Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарын анықтаңыз



бет33/89
Дата10.05.2022
өлшемі341,08 Kb.
#33856
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   89
Байланысты:
?дістеме туралы ??ымды сипатта?ыз

Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарын анықтаңыз.

Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі

 Өзден әдемілеп шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. Үй салуға түрлі зат керек. Ол зат топырақ болса оны біріктіріп илейді, илеген балшықтан кірпіш құяды. Кірпішті қалап, неше түрлі үй қылып шығарады. Ал, сөзден құрастырылып көркем әңгіме шығару үшін жұмасалатын зат – сөздер. Дыбыстан құралып сөз жасалған, сөзден бірігіп түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы балшығынан, кірпішінен әсіресе, қалауынан болатын сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, өзінен, әсіресе, сөздің тізілуінен[1].

Дыбыс жаман болса, дыбыстың немесе сөздердің байланысуы жақсы боламаса, сөз құлаққа жағымды болып шықпайды. Әңгіменің әдемі болып шығуы сөздің тізілуі мен әңгіме айтушының сөздерді дұрыс қолданыла білуінде. Үй салушының қиялы бай болса, үй де сәулетті, әдемі болып шығатыны сияқты, неғұрлым сөйлеуші қиялға бай, пікірге шебер болса, соғұрлым айтылған ой пікірлі, әсерлі, әдемі болып шығады. Балалар, ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін түсінуден, естілген дыбыс ағынын ұғудан бұрын жекелеген сөйлемдердіғ сөз тіркестерін, сөздерді, морфермаларды үйренеді, яғни оларды айтылып жатқан әңгіме ағынынан бөліп ұғынады.

 Байланыстыра айтылған сөздерді игертіп үйрету үшін алдымен жекелеген сөздерді дұрыс түсінуге үйреткен жөн. Содан соң сол сөздерден сөйлемдер құратқызу керек. Бірақ, Морфермаларды сөздер, сөздерден сөз тіркестерінен сөйлем жасаукезіндегі жеке сөздердің мәні, элементтердің мағынасы интеграцияға ұшырауға байланысты кішкене балалар көп шатасады және сөйлем құрау кезінде қосымшаларды дұрыс жалғай алмайды немесе тіпті қосымша жалғамай-ақ құр морфемалардан сөйлем құрап шығарады. Ал осыны болдырмау үшін балаға тілдік белгілердің байланысуының нәтижесінде қолданылатын тілдік белгілердің әрқайсысы өзінің бастапқы мағынасынан  өзгеше жаңа мағынаға ие болатындығын түсіндіре білу керек. Мысалы, балаға қой деген сөзді үйретсек, сол сөзден сөйлем құрастыруда бұл сөз басқа сөздермен байланысқа түсуі үшін бұл түбір моафемаға қосымшалы, -ға, сияқты жұрнақтар жалғанатынын үйретеміз.

Мысалы:

- Қойға су бердім.

- Қой-ды қораға қамадым.

Сонымен қатар, қазақ тілінде көп мағыналы сөздер көп болғандықтан мектеп жасына дейінгі балалар сол сөздердің қайсысы қандай жағдайда айтылатынын білмейді, соның салдарынан сөздерді бір бірімен дұрыс байланыстыра алмайды. Балаларда сөздің көп мағыналылығын түсіну тек байланысты текстермен жұмыс жүргізу кездерінде дамиды. Көп мағынаны түсіндіру үшін көпмағыналы сөздер кездесетін шағын мәтіндерді оқып сол мәтіндегі көпмағыналы сөздермен түсіндірме сөздігін өткізуге болады. Мысалы «ара» деген сөзді алсақ бұл сөздің кесуге арналған құралдың атауы екендігін, сонымен қатар жинайтын жәндіктің атын білдіретінін және тағы да екі заттың ортасындағы орынды ара деп айтатындығын жекелеп, мысалдар келтіре отырып, түсіндірген жөн.

Байланыстыра сөйлеудің түрлері

Байланыстыра сөйлеудің екі типі, яғни екі түрі бар. Оладың бірі – диалог, ал екіншісі – монолог. Бұларды диалогтық сөйлеу және монологтық сөйлеу деп те атайды.

Диалог – екі не оданда көп адамның сөйлесу барысында туындайтын әңгіменің мақсаты, әдетте, бір нәрсе жайында сұрап, оған жауап беруге, белгілі әрекетке түрткі болуға шақыру. Міне, осы себепті де байланыстыра сөйлеуге үйретуде әңгімелесу әдісі көп қолданылады. Диалог сұрау мен баяндау, баяндау мен мәжбүрлеу барысында түзіледі.

Ал, монолог мүлде басқаша. Ол, әдетте, кітаби стилге жатады. Себебі, монолог қоршаған ортаға әдейі әсер ету болып саналатын ойды жеңілдетіп сөздік формаға келтірген жүйе.

Монолог – бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі. Монологтың мақсаты – белгілі бір факт жөнінде баяндау.

Бір нәрсені суреттеу, баяндау кезінде бір нәрсе жөнінде пікір білдіруде тілдің монологтық формасы пайдаланады. Монолог нақты фактілер жөнінде хабарлайды, ал нақты фактілер бір-бірімен әрқашан мезгілдік немесе себеп-салдарлық байланыста болады. Мезгілдік байланыс немесе кезектесіп келуі мүмкін. Бір мезгілде болатын фактілер туралы айту суреттеу деп аталады. Ал, бірінің соңынан бірі келетін фактілер туралы айту баяндау деп аталады. Сонымен қатар себеп-салдарлық қатынаста болатын фактілер туралы айту деп аталады.

Монологтық тілде сөзді байланыстырып әдеби тілге жай ғана және күрделі синтаксистік құрылымдардың балық түрлері пайдаланылады: біріңғай мүшелі сөйлемдер, салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдер. Бала жайылма сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдер құрастыра білмейінше, оның тілі байланысты түрдегі тіл бола алмайды. Ендеше монологтық тілдің әртүрлі типін үйрету тәрбиеші үшін үлкен міндет.

Монологты мектепте оқыта бастау кеш: монологтық тіл дағдыларын алдын ала мектепке дейін жетілдіру керек. Сонымен, балалр бақшасы тәрбиешісінің жауапты міндеті – балаларға монологты, сереттеуді, баяндауды, пікір айтуды үйрету үшін, мақсатқа сәйкес дидактикалық материалдар табуға күш салу, яғни, тәрбиеші баланың байланыстыра сөйлеуін дамыту үшін көптеген әдіс-тәсілдерді қолданған жөн. Ал, әдіс-тәсілдері дұрыс, тиімді пайдалану үшін тәрбиеші шебер, сонымен қатар, ізденгіш болуы керек.

Көп ізденген тәрбиеші көптеген жаңа әдіс-тәсілдер ойлап табу арқылы оқушы тілін жетілдіреді, олардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын биікке көтере алады. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету барысында олардың да психологиясы әр түрлі болып келеді. Сәби өмірінің алғашқұы жылында тез ширайды. Оның организміндегі өзгерістерді тіпті апта сайын байқауға болады. Денесінің өсуімен бірге баланың миы да толыса түседі, яғни «өзін қоршаған ортаға бейімделу органы» туғаннан 2,5-3 айдан 1 жасқа дейін. Міне осы кездерде баланың тілі шыға бастайды.

Сәби 1 жасқа дейін осы кезеңдерде өзін қоршаған ересектерден сөйлеудің компоненттерін үйрене бастайды.

Сәби тілді игере отырып, тіл арқылы қоршаған ортаны танып біледі. Осы 1 жасқа дейінгі бала тілінің дамуына ерекше ықпал ететін ата-ана мен жанұя адамдары. Себебі, бұл кездері ана баланы тамақтандыру, шомылдыру, құндықтау, ұйықтауға жатқызу барысында бөбекпен үнемі сөйлесіп отыруы керек. Ата-ана күніне 1-2 минут баламен арнайы әңгімелесумен шұғылданғаны жөн, сонымен қатар, ойнату кезінде де баланың тілі даму үшін онымен үнемі шүйіркелесіп отыру керек. Бұл кездерде ата-ананың қолданылатын тиімді әдісі заттардың атын атап, көрсетіп, өздерінен сұрап түсіндіру және сұрақ қою арқылы баламен диалог түрінде сөйлесу. Бала сөздерді, олардың дыбысталуын, граматикалық формаларын ересектермен арадағы қарым-қатынастағы қолданылған тілден үйренеді. Бір жасқа дейінгі балалардыңтілі жетілу үшін оларға үнемі сұрақтар қойып отырамыз.

Ал, бала осы қойылған сұрақтарға жауап береді. Міне, осы екі жақты жүретін процесстің негізінде бала мен ересек адамның диалогы құралады.

Байланыстыра сөйлеуге үйретуде жиі қолданылатын диалог осы әр топтағы балаларға әр түрлі әдістермен жүргізіледі. Бұл топтағы балалармен жүргізілетін диалог ойын оынату кезінде, арнайы жаттығулар жүргізу барысында сұрақ қою арқылы, заттардың атауын айтқызу арқылы жүзеге асады. Мысалы, тәрбиеші қандай да бір ойыншықты балаларға көрсетіп оның атауын сұрайды:

- Балалар мынау не?

Балалар жауап береді, егер ойыншық аң болса, онда тәрбиеші:

- Ол қайда өмір сүреді? – деп жетекші сұрақ қояды.

Мұнан соң ол аңның немен қоректенетінін сұралады. Міне, осылайша сұрақтар қою арқылы тәрбиеші бала тілінің дамуына, оның байланыстыра сөйлесу дағдысының жетілуіне өз үлесін тигізеді. Сонымен қатар, қай топтың балалары болмасын өзара, яғни бір-бірімен тілдеседі.

Тәрбиеші балалардың тілдесуіне көп көңіл бөлуі керек. Себебі, балалардың өзара тілдесуі олардың байланыстыра сөйлеу дағдысының дамуында ерекше орын алады. Олардың ойын барысында, тамақтану кезінде тілдесуін тәрбиеші бақылап отырып, тілдесу барысындағы қателіктеріне түзету енгізіп отыруы керек. Әр жас топ балаларын байланыстыра сөйлеуге үйрету кезендері бар.

Бұл топта қиындықтар кездеседі, тәрбиеші сол қиындықтардан өтіп, өсіп келе жетқан сәбиге өз білімін беріп оны толығымен, мына айтылған әңгімелерді толығымен үйрету керек. Балаларға 2-3 сөздерден құралған әңгімесін мән мағынасы болу керек екенін және балалар соны түсініп айту керек екенін тәрбиеші өзі қадағалап отырады[4].

ІІ сәбилер тобына 3 жасқа толғанда балаларда сөзді түсіну активті сөйлеу тез дамиды. Ойлау жағы түсіну толық қалыптасады. Диалогты яғни бір бірімен сөздік қарым-қатынасты пайдалана бастайды. Сетуациялық әңгіселер айтып, мәтінге, мимика, қолдана бастады. Тәрбиені балаларға заттар картина көрсету арқылы оларға сұрақ қойып, жауабын талап етеді. Бала тәрбиешінің қойған сұрағын толық естіп,соған анығымен жауап беру керек. Тәрбиеші балаларға 3-4 сөйлемнен құралған тақырыбы өзінің соңынан қайталауға үйретеді және сол ойыншық жайлы болуы тиіс. Жылдың аяғына дейін балалар мыналарды игеруі, яғни білуі керек, ол тәрбиешіге байланысты болады:

1.Сұрақтарға жауап беру.

2.Тәрбиешінің соңынан белгілі бір тақырып жайлы қайталап отыру.

Тәрбиеші ертегі немесе әңгіме оқу барысында балалар оның айтқанын анық және толық қайталап отыру керек. Балалар сетуациялық тақырыпта әңгіме айту барысында байланыстыра мөйлеу мәнеріне үйренеді.

