Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз



бет83/89
Дата10.05.2022
өлшемі341,08 Kb.
#33856
түріСабақ
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   89
Байланысты:
?дістеме туралы ??ымды сипатта?ыз

Ескерту диктанты көлемі, орфографиялық емле, сөздік қоры жағынан бақылу диктантына жақын келеді. Мұнда осы уақытқа дейінгі өтілген барлық материал түгел қамтылып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді.
Графикалық (сызба) диктантты сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсеу, керісінше, берілген сызба бойынша сөйлем құрау сияқты түрлі вариантта жүргізуге болады.
Бақылау диктанты бұрын өтілген материалдарды оқушылар қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық дейгейінің қандай екенін анықтау мақсатымен жүргізіледі. Бақылау диктанты белгілі бір тарауды оқып бітіргенен кейін және тоқсанның, жылдың аяғында өткізіледі. Осы жұмыстың жүйесі. а) алғашқы кезеңде, әдетте оқулықтағы немесе тақтаға жазылған дайын материал алынады. Бұл материалдар мұғалімнің көмегімен талданады, оқылған ереже бойынша, жазылған сөздер табылады, нақты үлгі бойынша балалар ережелерін практикада қалай қолданылатынын түсінеді. ә) екінші кезеңдерде дайын текст: сөз сөз тіркестері, сөйлемдер беріледі. Мұнда оқылып отырған орфографияға сай, сөздердің ішінде басқа ережелерде жататындары болады. Бұл кезеңде ең көп қолданылатын жаттығулар: көшіріп жазу, үлгі сабақ бойынша сөзді, сөйлемді аяқтап жазу. Бұл орфографияны білу керек деп аталады. б) балалар өздіктерінен басқа құбылыстардың ішінен оқылып отырған ереженің обьектісін тауып бере алады. Балалар мәтінді көшіреді: қалдырылып кеткен сөздерді үлгі сұрақтарсыз, өздері тауып жазады, бұл кезде ескерту, түсіндіру, іріктеу диктанттары жаздырылады. Бұл үйрену кезеңі деп аталады. в) орфографиялық дағдының автоматтана бастау кезеңі. Мұнда балалар орфография туралы ғана емес, жазу жұмыстарының басқа жақтары (мазмұны, лексика, синтаксис, жоспар) жөнінде де ойланады. г) қалыптасқан дағдыларды жетілдіру кезеңі жазылуы бірыңғай сөздерді байланыстырып оларға тән ортақ заңдылыққа, жалпылықты анықтау; түбірлес сөздерді табу, сөздерінің синонимін, антонимін табу, омоним сөздерді табу. Бұл кезде диктанттың барлық түрі жазылады. Оқылған ережелер бойынша қалыптасқан дағдылар толық автоматтанды, сондықтан тексті алдын ала талдаусыз жаздыра беруге болады. Сөздіктен қарауға, мұғалімнен сұрауға рұқсат етіледі. Материал таңдауда әсіресе мына жағдайлар ескеріледі. 1. Грамматикалық және орфографиялық құбылыстарды түсіндіру кезінде бақылау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет