Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Сауат ашу әдістемесінің мәселелерін анықтаңыз



бет43/89
Дата10.05.2022
өлшемі341,08 Kb.
#33856
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   89
Байланысты:
?дістеме туралы ??ымды сипатта?ыз

2 2 4 Сауат ашу әдістемесінің мәселелерін анықтаңыз.

Мектептегі оқыту процесінің сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті оқу мен жазуды үйрету. Осы сауат ашудан жас үрпаққа білім негіздерін меңгерту мен адамгершілік тәрбие берудің іргетасы қаланады. Білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын талаптардың аса күрделісі жеті жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі болып табылады. Себебі, сауат ашу кезінде оқушылардың оқуға, ой еңбегіне бейімділігі, ынтасы қалыптасуы керек.

Алғашқы оқу барысында мынадай ерекшеліктер ескеріледі:


  1. оқу жылының бірінші жартысы толығымен сауат ашуға беріледі;

  2. сабақ үстінде әрбір 10-15 минут сайын қимылды ойын тұрінде сергіту минуттары өткізіліп отырады;

  3. баланың оқуға деген ынтасы мадақтау, мақтау, көңілдендіру сияқты әдіс-тәсілдер арқылы арттырылады;

  4. үйге тапсырма берілмейді;

  5. апта ортасындағы бір күн жеңілдетілген сабақтарға арналады

Сауат ашу аса күрделі де жауапты міндет. Оны ойдағыдай жүзеге асыруда атқарылатын жұмыстар сан алуан. Олардың негізгілері мыналар:

  1. Балаларды мектепте сауат ашуға даярлау;

  2. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту арқылы сөздердегі дыбыстарды айқын естіп, оны айтуға үйрету;

  3. Оқушылардың жалпы ой-өрісін дамытып, ойлауға, байқағыштыққа тәрбиелеу;

  4. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, сөйлемдерді дұрыс, дәл жеткізе білуге үйрету;

  5. Сөзді жеке дыбыстардан құрап, ежіктемей, дұрыс буындап түсініп, оқуға, одан әрі сөзді тұтас оқуға дағдыландыру;

  6. Дыбыстарды әріппен дұрыс таңбалауды жете меңгерту арқылы жазудық каллиграфиялық талаптарын сақтап, әріптерді үзбей және сөз ішіндегі байланысу тәсілдері бойынша, сөзді тұтастыра жазуға үйрету; жеке сөздерді, сөйлемдерді көшіріп және естігенін жаза білуді жетілдіру;

  7. Сөйлемдегі сөздердің айтылуы мен жазылу ерекшеліктерін меңгерту;

Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының өзгешелігі оқыту ісі, талдау және жинақтау процесінің бірлігінен тұратындығында.

Сауат ашудың негізгі мақсаты-оқу дағдыларының негізін қалау, тыңдауға, айтуға, жазуға үйрету, балалардың сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінігін қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан соң тұтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазудың негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауыз екі тілін дамыту.

"Әліппеге" дейінгі кезең де, негізінен, оқушылардың бұрыннан қалыптасқан сөйлеу дағдыларына сүйеніп, оларға мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден дыбысты бөлгізу жұмыстары жүргізіледі. Бұл кезең де балалардың, тілін дамыту, сөздерді байланыстырып сөйлету арқылы іске асырылып, оларға сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы түсінік беріледі.

"Әліппеге" дейінгі кезең де заттарды тегіне, тұріне, т.б. белгілері бойынша балалардың сөздік қоры жүйе­ленеді. Бұл кезеңдегі басты міндет оқушыларға байланыстырып сөйлеу дағдысы арқылы оларға сөйлемнің, сөздің, дыбыстық ерекшеліктері туралы ұғым беру.

Даярлық кезеңі-сөйлеммен танысу: сөйлеуді-сөйлемдерге, сөйлемді сөздерге,-сөздерді буындарға,- буынды дыбыстарға бөлуді үйрету, яғни, талдау жинақтау әдісі арқылы жүргізіледі.

Дыбыстар, олардың рөлі, дыбыстық құрылысы әр түрлі сөздерді талдау, дауысты және дауыссыз дыбыстар, олардың естілуі мен айтылуындағы ерекшеліктер, жуан және жіңішке, дауыссыз дыбыстардың, айтылуымен естілуіндегі ерекшеліктер.

Қолды жазуға дағдыландыру: сурет салу, сызықтарды сызу, ою-өрнек, имек жиектер жасау, ирек сызықтар сызу, кіші әріптердіңэлементтерін жазу, жазу техникасының ережелерімен танысу, әріп элементтерін сызық бойымен жазу, жазу кезеңі нде дұрыс отыру, дәптер бетін бағдарлау, т.б.

"Әліппені" оқу кезеңінде оқушылардың нақтылы дыбыстарды оқытып,таңбасын жазуға үйретуде, сөздік жұмыс бірінші кезекке шығады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты принципі оқушылардың лексикалық материалды меңгеріп, оны сөйлеу тілінде қолдана білу. Сөздік жұмысын жүргізудің ұтымды жағы оқушыларға жаңа сөзді меңгертуде сөзді зат есім, сын есім, есімдік формасындағы сөйлемдерден беру. Мысалы: Бұл үй. Бұл үлкен үй. Бұл қызық кітап, т.б. Сөздік жұмысы сабақта арнайы сабақ болып жүргізілмейді, сабақтық барлық кезеңі нде жүргізіледі. Әліппені оқытқанда, кезінде оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамытуға арнайы көңіл бөлінеді. Бұл кездегі тіл дамыту үш түрлі салада жүргізіледі: сөздік жұмысы, сөйлем құрастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сөздік жұмысын жүргізуде екі түрлі мақсат алға қойылады: бірі оқылған сөздің мағынасын түсіндіру, сол арқылы оқушыларды саналы оқуға баулып, ойлау қабілетін жетілдіру, екіншісі жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту. Сөйлем дұрыс құрылған сөйлемдер мен жүйелі айтып немесе жазып баяндауға даярлайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет