Инновациялық мектептерге. ІІІ нұсқа1-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқыңыз.
Құлан-жоғалудыңаз-ақалдындатұрғанжануар
Қазақстанның “Қызыл кітабына” жоғалудың аз-ақ алдында тұрған жануар құлан да енген.
Құлан, жалпы айтқанда, жылқы тұқымдас жануар. Құландар жылқы сияқты тебініп қоректенеді, шөп талғамайды. Зерек, батыл әрі сақ келеді. Адамның иісін алыстан сезіп қойып, 1 шақырым жерден қашып кетуі мүмкін. Сонымен қатар ол — өте қызыққұмар жануар. Далада келе жатып өзіне бейтаныс зат көрсе, жақын келіп, зерттеп кетеді.
Бір ғасыр бұрын қазақ даласын құланның 3 түрі мекен еткен көрінеді. Олар: монғол, қазақ және түркімен құланы. Монғол құланы Шығыс Қазақстанды мекендесе, қазақ құланы орталық және оңтүстік аймақтарды, ал түркімен құланы Батыс Қазақстанды жайлаған.
ХХ ғасырдың басында қазақ құланы түгел жойылып кетсе, монғол мен түркімен құланыбіздіңелдіңтерриториясынанауыпкеткен.Оғанәсереткенәртүрліфакторлар бар.Негізгілері:1.Кеңдаладаеркінжайылыпжүргенқұландардыаңшыларесепсіз аулағандықтан саны азайды. 2. Қазақ даласындабірнеше рет болған жұт та құландардың жойылып кетуіне әсер етті. 3.Құландардың жайылымдарынөңдеп, егістік, құрылыстар жүргізужұмыстарыдаөзәсерінберді.
1953 жылы құландардың көбеюін қайта қалпына келтіру мақсатында оны қайтарудың алғашқы жұмыстары басталып, Түркіменстаннан «Барсакелмес» қорығына 14 құлан алып келінген. Қазақ даласына жерсінген құландар саны ақырындап өсе бастаған. Бұл жұмыстар бірнеше кезеңнен тұрды.
Барсакелмеске жеткізілген 14 құлан көбейіп, 200 басқа жеткенен кейін оларды құрлыққа жеткізу жұмыстары басталды. 1982-1983 жылдары құландар Баракелмес аралынан “Алтын-Емел” мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жеткізілді. Кейін құландар Жамбыл облысындағы “Аңдасай” мемлекеттік қорығы мен Маңғыстау өңіріндегі “Ақтау- Бозашы” қорықтарына кіргізілді.“Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлері мен киiктерді сақтаудың және қалпына келтiрудiң 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы” аясында бұл жұмыс қайта жалғасты. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Қазақстанда құландардың төрт тобы қалыптасты. Олар: Барсакелмес, Алтын-Емел, Аңдасай және Ақтау-Бозашы құландары.
Құландар табиғатта жайылу арқылы түрлі өсімдік тұқымдарының басқа жерлерге тарауына көмектеседі, жерді қопсытады. Сонымен қатар топырақ құнарлығының артуына ықпал етеді, экожүйедегі кішігірім өзгерістердің басталуына мүмкіндік береді. Экономикалық жағынан алып қарайтын болсақ, тұрғындарды жұмыспен қамтуды айтуға болады. Сондай-ақ эко-туризмнің дамуына жағдай жасайды.
Сондықтан табиғатты сақтау мақсатында құландардың жойылып кетпеуіне жағдай жасау—әрбір адамзаттыңбастыпарызы.
(319сөз)
Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
Аң – Таныс емес – Тұңғыш – Әкелінген – Борышы – 38
9-сыныпемтихантапсырмаларыҚазақтіліменәдебиеті