыз екі рет ауруы мүмкін. Салмағы өзгеріссіз немесе төмендейді. Невротикалық реакциялар көрініс береді: үлкендермен және балалармен қарым – қатынаста таңдау, нақты бір жағдайларда ғана қарым – қатынас жасау. Вегетативтік жүйке жүйесінің өзгерісі: бозару, терлеу, бет терісінің жарылуы, көздің астының көгеруі, беттің албыртып тұруы – 1,5 – 2 апта көлемінде.
Ауыр бейімделу – ұзақтығы 2 айдан 6 айға дейін. Бала жиі ауырады, алған әдет – дағдыларын жоғалта бастайды, физикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар психикалық жағынан үдеуі мүмкін. Бала жақсы ұйықтай алмайды, ұйқысы қысқа және жылап немесе айқайлап оянып кетеді, тәбеттің тартпауы ұзаққа созылып, тіпті тамақтан бас тартуға алып келуі мүмкін, невротикалық құсу, функционалды дәретке отырудың бұзылуы. Көңіл-күйі немқұрайлы, бала өте көп және ұзақ жылайды, жүріс-тұрыс реакциясы мектепке дейінгі ұйымға келген күннің 60-күнінде өз қалпына келеді. Жақындармен қарым-қатынас эмоционалды қозу күйінде болады және олармен бірлескен әрекет жасаудан бас тартады. Балаларға деген қарым-қатынасы: олармен қарым-қатынастан бойын аулақ ұстайды немесе агрессиялық қарым – қатынас көрсетеді 1.
Бейімделудің ауыр жағдайы 2 нұсқа бойынша көрініс беруі мүмкін:
Жүйкелік-психикалық дамуы 1-тоқсанға артта қалады, респираторлық аурулар 10 мөлшерінде болып, үш реттен көп қайталанады. Соның әсерінен бала 1-2 тоқсан уақытында өспейді және салмақ қоспайды.
Жүйкелік-психикалық даму 2-3 тоқсанға артта қалады, бойының өсуі және салмақ қосуы баяулайды, жиі ауырады.
Әлсіз көрініс фазасы – баланың адекватты жүріс-тұрысымен сипатталады. Психикалық жағынан жетілуі орташа жағдайдан баяу болады. Фаза 3-5 айға созылады.
Ауыр жағдайдағы бейімделудің симптомдары. Балабақшаға бару баланың осы уақытқа дейін қалыптасқан стереотиптерін қайта құруға мәжбүр етеді. Ол үшін бұл қиын соғады және көп жағдайда стреске алып келеді. Л.Н. Галигузова бейімделудің ауыр түрінің симптомдарын бөліп көрсетті :
өмір сүру барысының өзгерісі бірінші кезекте баланың эмоционалдық жағдайының бұзылуына алып келеді
эмоционалды жағдайдың бұзылуы;
қарым-қатынас сферасының бұзылуы;
амбиваленттік мінез-құлық;
заттармен жұмыс жасауда іс-әрекеттің әлсіз жетілуі 2.
Бейімделу кезеңінің тиімділігі бұл үрдіске отбасының араласуы барысында тиімді бола түсетіні анықталды. Мазасыздану, бейімделудің ауыр формасы әдетте ата ананың баласының жаңа өмір жағдайына эмоционалдық дайын болмауымен байланысты түсіндіріледі, әсіресе оларда мектепке дейінгі ұйымға қатысты мазасыздану басым болады.
3-5 жас аралығындағы балаларда өздеріне тән ерекшеліктер бар. Бұл кезең балалардың ата- анасынан айырылу мен жаңа жағдай алдындағы қорқыныш сезімдерінің өткір болуымен сипатталады. Мектепке дейінгі ұйымдағы жағдайға бейімделу аса ауыр өтеді. Сондық тан бұл кезең балаға аз жарақат әкелетіндей ұйымдастырылуы тиіс. Баланың балабақшаға келуі күйзеліске түсіреді. Өзіне бөгде адамдар мен көп балалардың болуы, айналадағы таныс емес жағдай осының бәрі олардың стрессінің негізгі себебі.
Достарыңызбен бөлісу: |