Әдістемелік жұмыстар туралы


Әдістемелік жұмыстың мақсаты



бет2/13
Дата13.12.2022
өлшемі0,51 Mb.
#56893
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
дістемелік ж мыстар туралы (1)

Әдістемелік жұмыстың мақсаты: педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Әдістемелік жұмыстың міндеттері:
1.Мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру.
2.Мұғалімдерді педагогиалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту.
Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары: педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, проблемалық шығармашылық топтар, ғылыми-практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, шығармашылық есептер, теориялық семинарлар мен семинар-практикумдар, озат тәжірибе мектебі, жас мамандар мектебі.
Мектеп директорының ғылыми-әдiстемелiк жұмыстар жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі және міндеттері



  • Мектептiң дамуы, бiлiм беру саясаты мен стратегиясын анықтайды, нормативтi-базалық iс-әрекет базасын, жаңа ұйымдастырушылық құрылым, уақытша шығармашылық ұжымдар, эксперименттiк топтар құруға, инновациялық үрдiстердi жүзеге асыруға қатысады.

  • Бiлiм берудегi әлеуметтiк тапсырысты, шағын аудан тұрғындарының қажеттiлiктерiн зерделейдi, мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарының жай-күйiн, оның нәтижелiгiн талдайды.

  • Мектептiң кешендi-мақсатты даму бағдарламасын, ғылыми-әдiстемелiк және эксперименттiк жұмыстардың жоспарын, бiлiм беру мекемесiнiң моделi мен оның құрамдас жүйесiн жасауға қатысады.

  • Тереңдетiп бiлiм беретiн сыныптардың оқу жоспарларын жасайды. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын үйлестiрудi, орындалуын қамтамасыз етедi. Тереңдетiп оқыту, жеделдетiп оқыту топтарына оқушыларды iрiктейтiн комиссия құрамына кiредi.

  • Педагог-қызметкерлердiң ғылыми-зерттеу мен тәжiрибе-сынақ жұмыстарына жетекшiлiк етедi: зерттеу мәселесi және өз бетiмен бiлiм көтеру тақырыптары бойынша кеңестер бередi.

  • Ғылыми - әдiстемелiк кеңес жұмысына жетекшiлiк етедi, педагогтардың шығармашылық пен инновациялық бағытта жұмыс iстеуiне жағдай туғызады. Педагогтардың ғылыми-әдiстемелiк жұмысын ұйымдастырып, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жұмысын ұйымдастырады. Аттестациялық комиссия жұмысына қатысады және жетекшiлiк етедi.

  • Бiрлестiк жетекшiлерi мен кiтапхана қызметкерлерiнiң әрекетiне жетекшiлiк етедi. Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысына бағыт-бағдар және кеңес бередi.

  • Авторлық, байқау оқулықтары мен бағдарламаларын, оқыту технологияларын, оқу-әдістемелiк құралдарды сараптауға қатысады.

  • Талдау-диагностикалау әрекетiн жүзеге асырады; оқу үрдiсi сипатының әлеуметтiк тапсырысқа, мектептiң даму тұжырымдамасы мен бағдарламасына, жоспарланған нәтижеге сәйкестiгiн анықтайды, басқару жүйесiнiң ықпалының деңгейiн, оқу-тәрбие үрдiсiнiң дамуы мен сапасын анықтайды. Озат педагогикалық iс-тәжiрибенiң қалыптасуына, жинақталуына, таратылуына белсене қатысады.

  • Диагностикалау натижесiнiң негiзiнде эксперименттiк әрекетке және оқу-тәрбие үрдiсiне қазiргi заманға сай түзетулер енгiзедi.

  • Басқа бiлiм, ғылым мекемелерiмен өзара шығармашылық байланыс орнатады. Мектептегi ғылыми әдiстемелiк жұмыстарға қатысты құжаттардың дұрыс және дер кезiнде толтырылуын қадағалайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет