«Эмоционалдық көңіл-күйді анықтайтын тест» Ағылшын психологі Пип Уилсон ойлап тапқан жылдам әрі жеңіл тест өте қысқа уақыт ішінде адамның эмоционалдық көңіл-күйін анықтап қана қоймайды, сонымен қатар өмірден күтетін нәтижесінің қазіргі жағдаймен сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді.
Ұсынылған сурет тақтаға ілінеді. Оқушыларға тапсырма: ағаштың қай жеріне өзіңді орналастырар едің? Өзіңді ағаштың қай жерінде сезінесің? Ағашта отырған әрбір адамның өзіне ғана тән көңіл-күйі мен ішкі жан дүниесі бар, оны бет әлпетінен ажыратуға болады. Қайсысы саған ұқсайды? Өзіңе ұқсаған адамды қарындашпен белгілеңдер.
«Эстафета» Мұғалім сыныпты үш топқа бөледі. Оқып-үйренуге тиісті мәтін бөлігін береді. Белгі бойынша оқушылар оқи бастайды. Мұғалім нөмірленген үш парақ дайындап, оларды әр топқа береді. Белгі бойынша оқушылар оқиғаларды, фактілерді, олардың мерзімдерін жазып, үндеместен бір-біріне жылжытып отырады (бір-бірін қайталамауы тиіс). Бұған үш минуттай уақыт бөлінеді. Қай топ неғұрлым көп фактілерді, оқиғаларды, олардың мерзімдерін көрсеткенін, қай топ неғұрлым толық, нақты, анық жауап бергенін мұғалім анықтап, жеңімпаздарды белгілейді.
Пайдаланылған әдебиеттер: Т.А.Акимова, Т.М.Копжасарова, З.Т.Кашкенова, Г.У.Дарменова «Разминки для тренингов» АОО НИШ ЦПМ, Астана, 2015
Қ.Әбдезұлы, С.Ч.Тұрсынғалиева «Қазақ әдебиеті әдістемелік нұсқау» «Арман ПВ», 2012
А.Х.Әлімов «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» Астана «НЗМ»ДББҰ, 2014
Т.Н.Ермекова, А.А.Қасымбек, Н.О.Абдижаппапрова, А.Б.Бипажанова «Қазақ тілі мұғалім кітабы» «Арман ПВ», 2016
А.Т. Нұржанова «Формирование коммуникативных умений в контексте уровневых программ курсов повышения квалификации педагогов» АОО НИШ ЦПМ, Астана, 2015
Г.Т.Тұрсынова, А.А.Қасымбек «Қазақ тілі әдістемелік нұсқау» «Арман ПВ», 2012
С.Тұрсынғалиева, Р.Зайкенова «Қазақ әдебиеті мұғалім кітабы» «Арман ПВ», 2017
Шимырбаева Ж.К. Идришева З.Е. «Активные упражнения для создания обучающей коллаборативной среды» АОО НИШ ЦПМ, Астана, 2015
Ғаламтор материалдары
http://www.tilortalyq.kz/kk/534.html «Қазақ тілі сабағында ойналатын ойындар жинағы»