Әдіскер жаршысы



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата03.03.2017
өлшемі3,75 Mb.
#5470
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

Үйге тапсырма  Өлеңді жаттау 
Күнделіктеріне жазып алады 
Бағалау 
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға 
жабыстырып, өз-өздерін 
бағалайды. 
Смайликтер арқылы өз жұмыс-
тарын бағалап шығарады. 
 
 
 
ТІЛ ЖҮЙРІКТЕ КІМ ЖҮЙРІК? 
 
Искакова Ш.С., 
Ақтөбе қаласы №2 жалпы орта білім беретін мектеп гимназия 
 
Мақсаты:  Оқушылардың  әдебиеттік  оқу 
пәнінен  алған  білімдік  деңгейлерін  байқау, 
саралау. 
Сабақтың міндеттері:  
1. Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамы-
тып ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын 
арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау. 
2.  Оқушылардың  сөздік  қорларын  молайту, 
дүниетанымдарын  кеңейту,  тіл  байлығын, 
шығармашылық  қиялын,  логикалық  ойлау 
қабілетін дамыту. 
3.  Өз  мүмкіндігін  дұрыс  пайдалана  алатын 
зерделі тұлғаны тәрбиелеу. 
Сабақтың барысы 
І. Кіріспе бөлім 
Сайыстың бөлімдерімен таныстырып өтейін: 
1.«Сәлем сөздің анасы» таныстыру. 
2.«Қатесіз жаз!» сайысы  
3. Сөз құдіреті. Сөз тіркестерінің мағынасын 
ашу  
4. Асыл сөз. Сөз жасыру  
5. «Портреттер сөйлейді».  
6. «Кім шапшаң?» 
7. Ас адамның –арқауы 
8. Сенесіз бе?  
9.Бейне сұрақ 
Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі? 
Жақсы ұрпақ- еліміздің шын тірегі  
Ортаға шығып таныстырсын өздерін  
Білімді  ұрпақ  еліміздің  жас  түлегі  -  деп 
оқушылар өздерін таныстырады  
ІІ. Негізгі бөлім 
«Сәлем сөздің-анасы»  
Тілім барда қазағым бар, халқым бар 
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар 
Туған тілде сыры терең жаным бар 
Туған тілде әнім менен сәнім бар! 
Екінші айналым «Қатесіз жаз!».  
Өсімдіктер   
 
          Жануарлар
 
Өседі, көбейеді, 
қоректенеді, 
тірі табиғат 
 
 

 
 
 
95 
     
 
Шарты:  Бұл  айналымда  берілген  сөзді 
қатесіз  әріптеп  айтып,  екінші  оқушы  қағаз 
бетіне қатесіз жазу қажет. 
І топ 
 
ІІ топ 
 
Шарықтатып, 
шырқатып 
тамсандырған 
талайды, 
Әуелеген әсем ән көк аспанға тарайды. 
Өнерпаз ұрпақ мерейі биіктерге жетелеп
Қазағымның көгіне бақ боп мәңгі жанғайды  
Келесі  айналым  «Сөз  құдіреті»  Шарты: 
Берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашу  
І, ІІ топтар  

 
Төбе шашы тік тұрды 

 
Таяқ тастам жер  

 
Бүйрегі тартып тұр 

 
Ит өлген жер 

 
Қас пен көздің арасында 

 
Қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған 
заман  
Оқу, білім жанған шырақ, ойласаң 
Үйренерсің іздеп көрсең, қоймасаң 
Қу өнерді, бу беліңді жігер сал 
Пайда  аларсың,  ізденуге  тоймасаң,  -  деп 
келесі  айналымға  көшейік.  Келесі  айналым: 
«Асыл  сөз».  Шарты:  Жасырылып  берілген 
сөздердің балама сөзін ашып айту.  
«Асадал» деген не? 
А) ас ішетін ыдыс 
Ә) еттен жасалған тамақ 
Б) ас салатын жиһаз 
Сықырлауық деген не? 
А) бала ойыншығы 
 Ә) киіз үйдің есігі 
Б) Көне жиһаз  
Осы, міне мереке басталғаны, 
Сайыста көңілдердің тасқан шағы. 
Сәнді болсын қазақтың жарастығы, 
сәтті болсын әр қадам басқандары  
Бесінші бөліміміз «Портреттер сөйлейді»  
Шарты:  Фотосуреттерден  атақты  жазушы-
лардың аты-жөнін табу. 
 
 
 
 
І топ 
 
ІІ топ 
 
Кім шапшаң?» кезеңі  
Көшбасшылар ортаға келіңдер.  
І-топ 
1.Қазақта  тұңғыш  дүние  жүзінің  атағын 
алған палуан кім? 
2. Жабайы аңдарды өсіретін жер  
3. «Менің атым Қожа» авторы  
4. Білім таппай мақтанба  
5. Ең киелі құс  
6. ҰБТ қандай сөз  
7.Түйенің сүті 
8.Қыз қуу деген не? 
9. Ас атасы не? 
10. Күй атасы кім? 
ІІ- топ 
1.Ұлттық аспап  
2. Тұңғыш президент күні  
3. Сөз өнері  
4. Тұңғыш қазақ ғарышкері  
5. Жылқының сүті  
6.Қошқармүйіз деген не? 
7.Қаз қаз балам, қаз балам өлең жолы сәбиге 
арналып қай сәтте айтылады? 
8 Қорқыттың аспабы 
9. 7 түрлі тағам қосылатын тағам 
10 Күш атасы кім?  
«Ас  адамның  –арқауы»  кезеңінде  екі  топқа 
ұлттық тағамдар ұсынылады топ оқушылары 
бірлесіп  қалай  жасалатын  жолдарын  ашып 
айтулары қажет.  
Арманға алда күткен асығармыз, 
Біз қалай жалын атпай басылармыз. 
Жол жүру ережесін жақсы біліп, 
Сақтықта  тұра  алатын  жас  ұланбыз.деп 
келесі айналым «Сенесіз бе?» деп аталады. 

 
96 
     
 
Шарты:  Топтағы  әр  оқушы  алдын  ала 
сұрақтар  дайындап  қарсылас  топтарындағы 
оқушыларға  жасырып  келісетіндгін  немесе 
келіспейтіндігін айтулары қажет. 
Жек жат кім, жұрағат кім, жамағат кім 
Көңіліне тоқып бәрін жүрмей мекен  
Салт-дәстүр,әдет-ғұрып атауларын  
Кәнеки, сайыскерлер біле ме екен 
«Бейне сұрақ» кезеңі  
Шарты:  Ұсынылған  бейне  сұрақтан  ұлттық 
ойын  мен  салт-дәстүр  түрлерінің  атауларын 
табулары керек.  
 
1-бейне сұрақ 2-бейне сұрақ 
 
 
 
 
 
3-бейне сұрақ 
ІІ топ 
 
 
 
 
 
 
1-бейне сұрақ 2-бейне сұрақ 
 
 
 
 
 
 
ІІІ.Қорытынды бөлім 
Міне, біздің елден алар бағамыз, 
Көңіл кілтін адалдықтан табамыз. 
Әрқашанда жолықтырсын аман-сау 
Ән-шашудың шымылдырығын жабамыз.-дей 
отырып әділ қазыларға сөз береміз.  
Барлығыңызға рахмет сау болыңыздар! 
 
 
ҮЛЕС. ЖАЙ БӨЛШЕКТЕР 
 
Канымкулова Д.В., 
Мұғалжар ауданы Құмжарған орта мектебінің математика пәні мұғалімі 
 
Сабақтың мақсаты:  
Білімділік.  Бөлшек,  жай  бөлшектер  ұғымы-
мен  таныстыру.  Жай  бөлшектерді  оқу  мен 
жазу дағдыларын дамыту. (слайд 2) 
Дамытушылық:  Оқушылардың  есте  сақтау 
қабілетін  және  зейінін  дамыту,  пәнге  деген 
қызығушылығын  арттыру  топпен  ,  жұппен 
жұмыс жасауға,өзіз-өзі бағалауға үйрету. 
Тәрбиелілік:  Уақытты  тиімді  пайдалануға, 
жүйелі  ойлауға,  ұқыптылыққа,  шапшаңдық-
қа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың  типі:  жаңа  оқу  материалын 
игерту. 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. 
Әдіс-тәсілдер: Кембридж тәсілі  
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар
интерактивті  тақтада  дайындалған  слайдтар, 
тапсырмалар,  оқулық,  жұмыс  дәптері,  оқу-
шыларды  бағалау  плакаты  және  электронды 
бағалау  кесте  және  эмоционалдық  жағдай 
плакаты,  стикерлер,  маркерлер,  желім, 
қайшы, сызғыш. 
 
Сабақтың жоспары
1 Ұйымдастыру кезеңі.(2-3мин). 
Оқушыларды түгендеу және екі топқа бөлу. 
Үй  тапсырмасын  қайталау.(постер  құру. 
Топтық жұмыс). (7мин). 
2. Мағынаны тану.(15мин). 
Жаңа тақырып түсіндіру. 
Компьютерде  тапсырмалар  орындау.  (Кар-
точка бойынша жұптық жұмыс). (15мин). 
С е р г і т у сәті. (2мин) 
3. Рефлексия 
Бекіту  және  бағалау.  Үй  тапсырмасын  беру. 
Көңіл-күй көрсету. (3мин). 
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі. 
Оқушылармен  амандасамын  және  түгендей-
мін. Мұғалім оқушыларға сабақты жақсы ті-
лектермен бастайды, және оқушылар да бір-
біріне тілектерін  білдіреді (қолдарымен пар-
талас  оқушыларға  хлопок)  Қиылған  қағаз-

 
 
 
97 
     
 
дарға  «Жай  сандар»  және  «Құрама  сандар» 
деп жазып, екі топқа бөлемін. 
Әр  топта  5  оқушыдан.  Топ  басшы,  хатшы, 
хабарлаушы, тәлімгер, уақыт белгілеуші мін-
деттерін  оқушылар  өздері  белгілеп  алады. 
Уақыт  белгілеушіге  уақытты  қатаң  қадаға-
лауды тапсырамын. 
Үй тапсырмасын қайталау сұрақтары: 
1.
 
Ауызша 
есептеулер, 
актуализация 
знаний 
-Егер  өрнектің  мәнін  дұрыс  есептеп,  жауап-
ты  кему  ретімен  оқысаңыз  бүгінгі  сабағы-
мыздың тақырыбы шығады
15 х 10 
Е 
24 х 3 
С 
0 х 17 
И 
125 х 8 
Л 
520 : 10 
Т 
40 x 60 
Ү 
Жауабы:  ҮЛЕСТЕР  Мотивация.  Жаңа 
тақырыпты түсіндіру 
-  Мұғалім:  Оқушылар  кім  бұрын  үлес  деген 
сөзді 
қолданды, 
үлес 
дегенді 
қалай 
түсінеміз? Мультфлм «Апельсин» (слайд 5) 

Жануарлар  қандай  жидекті  бөлісті? 
(апельсин)  
-  Ол  неден  құралды?  (Бірлей  үлестер, 
бөліктер) (слайд 6) 
-  Апельсинді  үлестіргенде  үлестер  қандай 
болды ? (тең)  
- Сонымен , үлестер қандай ? (Үлестер – тең 
бөліктер) 
- Жарайсыңдар! 

Міне,  біздер  бүгінгі 
жаңа  сабақ 
тақырыбына келдік. 
-Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді, сынып 
жүмысы, сабақтың тақырыбы «Үлестер. Жай 
бөлшектер»- деп жазып аламыз. (слайд ) 
-  Мұғалім:  Егер  бүтін  заттарды  натурал 
сандармен жазсақ - 1,2, 3, … 
-  Үлестерді  қалай  жазуға  болады  деп 
ойлайсыздар? 
(Оқушылар 
тақтаға 
өз 
нұсқаларын  жазып  көрсетеді.  Мұғаліммен 
пікір алысады.) 
-Сонымен  тағы  қайталаймыз,  үлес  дегеніміз 
не? (Үлестер ол тең бөліктер) 
-  математикада  үлестерді  бөлшек  сызығы 
арқылы жазады.
11
5
(слайд6) 
- оны «жай бөлшектер» дейміз. 
-Окулыктарыңыздан  тақырыпты  шолып  өтіп 
постер жасаныздар 
Постер  жасалып  болғасын,  әр  топ  хабарлау-
шысы  ортаға  шығып  постерін  қорғайды. 
Қорғау кезінде басқа топ мүшелері көмекте-
суіне болады. Постер қорғалып болғасын, әр 
топ  басқа  топ  жұмысын  критерий  бойынша 
бағалайды.  Бағалау  плакатына  стикерлер 
жапсырады.
 
Бағалау плакаты (топтық бағалау). 
Критерий бойынша бағалау 
критерийлер 
Жай сандар Құрама сандар 
хабарлануы 
 
 
көркемделуі 
 
 
қателері 
 
 
Жалпы орташа баға 
 
 
 - үздік 
 - - орта 
 - төмен  
Бекіту тапсырмалары:  
Толықтыруды қажет ететін тест 

 
Алым бөлшек сызығының ... жазылып, 
нешеуі алынғанын білдіреді.  

 
Бөлім бөлшек сызығының ... жазылып, 
нешеге . . .  

 
бөлінгенін білдіреді  

 
Егер бөлшектің алымы 1 саны болса, онда 
ол ....бөлшек.  

 
Егер ең үлкен ортақ бөлгіш 1-тең натурал 
сан болса онда олар . ..  

 
Құрама санды жай сандардың көбейтіндісі 
түрінде жазу құрама сандарды ........ деп 
аталады  
Математикалық диктант 
Құмжарған орта мектебінде барлығы 108 
оқушы білім алады. Олардың 54 ұл бала, 54 
қыз бала. 5 сыныпта 9 оқушының 4 ұл, 5 қыз 
бала 
1.
 
5 сынып оқушылары мектеп 
оқушыларының ___ бөлігін құрайды. 
2.
 
5 сыныптың ___ бөлігі ұл, ал ___ бөлігі 
қыз балалар. 
3.
 
Мектеп оқушыларының ___ бөлігі ұл, ал 
___ бөлігі қыздар.  
4.
 
5 сыныпта ұлдар барлық ұлдардың ___ ,  
 ал қыздар барлық қыздардың ___ бөлігі. 
Оқулықпен жұмыс № 406,407 
2.Мағынаны тану.Р е ф л е к с и я.Үй 
тапсырмасы № 410,412 
 «Топ басшы өз тобының мүшелерін өзі жеке 
бағалайды. 
Қорытынды бағалау 

 
98 
     
 
ҚАР
 
АСТЫНДАҒЫ
 
ҰЯЛАР
 
(аңшының
 
әңгімесі
 
Касимова Ж.А., 
Әйтеке би ауданы Белқопа орта мектебі 
 
Сабақтың мақсаты:  
Білімділік: Оқушыларды «Қар астындағы ұя-
лар » танымдық әңгімесімен таныстыру. 
Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.  
Дамытушылық:  Оқушыларды  сауатты,  мә-
нерлі,  әсерлі  оқуға  баулу.  Шығармашылық-
пен  жұмыс  істеуге  ықпал  ету,  ойлау  шебер-
лігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту. 
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге де-
ген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру сабағы.. 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. 
Әдіс-тәсілдері:  түсіндіру,  сұрақ-жауап,  көр-
некілік, түсіндіру, ойын. 
Көрнекілік:  Тақырыпқа  байланысты  сурет-
тер, қимақағаздар. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі:  
Орнымыздан тұрайық, 
Амандасып алайық. 
Тәртіпті болып әрқашан
Кілең бестік алайық.  
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 
“Арпалыс” мәтінді түсініп оқу,түсінік айту. 

 
Әңгімені неге “Арпалыс 
“деп атаған? 

 
Ағалы –інілі неге 
боранда қалған? 

 
Қой бағу кәсібі оңай ма?  
III.. Жаңа материалды меңгерту 
-
 
Балалар,  қараңдаршы  сыныпта  бір  жануар-
лардың ізі жатыр. Бұл қандай жануардың ізі 
екендігін таба аламыз ба екен, қане көрейік? 
Ойын: «Ненің ізі?»  
Ойын  шарты:  Оқушылар  суреттегі  іздерді 
қарап  қай  жануардың  ізі  екендігін  табуып 
айтады. 
  
  
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әңгіме жүргізу. 
 
 
 
 
Оқулықпен жұмыс 
- Мәнерлеп оқып беру. 
 - Мазмұнын түсіндіру. 
 - Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.  
Сергіту сәті  
Қорыққанда: «ой» дейміз,  
Таң қалғанда: «ах» дейміз,  
Шаршағанда: «Уф» дейміз  
Кейігенде: «Ей-е»дейміз  
Біліп алып: «Е-Е »дейміз  
Қуанғанда : Ха-ха дейміз  
Сөздікпен жұмыс.  
Оқушылар  түртіп  алу  жүйесі  бойынша  қол-
дарына  қалам  алып,  өздері  үшін  түсініксіз 
сөздердің  астын  белгілеп  отырады.  Сол  сөз-
дердің мәнін ашу, түсіндіру. 
Кеуек ─ қоянның іні 
Құр мен шіл қар астын қорғаласа, кешікпей-
ақ боран болады. 
Сұрақтар 
мен 
тапсырмаларларды 
орындау. 
1. Әңгімеде жылдың қай мезгілі суреттелген? 
Оны неден аңғардың? 
2. Қыста құстар қалай тіршілік етеді екен? 
3. Қандай құстар қыста жылы жаққа кетпей 
қалады? 
ІІІ. Сабақты бекіту 
Суретпен жұмыс 
 
 
 
Қысқы  жануарлар  тіршілігі 

 
 
 
99 
     
 
1. Қар астындағы шілдердің ұялары туралы 
айтылатын жолдарды тауып оқы. 
2. Тәжірибе жасап көр.  
Қатты аяз күні шөлмектерге су толтырып
аузын мықтап бекіт. Түнге қарай біреуін 
қардың астына көміп, екіншісін қардың 
үстінде қалдыр. Ертеңіне шөлмектерді келіп 
қара. Бақылағаныңды әңгімеле.  
Ойын: Не қайда қыстайды?  
  
  
 
 
 
 
 
 
  
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ІV.Үйге тапсырма: Әңгімені мәнерлеп оқу. 
Түсінік айтуға дайындалу.  
V. Оқушы білімі мен белсенділігін 
бағалау. 
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ 
 
Кенешова Ж.А., 
Мұғалжар ауданы Ембі қаласы № 3 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі 
 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік:  Оқушылардың  тарихи  оқиғалар 
жөнінде  өз  көзқарасын  қалыптастырып,  өз 
бетінше  қорытынды  жасауға,  ізденіске  дағ-
дыландыру.Саяси оқиғаларды өз бетінше тұ-
жырымдай  білуге  бағыт  беру.  Тірек-сызба-
лар,  танымдық  тапсырмалар  бере  отырып, 
оқушылардың  тарихи  танымын  кеңейту,  өт-
кен  және  қазіргі  оқиғалармен  салыстыра 
білуге үйрету. 
Тәрбиелік:  Хандықтың  негізін  қалаған 
Керей  мен  Жәнібек  хандар  және  ҚР 
Президенті  Н.Ә.Назарбаев  портреті  арқылы, 
оқушылардың  жеке  тұлғалық  қасиетін  қа-
лыптастыру,  олардың  өз  еліне,  жеріне  деген 
сүйіспеншілігін қалыптастыру. 
Сабақтың түрі: сабақ 
Сабақтың типі: дәстүрлі емес 
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау тех-
нологиясы,  шығармашылық  ізденіс  жұмыс-
тары,  театрландырылған  көрініс,  топтық 
жұмыс. 
Сабақтың  көрнекілігі:  суреттер,  тірек  схе-
малар, Елбасы жолдауы, кестелер, Қазақ хан-
дығы  және  Қазақстан  картасы,  мультимед. 
Слайд 
Сабақтың барысы 
І. Ұйымдастыру бөлімі 
ІІ.  Сыныпта  ынтымақтастық  атмосферасын 
ұйымдастыру,  шеңберде  тұрып  жақсы 
тілектер айту. 
Сынып 
оқушыларын 
тарихи 
тұлғалар 
аттарымен бөлу. 
1-топ Хандар тобы 
2-топ Батырлар тобы 
3-топ Билер тобы 
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 
Тапсырма:  Төмендегі  сұрақтарға  жауап 
бере отырып, кестені толтыр. 
1.
 
Қазақстандағы 
Қазақ 
хандығының 
құрылуы  қарсаңында  саяси  жағдай  қандай 
дәреже еді? 
... өзінің үшкір тұмсығымен ағаш 
қабықтарын теседі. Қабық астынан 
түрлі жәндіктер мен дернәсілдерді 
тауып қоректенеді. Ол ағаштарды 
зиянкестерден қорғайды «орман 
дәрігері» деп те атайды 
...  және олардың дернәсілдері ағаш 
қабықтарының арасына тығылады. 
Қыста орманда суық, ал апан іші 
жылы әрі жайлы болады. Мұнда .... 
ұйықтайды. Қыста аналық аю 
балалайды. 
Қыста ... қар астынан азық табу 
өте қиын. Сондықтан аламан, 
саршұнақ індеріне азық жинап 
алып, қыстай соны қорек етеді. 
Ал кейбір ... қыс бойы ұйқыға 
кетеді. 
... , құмырсқа, көбелектер қыста 
інге немесе қуыстарға тығылып, 
ұйқыға кетеді. 
...  түні бойы жүгіріп қорек із-
дейді, ал күндіз бұта астына 
жасырынып демалды. 

 
100 
     
 
2.
 
Біртұтас  қазақ  мемлекетінің  құрылу 
қарсаңында  этникалық  жағдай  қандай 
болды? 
3.
 
Қазақ 
хандығының 
құрылуына 
экономикалық дамуы қалай әсер етті? 
Саяси жағдайы 
Этникалық жағдайы 
Экономикалық жағдайы 
Ақ Орда ыдырап, бірне-
ше хандық пен ұлыстар 
пайда болды. Олардың 
өзара жер, билік үшін та-
ластары, ел ішінде бей-
берекетсіздікті туғызды 
немесе саяси бытыраң-
қылық болды. 
Қазақстандағы ру-тайпалардың тілі ділі, 
діні, әдет-ғұрпы, салт-санасы жағынан 
бір-біріне ұқсас болды. Бірақ елдегі саяси 
бытыраңқылық бір ұлттық мемлекет 
қүруға ешбір мүмкіндік бермеді. Қазақ-
станда өмір сүрген тайпалар негізінен үш 
аймаққа шоғырланды: Дешті Қыпшақ, 
Оңтүстік Қазақстан, Жетісу. 
Бұл аймақтарда өмір сүрген 
тайпалар жартылай көшпелі, 
отырықшы егіншіліпен 
айналысты. Шаруашылықтың 
әр саласы бойынша өзара тығыз 
байланыс болды. Ұлы Жібек 
жолы сауда-саттық байланысты 
дамытты. 
 
 
  
 
 
 
Бұл міндеттің шешілу  үшін Қазақ хандығын 
қүру  қажет  болды,  сәтті  тарихи  жағдайлар 
қалыптасты. 
ІV. Жаңа сабақ 
Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы 
Жоспар: 
1.
 
Қазақ  хандығының  құрылуының  алғы-
шарттары 
2.
 
Қазақ  хандығының  құрылуы.  Қазақ  хан-
дығының  негізін  салушылар:Керей  мен 
Жәнібек 
3.
 
