Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Оқушылардың грамматика мен емле және тіл дамытудан білімдері мен



бет69/89
Дата10.05.2022
өлшемі341,08 Kb.
#33856
түріСабақ
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   89
Байланысты:
?дістеме туралы ??ымды сипатта?ыз

3 2 4 Оқушылардың грамматика мен емле және тіл дамытудан білімдері мен

дағдыларын, шеберліктерін есепке алуды түсіндіріңіз.

Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, онан

қаншама дұрыс дағды берілгенімен әр оқушының білімі, дағдысы мен

шеберлігі есепке алынбаса, оларды материалды қалай меңгергені,

мұғалім мен оқушылар еңбегінің барысы, нәтижесі және оған қалай

жеткені белгісіз болады. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін

біліп отырмаған соң, келесі еңбекке деген ықыласы азайып, сабаққа

белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай сабақ болмасын, балалардың

алған білімдері, дағдысы мен шеберліктері есепке алынып отырылсын.

Оның мынадай жолдарын көрсетуге болады: 1) бір сабақтың негізінде

бағалау; 2) бірнеше сабақтың негізінде бағалау; 3) бір ғана жұмыстың

негізінде бағалау.

Оқушылардың білімін бір сабақтың негізінде бағалаушы оқушының

қандай сұрауларға, қалай жауап бергенін және қандай жұмыстарды

орындағанын есепке алып отырады. Сабақтың соңында бірнеше оқушыға

бүкіл сабақ бойы істеген жұмыстарының (еңбегінің) негізінде баға қояды

және неге олай баға қойғанын бүкіл сыныпқа хабарлайды (дәлелдейді).

Мұндай жағдайда мұғалім сабақ бойы кез келген оқушыдан сұрай

алмайды: кімдерді бағалау керектігін, қандай сұраулар қоятынын, қандай

жұмыстар жасайтынын алдын ала жоспарлап алады. Сабақта сұраулар

бүкіл сыныпқа қойылып, дағдыландыру, жаттығу жұмыстарына барлық

оқушылар қатыстырыла тұрса да, мұғалім білімін, дағдысын, шеберлігін

есепке алатын оқушыны іштей байқап, сұрағанда көбіне соларды тұрғызады. Мысалы, II класта оқушыларға деформаланған мәтін

ұсынылып, ондағы сөйлемдерді тауып, соңына нүкте қою керектігі

тапсырылды дейік. Оқушылар иапсырманы орындап болған соң, мұғалім

олардан сөйлем жөнінде не білетіндерін сұрайды: 3 – 4 оқушыдан

сұрағанына жауап алады, 1) аяқталған ойды білдіреді, 2) сөйлем өзара

байланысты сөздерден құралады, 3) сөйлемнен соң нүкте қойылады, 4)

әрбір жаңа сөйлем бас әріптен басталып жазылады. Сол оқушылар

өздіктерінен мысалдар келтіреді, талдайды. Мұғалім олардың сөйлем

жөніндегі түсініктерін, дәлелдемелерін байқайды. Осыдан соң берілген

тапсырманы бүкіл сыныптың қалай орындағаны жалпы тексеріледі. Бұл

үшін жекелеген оқушылар орнынан тұрғызылып, нүкте қойған, бас

әріппен жазған әр сөйлемді оқиды. Алдыңғы сұралған 3 – 4 оқушыны

тақтаға шығарып, олардың дәптерлерін тексереді; қажет болса, тақтаға

сөз, сөйлем, сөз тіркесі жаздырылады. Балаларды бағалау үшін мұғалім

бір сабақ бойы осылайша материал жинайды.

Сабақ соңында бірер сұраққа жауап берген бірнеше бала және

жаттығуды орындаған балалардың еңбектері де атаусыз қалмайды.

Олардың қай сабақта қандай сұрауға жауап бергенін, қандай жұмысты

орындағанын ескеріп жүріп, бірнеше сабақтағы еңбектері қорытылып

бағаланады. Бұл үшін мұғалім өзінің арнаулы дәптеріне (балаларға

көрсетпей), әр сабақтан кейін қажетті мәліметтерді жазып жүреді.

Балалардың әрбір жауабы, әрбір еңбегі ескерілетініне көзі жетсе, әр

сабақта өз білетіндерін көрсетуге тырысады, белсенділіктері артады.

Оқушылардың білімін, дағдысын, шеберлігін үйге берілген

тапсырманы

орындауларына,

нәтижесіне немесе сабақтың әр кезеңінде (әсіресе жаңа сабақты түсіндіру

я бекіту кезінде) бір күрделілеу сұраққа дұрыс, толық анық жауап

беруіне қарай бағалауға да болады. Оқушының белсенділігін көтеруге,

тапқырлығын арттыруға және өздігінен ойлай білуін күшейтуге бұл

әдістің де пайдасы зор. Мектеп тәжірибесінде балалардың білімдерін және емле

дағдыларын тексеру бірге жүргізіледі. Мысалы, балалар диктант жазса,

ол оқушылардың грамматикадан белгілі бір тақырып бойынша алған

білімдерін тексеруге де, емле, жазу дағдысын, шеберлігін тексеруге де

арналады. Оқушылар ондағы сөздерді, сөйлемдерді талдайды, шартты

белгілермен көрсетеді, керекті сөздерді теріп жазады, схемаға түсіреді

т.с.с. Мұнда грамматикалық талдауға берілетін тапсырмалар көп

болмауға тиіс (2 – 3-тен аспасын). Бақылау жұмысы дұрыс көрсеткіш

беру үшін, оны ұйымдастыру және өткізу барысында кейбір шарттар

орындалуы қажет:

1

Орфографиялық бақылау жұмысы белгілі бір тақырып



аяқталып, оқушылырда жазу дағдылары қалыптасқаннан кейін

жүргізіледі. Егер мұндай алғышарт болмаса бақылау жұмысын кейінге

қалдыра тұрған жөн.

2

Балалардың жазғандарын қарағанда тек соңғы өтілген



тақырыптар бойынша берілген білімдер ғана емес, сонымен қатар бұрын

берілген білімдер де қамтыла тексеріледі.

3

Бақылау жұмысына әдетте мәтін немесе жеке сөйлемдер



алынады. Әр сыныпқа белгілі мөлшерде сөз саны есептеп беріледі.

4

Бір түрлі орфограмманың бірнеше қайталанып келуінің



(бір бақылау жұмысының ішінде) қажеті жоқ.

5

Бақылау жұмысында ең соңғы оқылған тақырыпқа 2 – 6



объект, ал бұрын оқылғандарға екі объектіден келтірілген жеткілікті.

6

Бірдей орфограммада кездесетін сөздерді варианттармен



берген тиімді.

7

Мұғалім бақылау диктантының мәтінін тұтас оқып



шығады, ондағы түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін түсіндіреді, сонан

соң жеке сөйлемдерді оқиды, онан әрі мұғалім сөйлемді тағы бөліп

оқып жаздырады. Әр сөйлем қайта тұтас оқылады, бұл кезде оқушылар

жазғандарын тексеріп шығады. Ең соңында мәтін тұтас, жай, бір рет

оқылады, балалар оған ілесіп отырып, жазғандарын тексереді.

Оқушыларға жұмыстарын жөндеуге қосымша уақыт берілмейді. Мұғалім

жазғандарын жинап алады.

8

Оқушылардың алған білімдерін, дағдыларын және



шеберліктерін тексеру мақсатында өтілген материалдардың негізгі

мәселелері

жайлы

қосымша


грамматикалық тұлғаларды табу, сөз таптарына ажырату, септіктерді

қою т.с.


Сабақта оқушылардың қойылған сұрақтарға жауап қайтарып қоюы

жеткіліксіз, олар сұрақты өздері де дұрыс қоя білуге дағдылануға тиіс.

Сұрақ қоюға үйретуді қайталау сабақтарында жүргізген дұрыс.

Сонымен, оқушылардың білімін, дағдысы мен шеберлігін белгілі

бір жүйемен есепке алу жұмысы мұғалім мен оқушылар еңбегінің

көрсеткіші болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет