3 3 2 Сөздікпен жұмыс жасаудың маңызын көрсетңіз.
Қазақ тілінің грамматикалық заңдылықтарын үйретуді тіл дамыту жұмыстарымен сабақтастыра жүргізу - тілді сапалы әрі жеңіл меңгертудің бірден - бір тиімді жолы.
Тіл дамытудың ең алғы шарттарының бірі - сөздік жұмыс.
Сөздік жұмысы –тіл дамытудың іргетасы, оқушыны жаңа сөздер үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда маңызы зор. Сондай-ақ, сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.
Әдіскер ғалымдар М.Т.Баранов, А.Р. Прудникова жаттығу әдісінің маңыздылығына тоқтала келіп, «Сөздік және лексикалық жаттығуларды бір-бірімен айыру қиыншылық тудырады, олар тығыз байланысты. Өйткені екеуінің де негізі – сөзбен жұмыс жасау» - дей келіп, сөздік жұмыстарға тілді сезіну мен сөзді дұрыс түсінуі, орынды қолдана білуі, сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: |