Қазақ хандығының нығаюы 
Ой қозғау. 
Миға шабуыл: 
1.
 
«Үшқоңыр» әні орындалады 
2.
 
«Қазақ  елі»  көп  сериалы  анимациялық 
фильмін көрсетемін. 
3.
 
(слайдтан  Керей  мен  Жәнібектің  суреті 
шығады) 
І.  Қазақ  халқының  саяси  бытыраңқылығын 
жойып, мемлекет етіп құру. Ақ Орданың би-
леушілері  Орыс  ханның  ұрпақтары  Керей 
мен  Жәнібек  сұлтандардың  үлесіне  тиді. 
Алдымен екі тұлғаға тоқталып кетейік. 
Керей хан алғашқы қазақ ханы. Ақ Орда ха-
ны  Орыстың  ұрпағы.  (Орыс  хан  Тоқтақия 
Болат Керей) Туған жылы белгісіз, шамамен 
1470  ж  қайтыс  болған.  Керей  хан  туралы 
М.Х.Дулати «Тарихи Рашиди» атты еңбегін-
де кездеседі. Керей мен Жәнібек ханмен бір-
ге  Қазақ  хандығының  негізін  қалаған.  Аңыз 
бойынша  Шу  бойындағы  Хан  тауы  етегінде 
жерленген. 
Жәнібек  хан  екінші  қазақ  ханы.  Орыс  хан-
ның шөбересі, Барақ ханның ұлы (Орыс хан 
Құйыршақ  хан  Барақ  хан  Жәнібек).  Туған 
жы-лы  мен  қайтыс  болған  жылы  белгісіз. 
ХVғ.  Үшінші  атадан  қосылатын  ағасы 
Кереймен  тұспа-тұс  өмір  сүрген.  Жазушы 
М.Мағауин  «Қазақ  тарихының  әліппесі» 
атты еңбегінде «Жәнібектің қазақ тарихында 
айрықша  тұлға  екендігінің  белгісі  ол  халық 
санасында ақылды әрі  әділетті әмірші ретін-
де  танылды.  Ұлттық  тарихымызда  жай  ғана 
Жәнібек хан емес, ол халықтың бар игілігіне 
ұйытқы  болған  аыл  ұрық,  ұлы  әулеттің  де 
негізін салушы» деген екен. 
ІІ.  XV  ғ.  ортасында  Әбілқайыр  хандығында 
жүргізілген  тоқтаусыз  соғыстар,  ішкі  фео-
далдық  қырқысулар  және  оның  ойраттардан 
жеңілуі ел ішіндегі беделін түсірді. 
Керей  мен  Жәнібек  сұлтандар  бұл  тарихи 
жағдайды  дер  кезінде,  өз  мақсаттарына  ше-
бер  пайдаланды.  (слайдтан  1459  жыл  Ұлы 
көштің басталуы) деген сөз шығады. (көрініс 
қойылады) «Үшқоңыр» әні қосылады. 
Көрініс. «Сұлтандар кеңесі» 
(Керей  сұлтан  мен  Жәнібек  сұлтан  сұхбат 
құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді) 
- Ассалаумағалейкум, ағалар. 
- Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер. 
Ақсүйектер  басшысы: Біз бір маңызды мә-
селемен келіп тұрмыз. Елді бей берекетсіздік 
басып алды. Хан екем соғыстарды үдетіп, са-
лықты  көбейтті.  Әскери  дайындықсыз,  ба-
тырларды құдалау негізінде ойраттардан же-
ңілгені  өздеріңізге  мәлім.  Бөлінетін  кез  кел-
меді ме екен? 
Жәнібек:  -  Ия,  сөздеріңіз  рас,  ханның қаһа-
рына  жергілікті  сұлтандар  мен  қарапайым 
Бұл жағдайлар ел алдында қандай міндет қойып отыр? 
Қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп, біріктіру міндеті қойылды. 

 
 
 
101 
     
 
халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел бола-
тын күн келді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет