57
2-топ тапсырмасы: ертегіден бір үзіндіні
шашыраңқы сөздер ретінде жазу керек.
3-топ тапсырмасы: ертегі мазмұны
бойынша
бірнеше сұрақтар құрастыру
керек. Сұрақтарда 1-2 қате болуы керек.
Тапсырмалар жазылып болған соң,
топтар
бір-бірінің қателерін тауып, түзетулері
керек. Түзетулерді арнайы параққа
жазуға
болады:
Топ №
«Қашықтықтан басқару»
Оқушыларды кінәмшіл, эмоционалды
немесе қайшы келетін
тақырыптардан қашықтықта ұстау үшін әңгіме, драма, рольдік ойынды және т.б.
қолданыңыз. Мысалы, жоғалту (айрылу) кезіндегі сезімдерін ашық талқылауды
сұрағанның орнына, одан да жоғалтқан жас жігіт
атынан айтылған әңгімені
қолдануға болады, сосын оқушылардан оның не сезінгенін талқылауды сұрауға
болады.
«Қолыңды төмен ұста»
Оқушыларға жауап беру үшін емес, сұрақ қою үшін
қол көтеруге рұқсат
беретініңізді айтыңыз. Одан кейін мұғалім жауап беретін оқушыны таңдайды,
осылайша, барлығы оқитынын тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: