Сөздік диктантыәріп емлесін өту кезінде белгілі бір сөздердің жазылуын есте сақтау үшін пайдаланылады. Диктантқа ұсынылатын сөздердің саны 8–12-ден аспауы керек. Сөздік диктантты өтіліп отырған тақырыпқа байланысты мұғалімнің қалауымен жүргізіледі.
Терме диктантыбелгілі бір ережені оқушылардың қалай меңгергенің байқау үшін сабақ үстінде жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқыр алдында қандай ережеге көңіл аудару керек екендігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады.
Көру диктантымұғалімдер тәжірибесінде өте пайдалы, диктантқа үйрететін жұмыстардың ішіндегі ең бастысы болып есептеледі. Бұл диктант түрі оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай–ақ жазылуы қиын сөздермен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілген өлеңдер алуға болады. Диктант мәтіндері үзіліс кезінде тақтаға немесе алдын ала аумақты қағазға жазылып қойылады. Оларды оқушылардың 2–3 рет оқып шығуына, асықпай көріп, жадында сақталуына 1 -2 минут уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім оны жауып қояды. Оқушылар тақтадан оқыған мәтінін есіне түсіріп, дәптерге жазады. Мұндай материалдардың құрамында жазылуы қиын сөздермен бірге,баса көңіл аударуға тиісті ережелері бар термин сөздер болса, мұғалім олардың астын түрлі түсті бормен сызып қояды.