I.Әдістемелік жұмыстың мақсат-міндеттері мен құрылымы
Әдістемелік жұмыс – оқу-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін игеріп, оны сабақ пен сыныптан тыс шараларда қолдануда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа, тиімді әдіс-формаларын іздеу бағытында мектеп әкімшілігінің мұғалімдер және тәрбиешілермен бірлесіп өткізетін іс-шараларының жиынтығы.
Негізгі мақсаты – озат тәжірибені зерттеу-жинақтау, мектеп әкімшілігі мен ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі пән мұғалімдері мен тәрбиешілерге нақты көмек беру.
Негізгі міндеттері
Оқу жоспарлары мен бағдарламаларды жетілдіру.
Оқу құралдарының мазмұнын дайында мен оны жаңарту.
Сабақтардың барлық түрлерінің өту тиімділігін, әдістемесін жетілдіру.
Жаңа талаптарға сай жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау.
Оқытудың әдіс-формаларын жетілдіру, тиімді жолдарын іздестіру.