Кіріспе Әдістеме ғылым және оқу пәні ретінде оқытылатын пәнмен және дидактикамен тығыз байланысты.
«Педагогиканы оқытудың әдістемесі» әлі тұтас жүйе ретінде берілмей отыр, себебі әдістеме жүйесін қалыптастырудың барысы педагогиканы пән ретінде оқытумен бірге жүреді. Педагогика бойынша оқулықтар мен оқу құралдары педагогиканы пән ретінде оқытуға өз көмегін тигізе алады, өйткені іргелі пәннің негіздерін, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен формаларын, педагогикалық процесті басқарудың принциптерін меңгерген студент осы білімін педагогикалық тәжірибеде қолдана алады.
Курстың мақсаты мен міндеттері: колледж оқушыларына педагогиканы оқытудың жалпы теориялық-әдіснамалық және әдістемелік мәселелерімен студенттерді қаруландыру; орта кәсіби білім беру орындарында педагогикалық пәндерді оқытуды ұйымдастыру және басқару үшін қажетті тәжірибелік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Жалпы пәнді оқу нәтижесінде студент:
Педагогиканы оқыту принциптерін және педагогикалық пәндердің мазмұнын игеруді ұйымдастырудың тәсілдері туралы түсінік алуы;
педагогиканы оқыту пәні ретінде құрудың және қазіргі білім беру технологияларының ғылыми негіздерін білуі;
педагогиканы оқытудың тәжірибесінде теориялық білімдерді жүзеге асыра білуі керек.
Студенттерге ұсынылған зертханалық жұмыстар репродуктивті және жартылай ізденістік сипатқа ие.
Репродуктивті сипаттағы жұмыстарды ұсынғанда студенттерге нақты нұсқаулар беріледі, олардың мазмұнында:
Жартылай ізденістік сипаттағы жұмыстарды орындау үшін студенттерге толық нұсқаулық берілмейді; мұндай жұмыс білім алушылардан қажетті материалдар мен әдістемелерді, жұмысты орындаудың тәсілдерін өздігінен таңдап алуды талап етеді.