Әдіскер – оқу – тәрбие әдісін жетік меңгерген ұстаз. Әдісмемелік кабинеті



Дата17.11.2022
өлшемі15,15 Kb.
#50952
Байланысты:
глоссарий


Әдіс – (метод; грек. Methods – теория, ілім, зерттеу жолы) – көзделген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтіретін тәртіп жүйесі.
Әдіскер – оқу – тәрбие әдісін жетік меңгерген ұстаз.
Әдісмемелік кабинеті – бейнелі бір пән бойынша мұғалімдердің өзіндік ізденісін, тәжірибе алмасуын кәсіби біліктілігін жетілдіруді көздейтін, мектеп (балабақша) деңгейіндегі әдістеме жұмысын жүргізетін орны.
Бөбек – баланың туған күнінен бастап бір жасқа дейінгі кезеңі.
Бөбекжай – 2-3 айлық нәрестеден 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелейтін мектепке дейінгі мекеме.
Жеке тәрбие – тәрбие жұмысын ұйымдастурыдың бір түрі. Бұл кезде балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысында әрбір баламен жеке педагогикалық өзара қарым-қатынас жүзеге асырылады. Ол баланың өзіндік ерешелігі мен өмір жағдайына негізделеді.
Жетекші – 1) белгілі ұйымды басқаратын адам; 2) белгілі бір ұйым жұмысын ұйымдастырушы.
Жетекшілік - әлеуметтік – психологиялық феномен. Әлеуметтік топтың ішінде билік пен ықпал уәкілдіктерінің жүзеге асырылуын белгілейтін термин.
Күнтізбелік жоспар – күнтізбе бойынша белгіленген жұмыстың істелу бағытын, мерзімін анықтау.
Қайта тәрбиелеу – баланың қоғам мен норма талаптарына қойшы келетін кейбір теріс пығылдары және жай қылықтарын түзетуге бағытталған педагогикалық ықпал ету жүйесі.
Қиын тәрбиеленушілік – баланың тәлімдік әсерге ұғынықты немесе ұғынықсыз түрдегі қорсылығы.
Мадақтау – тәрбиеші мен ата-аналардың балалардың тәртібін, белсенділігін жоғары бағалар, ынталандыру мақсаты мен қолданылатын ықпал ету шаралары.
Мектепке дейінгі мекеме – сәбилік (2 айдан 3 жасқа дейін) және мектепке дейінгі жастағы (3 жастан 5 жасқа дейін) балаларды тәрбиелеуге арналған мекеме.
Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балалардың даму заңдылығын зерттейтін педагогика ғылымының құрамды бөлігі.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту – мектеп жасына дейінгі балалрды отбасында немесе мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу және оқыту.
Мектепке дейінгі ұйым – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасайтын ұйым.
Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет.
Тәрбие әдістері – ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Ол балалардың тіршілік, әрекет, қарым-қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейді. Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады.
Тәрбие әсерінің дағдарысы – тәрбие әрекеттестігінде туындайтын мәселелер. Түрлері: әрекет дағдарыс, орта дағдарыс, сөз дағдарыс, зат дағдарыс.
Тәрбие жүйесі – жеке адамды идеялық, саяси, адамгершілік, экономикалық т.б. жағынан қалыптастырудағы жүйелі процесс.
Тәрбие процесінің қозғаушы күштері – тәрбиеші қажеттіліктерінің жаңаруы мен оны қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы шынайы қарама – қайшылықтар, оны тәлімгердің реттеу әрекеті.
Тәрбиедегі өзін-өзі басқару әдісі – тәрбие ұжымының жұмысқа қабілетті ұйытқысын құрұды қамтамасыз етіп, балалар белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік сипаттағы шараларды тіркеу журналы – баланы тәрбиелеуге байланысты туындаған мәселелер мен оны шешу жолдары, ұжым туралы толық мәлімет берілетін дәптер.
Тәрбиеші – оқу – тәрбие мекемелерінде балалармен тәрбие жұмысын жүргізуші.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет