Әдістемелік жұмыстың мақсаты: педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Әдістемелік жұмыстың міндеттері: 1.Мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру.
2.Мұғалімдерді педагогиалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту.
Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары: педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, проблемалық шығармашылық топтар, ғылыми-практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, шығармашылық есептер, теориялық семинарлар мен семинар-практикумдар, озат тәжірибе мектебі, жас мамандар мектебі.
Мектеп директорының ғылыми-әдiстемелiк жұмыстар жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі және міндеттері
Мектептiң дамуы, бiлiм беру саясаты мен стратегиясын анықтайды, нормативтi-базалық iс-әрекет базасын, жаңа ұйымдастырушылық құрылым, уақытша шығармашылық ұжымдар, эксперименттiк топтар құруға, инновациялық үрдiстердi жүзеге асыруға қатысады.
Бiлiм берудегi әлеуметтiк тапсырысты, шағын аудан тұрғындарының қажеттiлiктерiн зерделейдi, мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарының жай-күйiн, оның нәтижелiгiн талдайды.
Мектептiң кешендi-мақсатты даму бағдарламасын, ғылыми-әдiстемелiк және эксперименттiк жұмыстардың жоспарын, бiлiм беру мекемесiнiң моделi мен оның құрамдас жүйесiн жасауға қатысады.
Тереңдетiп бiлiм беретiн сыныптардың оқу жоспарларын жасайды. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын үйлестiрудi, орындалуын қамтамасыз етедi. Тереңдетiп оқыту, жеделдетiп оқыту топтарына оқушыларды iрiктейтiн комиссия құрамына кiредi.
Педагог-қызметкерлердiң ғылыми-зерттеу мен тәжiрибе-сынақ жұмыстарына жетекшiлiк етедi: зерттеу мәселесi және өз бетiмен бiлiм көтеру тақырыптары бойынша кеңестер бередi.
Ғылыми - әдiстемелiк кеңес жұмысына жетекшiлiк етедi, педагогтардың шығармашылық пен инновациялық бағытта жұмыс iстеуiне жағдай туғызады. Педагогтардың ғылыми-әдiстемелiк жұмысын ұйымдастырып, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жұмысын ұйымдастырады. Аттестациялық комиссия жұмысына қатысады және жетекшiлiк етедi.
Бiрлестiк жетекшiлерi мен кiтапхана қызметкерлерiнiң әрекетiне жетекшiлiк етедi. Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысына бағыт-бағдар және кеңес бередi.
Авторлық, байқау оқулықтары мен бағдарламаларын, оқыту технологияларын, оқу-әдістемелiк құралдарды сараптауға қатысады.
Талдау-диагностикалау әрекетiн жүзеге асырады; оқу үрдiсi сипатының әлеуметтiк тапсырысқа, мектептiң даму тұжырымдамасы мен бағдарламасына, жоспарланған нәтижеге сәйкестiгiн анықтайды, басқару жүйесiнiң ықпалының деңгейiн, оқу-тәрбие үрдiсiнiң дамуы мен сапасын анықтайды. Озат педагогикалық iс-тәжiрибенiң қалыптасуына, жинақталуына, таратылуына белсене қатысады.
Диагностикалау натижесiнiң негiзiнде эксперименттiк әрекетке және оқу-тәрбие үрдiсiне қазiргi заманға сай түзетулер енгiзедi.
Басқа бiлiм, ғылым мекемелерiмен өзара шығармашылық байланыс орнатады. Мектептегi ғылыми әдiстемелiк жұмыстарға қатысты құжаттардың дұрыс және дер кезiнде толтырылуын қадағалайды.