Естияр тобында балалардың 4-5 жастағы кезінде олар сетуациялық әңгімелерден, мәтіндік әңгімеге көшеді. Бұл жастағы балаларға ертегі немесе әңгімені әңгімелеп айтуға үйрету керек. Айтылатын әңгіме балаларға таныс болуы керек. Балаларға заттық немесе сюжеттік картина жайлы өз ойларынан шағын әңгімелер ойластырып шығаруға үйретеміз. Ол тәрбиешінің көмегінсіз-ақ жұмысты атқаруы қажет. Тәрбиеші балаларға үнемі сұрақ қойып, оның жауабының дұрыс болуын қадағалау қажет. Сол үшін тәрбиеші әр балаға жеке сұрақ қойып жауап алу керек. Өйткені балалар ұжым болып отырғанда кейбіреулері жауап берсе, кей балалар үндемей отырады, жылдың аяғына дейін балалар мынаны білуі керек:

1.Балалар өз туған тілінің дыбысын дұрыс мағыналы етіп шығаруға дағдылану қажет.

 2.Тақырыбы шағын әңгімені.

 3.Сюжеттік картина бойынша ойыншық жайлы әңгімелеп және ертегі құра білу керек.

Балалар құрдастарымен ойын ойнау барысында өз тілін жетіп меңгереді және оны тәрбиеші бақылауға алады. Тәрбиеші оларға үлгі көрсете отырып тәрбиелейді.

Ересек тобында бұл балаларда сетуациялық әңгімелер мәтіндік әңгімелерді толық меңгеріп, оларда практтикалық тәрбиелер қалыптасады. Ойын барысында олар монологты сөйлеуге үйренеді, балалар өз істеріне жауап бере бастайды]5]. Тәрбиеші балаларға сұрақтар қойып, оған дұрыс жауап беруді қадағалап, егер бала жауап берген кезде қателесіп кетсе, тәрбиеші оған көмек береді. Тәрбиеші немесе отбасында ата-анасы балалармен үнемі байланыста болып отыруы керек. Балалар белгілі бір тақырыпта әңгіме құрастыру барысында түсінікті байланыстыра білу керек, және бұл жұмыс тәрбиешінің көмегінсіз жүргізіледі.

Мектепке даярлық тобында мектепке дейінгі жаста байланыстыра сөйлеу олардың тәжірибелеріне байланысты болады. Олар қысқа немесе сөйлемдерді пайдаланды. Сөз тіркестерінің толығымен игереді, бала өзінің дауыс апараттарын қалыпқа келтіріп, айналасындағы адамның сөздерін түсінуге қабілеті болады. Балалардың диалогты және монологты сөйлеулерін одан әрі қалыптастырамыз. Бұл топта балалар, қойған сұрақтарға әрқашанда қиналмай жауап бере білу керек. Өздерін айналадағылармен бірге мәдениетті түрде қарым-қатынаста ұстай білу керек. Жылдың соңына келгенде балалар барлық берілген білімджерді игеру керек: 1.Бұрынға алған білімдерін нақтылап бекіту. 2.Әр түрлі картиналар жайлы әңгімелер құрастыру. 3.Бұрынғадан қиынырақ тақырыптарға әңгіме, ертегілер құрастыру.

Балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету - балабақшаныч негізі міндеті. Байланыстырып сөйлеудің түрлері /диалог және монолог/. Сөздің диалогтік формасының қалыптасуы. Сәбилік шақтағы балалардың тілін дамыту сабақтарынын әдістемесі. Балабақша әр жас тобындағы балалармен әңгімелесудің мақсаты. Монологты сөзге үйрету әдістері. Ойыншыққа, затқа, картинаға қарап әңгіме құрастыру және олардың маңызы. Әңгімелеудің әдістері. Көркем шығарма мәтінің қайталал айтуға үйретудегі тәрбиешінің басшылығы. Шығармаларды іріктеу. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет