Әдіс-тәсілдер тізбесі: «А Ә б в»



Pdf көрінісі
бет72/79
Дата18.04.2023
өлшемі1,22 Mb.
#84037
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   79
Байланысты:
Әдістер ҚОЙМАСЫ (1)

 
«Ұйқасын тап!» 
Ойынның мақсаты: Балаларды өлең құрастыруға баулу. 
Ойынның шарты: Өлең жолдарында айтылуға тиісті ұйқас сөздерді табу. 
Қайсы күні қандай сабақ, 
Қалай менің үлгерімім? 
Еш жаңылып қалмай, санап 
Жүреді ылғи … . (күнделігім) 
Ой маржанын тере білген 
Әр жазушың, әр ақының. 
Әр сөзіңді емемін мен, 
Ана сүті – … . (Ана тілім) 
Достастырып әріптермен
Білімге жол салып берген, 
Алдымнан шам жағып берген 
Айналайын … . («Әліппеден») 
Мекендеген портфелімді, 
Беттер аппақ, ақ көңілді. 
Қызаратын қатем үшін 
Кірлетпеймін … . (дәптерімді) 
 
 «Үлдірленген критерийлер» 
Бағалау үшін достық пиғылдағы критерийлері бар үлдірленген карточкалар 
дайындаңыз. 
 
«Үндеме!» 
Мұғалім барлық оқушыларды «Бірінші» және «Екінші» деп санап, екі топқа 
бөледі.Тапсырма: екі топ үндемей, тек ишарат пен ыммен ғана түсінісіп, туған 
күндері бойынша сап түзеуі керек. Саптың алдында 1 қаңтарда туған оқушылар 
тұрады да, қалғандары туған күндерінің реті бойынша тізіле береді. 
«Үш жақты күнделік толтыру»


90 
Жүзеге асыру қадамдары: 
1-қадам: Сабақ тақырыбы айтылады, оқылатын мәтін таныстырылады. 
2-қадам: Мәтінді оқу барысында әрқайсысы жеке күнделік толтырады. 
3-қадам: Жұмыс нәтижесін жұпта, топта талқылау. 
Күнделік сол жақтан бастап толтырылады. 
 
Мәтіннен ерекше әсер 
еткен немесе ой салған 
дәйексөз келтіру 
Жеке түсінік беру: 
осы 
дәйексөзді 
жазуға не мәжбүр 
етті? Қандай ой 
тудырды? Осыған 
байланысты қандай 
сұрақ туды? 
«Мұғалімге 
хат» 

сұрақтар 
 
Үш пікір» 
Ортаға бір тақырып тасталады. Сол тақырып төңірегінде әр оқушының 3 
пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда 
заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы 
коробкаға тастап отырады. Бұл әдіс сыныптағы оқушылардың бәрі тең дәрежеде 
пікір білдіруге мүмкіндік жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет