Жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматтары етіп тәрбиелеу үшін химия пәні бойынша сыныпта өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруда сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың сапасын жақсартып, рөлін арттыра түсу көзделеді. Оқу жоспарынан тыс, оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастырылатын оқу-тәрбие жұмысын сыныптын тыс ақпараттық жұмыстар деп атайды. Дегенмен , оқушылардың бос уақыттарында білімін дамытуға байланысты жұмыстары әр түрлі мағынадағы терминдермен аталып жүр. Біз баспасөзден «сабақтан тыс» , «мектептен тыс » , «сыныптан тыс» деген термин сөздерді жиі естиміз. Бұл терминдердің кейбір ұқсастық жақтарымен қатар, бірінен - бірінің елеулі айырмашылықтары да бар.
Сабаққа байланысты мұғалімнің тапсырмасы бойынша бүкіл бір сыныптың оқушылары орындайтын сабақтан тыс жұмыстар бар. Бұлар күнделікті сабақпен, зертханалық және сарамандық жұмыстармен байланысып жатады. Осы жұмыстарды орындағаны үшін оқушыларға сынып журналына баға қойылады. Сабақтан тыс жұмыстарға сарамандық сипаттағы үйге беріген есептерді шешіп, жаттығуларды орындау да т.б. жатады.