Бақылау сұрақтары Сабақтың мақсаты мен мазмұнына қандай талап қойылады?
«Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек», - деген Ж. Аймауытовтың сөзінің мәнін ашып беріңіздер.
Сабақта оқушыларға өздігінен білім алудың әдіс-тәсілдеріне үйретудің жолдары қандай? Осыған орай өз ұсыныстарыңызды жасаңыздар.
Нұсқаулық: Педагогиканы оқытатын оқытушының бір сабағына қатысып, сабақ құрылымын анықтаңыз, оның әрбір құрамды буынын талдаңыздар. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру мұғалім қандай проблемалық ситуациялар туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауды ұсынды? Сабақтың үш тарапты қызметін қалай ұштастырды? Педагог оқушылармен қарым-қатынас орнатуда басшылық ету қызметін қалай жүзеге асырды? Осы тақырыпқа байланысты өз ұсыныстарыңызды жасаңыздар
Әдебиет Бабанский Ю.К, Ильина Т.А, Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы.Алматы, 1989
Бұзаубақова Қ.Ж. Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006
Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы. Алматы, 2005.
Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки
учителя. Алматы, 1998