Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:
6.4A: Экология және тұрақты даму
|
Мектеп:
|
Мерзімі:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Экологиялық мәселелерді шешу жолдары
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.6.3.2 экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушы:
экологиялық мәселелердің себептерін анықтау;
экологиялық мәселелерді шешу жолдарын талдау.
|
Бағалау критерийлері:
|
1. экологиялық мәселелердің себептерін көрсетеді;
2. экологиялық мәселелердің салдарын анықтайды;
3. экологиялық мәселелерді шешу жолдарын сипаттайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады:
экологиялық мәселелерді шешу жолдарын көрсету үшін жазбалар жасап, есеп дайындай алады
Пәнге тән лексика мен терминология:
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы, Аралдың экологиялық жағдайы, Балқаштың экологиялық жағдайы,үлкен қалалардың өндіріс қалдықтарымен ластануы
Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:
Менің ойымша, экологиялық мәселенің себебі ….
Экологиялық мәселені шешуге қосатын менің үлесім…
Бұл мәселенің нәтижесінде… болады деп ойлаймын.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Жұпта және топта жұмыс істеу барысында ынтымақтастық, өзіне және басқаларға құрметпен қарау, академиялық адалдық - өз бетімен жұмыс істеу, ашықтық - оқушылар сабақтың мақсаттарын және міндеттерін өз бетінше анықтай алады.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Топта жұмыс істегенде оқушылар биологиялық терминдерді қолданатын болады.
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар 5 – шы сыныпта өз аймағының экологиялық мәселелерімен танысты. Олар экологиялық мәселелерді ажырата алады. Бастапқы білімді жаңғырту топтық жұмыс барысында «Пазл» жинау арқылы жүзеге асады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-5
5-10
|
1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар экологиялық мәселелерді шешу жоспарын құрастыру үшін, бір экологиялық мәселе жазылған пазлды жинау арқылы топтарға бірігеді. 5.6.3.2 өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу және 6.6.3.1 өз аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау мақсаттары бойынша білімдерін көрсетеді.
Дескрипторлар
Оқушы
|
Экологиялық мәселе себебін анықтайды.
|
2. Мақсатты тұжырымдау.
Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.
|
Қосымша 1
|
Сабақтың ортасы
10- 20
20 - 30
30-37
|
3. Топтық жұмыс.
Әр топ мәселеге қатысты құрылымдық сұрақтар топтамасын және әуе шарының бейнесін алады.
- Кімнің әуе шарында болуы қажет? Оқушылар басқа жерге баратын, әуешарының бортында болуға тиісті адамдардың аттарын жазады, яғни, мәселені шешетіндерді.
- Бұл жоба нәтижелі болу үшін не қажет? Мәселенің нәтижелі шешімі болуы үшін, оқушылар ойы бойынша не қажет екенін әуе шарына жазады.
- Қайсысы тежеуші фактор болады? Зәкір қатарына оқушылар мәселені шешуді бастауды тежейтін факторларды жазады.
- Шардың жоғарғы жылдамдықта ұшуын не мәжбүр етті? Оқушылар шарға өз ойлары бойынша, жоба сәтті болып шешілуіне қажетті барлық элементтерді жазады. Мысалы, жұмысқа қабілеттілік, қызығушылық, шығармашылық әрекет.
- Шарды ұшу бағытынан не тайдырады? Оқушылар шардың екі жағынан жоба барысында пайда болуы мүмкін мәселелерді жазады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |